• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Сауль «Канело» Альварес

    Жасанды интеллект Головкин-Канело жекпе-жегінің жеңімпазын анықтады (ВИДЕО)

    Жасанды интеллекттің Deep Strike құралы Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварестің арасындағы алғашқы жекпе-жектің жеңімпазын анықтады, деп хабарлады Bassport.kz. Бұл жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйек айында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында болған еді. Ол 12 раундқа созылды. Оның қорытындысы бойынша жекпе-жек тең аяқталды. Төрешілер Канелоның пайдасына 118:110, Головкиннің пайдасына 115:113 есеп берді. Сөйтіп, реферилердің шешімімен есеп 114:114 болды. Deep Strike талдауына қарағанда, Головкин ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» жекпе-жекке шақырды (ВИДЕО)

    Орта салмақта WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырды. Ол ES News арнасына берген сұхбатында «Канелоны» бірінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңетінін айтты. -Оның істеп жатқаны біздене қашудың амалы ғой, — деді Жәнібек Әлімханұлы. -Ол қорқа ма? -Иә, әрине, қорқады. Қорыққаннан кейін сондай әңгімелер айтады ғой. -Ертең бокстассаң не болады? -Оны қазір ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» жекпе-жекке дайындалып жатыр

    Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы осы дивизионда IBF титулына ие германиялық Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жекке дайындығын жалғастырып жатыр. Дайындық кезінде ол кезінде Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жектерге дайындалған мексикалық боксшы Ласаро Лоренсанамен төрт раунд спарринг өткізді. Спаррингтен кейін Жәнібек Әлімханұлы Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жеке шығуға дайын екенін айтты. «Канелоның» спарринг қарсыласы мексикалық Лазаромен 4 раунд спарринг. «Канелоға» дайындық бір күнге де ...

    Read More »

    Қазақстанға келуге келіскен Альварес Головкиннің жанкүйерлерінен қорқып отыр

    Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (59-2-2, 39 КО) Қазақстанға келуге келісімін берді. 33 жастағы мексикалық әлем чемпионы қазақстандық жанкүйерлерімен кездесуді жоспарлап отыр. Кәсіпқой боксшыны алаңдататын жалғыз нәрсе – Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) жанкүйерлерінің реакциясы. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. Алматы немесе Астанада өтетін іс-шара аясында «Канеломен» фан-митинг жоспарланған. Мексикалықтың өзі келуге алдын ала келісімін берді. Бірақ ...

    Read More »

    «Оның ақысын жеді»: Трамп Головкин мен «Канелоның» жекпе-жегі туралы (ВИДЕО)

    АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп UFC ұйымының YouTube-тегі арнасына берген сұхбатында боксшылар Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегіндегі төрешілердің әділетсіздігі туралы айтты. Сосын ол қазақстандық былғары қолғап шеберімен қалай танысқанын да айтып берді. Сұхбатта YouTube-тегі арнасының жүргізушісі  Джим Нортонның: «Төрешілердің шешімі әділ болды ма?», деген сұрағына Трамп: «Білесіз бе, оның (Головкин, — ред.) басқа боксшылардан айырмашылығы көрініп тұрды. Мен оның ...

    Read More »

    Канелоның қарсыласы белгілі болды

    30 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында екі салмақ дәрежесінің абсолютті чемпиондарының жекпе-жегі өтеді. Бірінші орта салмақтағы (76,2 кг) әлем чемпионы Джермелл Чарло мен екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Канело Альварес бір-бірімен қолғап түйістіреді. Бірақ әзірше жекпе-жектің қандай салмақ дәрежесінде болатыны белгісіз. Джермелл былтырғы жылғы мамыр айынан бастап қолындағы жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпай, бірден екі санатқа (7 кг) көтерілді. Бұған ...

    Read More »

    Альварес өз елінде 6 чемпиондық белбеуін қорғап қалды

    Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес британдық боксшы Джон Райдерді мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлады Halyq-uni.kz. Жекпе-жек Гвадалахарада (Мексика) өтіп, Альварестің жеңісімен аяқталды. Төрешілер бірауыздан осындай шешім қабылдады. Мексикалық спортшы IBF, WBC, WBA Super, WBO және The Ring титулдарын сақтап қалды. Альварес 32 жаста және 59 жеңіске (39 нокаут) жетті, 2 жеңіліс пен 2 тең ойыны ...

    Read More »

    «Канело» Мессиден кешірім сұрады

    Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес футболдан Аргентина ұлттыұ құрама командасының ойыншысы Лионель Мессиден кешірім сұрады. «Кейінгі бірнеше күн еліме деген сүйіспеншілік мені елітіп кетті. Содан артық айтып қойған екенмін. Месси мен Аргентина халқынан кешірім сұрағым келеді. Күнде бір жаңа дүниені біліп жатамыз. Бұл жолы менің кезегім келіпті, — деп жазды «Канело» Twitter желісінде. Бұған дейін Сауль «Канело» Альварес Мессиді киім ауысыратын ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» кездесетінін айтты

    Орта салмақта Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жылға жоспарын айтты. Ол келесі жылы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен қолғап түйістіргісі келетінін жасырмады. Егер Мунгия келіссе, мен оны нокаутқа түсіремін, иншааллах. 2023 жылы мен «Канеломен» айқасамын. Міне, менің жоспарым. Не болатынын көрейік, — деді Жәнібек Әлімханұлы Twitter-де. Осы аптада Дүниежүзілік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлын «Канелоның ізбасары – Хайме ...

    Read More »

    Алматыда Головкинді қолдауға арналған акция өтеді

    Алматыда 10 қыркүйек күні қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдамстыруымен «Медеу» спорт кешенінде кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жегі алдында отандасымызды қолдауға арналған акция өтеді. «Медеу» спорт кешенінің директоры Николай Гребневтің айтуынша, акция Головкин мен Альварестің трилогиясының алдында, яғни айқасқа бір апта қалғанда өткізіледі. Головкин көп уақыттан бері еліміздің көк байрағын көкке көтеріп, әнұранымызды шырқатып келеді. ...

    Read More »