• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: ракетка

    Рафаэль Надальдің  ракеткасы 118 206 долларға сатылды

    Испанияның атақты теннисшісі Рафаэль Надальдің «Ролан Гаррос-2007» турнирінде қолданған ракеткасы аукционда 118 206 долларға сатылды. Бұл ракеткамен Надаль 2007 жылы өткен турнирдің жартылай финалында Новак Джоковичке, одан кейін финалда Роджер Федерерге қарсы ойнаған. Әзірше Рафаэль Надальдің 2022 жылы өткен Аустраляиның ашық чемпионатында ойнаған ракеткасы аукционда сатылған ең қымбат ракетка болып отыр. Оның ракеткасы 139 700 АҚШ долларына сатылған. Биллин Джин Кингтің ракеткасы да акционда ...

    Read More »

    US Open: Рыбакина үшінші айналымға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты. Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған, өткен жылы осы жарыстың ширек финалына дейін жеткен австралиялық Айла Томляновичпен кездесуі керек еді. Австралиялық спортшы матчқа қатысудан бас тартты да, Рыбакина ойнамастан үшінші айналымға жолдама алды. Енді Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен кездеседі. Ол ...

    Read More »

    Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өткен WTA 1000 турнирін жеңіп алған соң, Әйелдердің теннис қауымдастығының жариялаған тізімінде ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды. Рыбакина 5090 ұпай жинап, төртінші орындағы франциялық Каролин Гарсияны (5025 ұпай) басып озды. Қазір ол рейтингте үшінші орында тұрған америкалық Джессика Пегуладан небәрі  115 балл ғана қалып отыр. Сонымен бірге Қазақстанның басқа да теннисшілері ...

    Read More »

    Рыбакина әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Рим WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Рыбакина ширек финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойнады. Осыған дейін қарсыластар бір-бірімен үш рет кездесіп, соның екеуінде Рыбакина жеңген еді. Кездесуде бірінші партияда Ига Швентек 6:2 есебімен ұтты. Екінші сетте де Ига 4:2 есебімен алда келе жатты. Бірақ Елена қайыра брейк жасап, таразы ...

    Read More »

    Бүгін Рыбакина әлемнің 1-ракеткасымен ойнайды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің ширек финалында әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекпен ойнайтын болды. Польша өкілі Ига Швентек Римдегі турнирдің 1/8 финалында хорватиялық теннисші Донна Векичпен кездесіп, оны 6:3, 6:4 есебімен екі сетте жеңді. Енді ол бүгін турнирдің ширек финалына шығу үшін Елена Рыбакинамен ойнайды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Теннисші Бублик жеңілісін ракеткасынан көріп, сындырып тастады (ФОТО, ВИДЕО)

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Монполье қаласында өтіп жатқан АТР турнирінде алаң иесі Грегуара Баррердан 4:6, 7:6(14:12), 6:7(3:7) жеңіліп, жанкүйкерлердің көзінше мінез көрсетіп, бір ракеткасын кортта, тағы екеуін алаңның сыртында сындырып тастады. Сөйтіп, Бублик қарсыластарынан қатарынан тоғызыншы рет жеңіліп қалды. Ал Баррермен кездесуде ол тіпті, 14 рет қателік жіберді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА   The TRIPLE 😳😳😳#OSDF23 @OpenSuddeFrance pic.twitter.com/vTsNeFVJcA ...

    Read More »