• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: таеквондо

    Таеквондошылар Испаниядан төрт жүлдемен оралды

    Таеквондодан Испанияда өткен G-1 санатындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының спортшылары жалпы есепте үшінші орын иеленді. Ересектер арасында Әзірет Дүйсенбек (54 кг) пен Нұрлан Мырзабаев (87 кг) алтын медаль жеңіп алды. Абдурахмон Марипов (74 кг) күміс иеленсе, Жавовирхан Исламовтың (58 кг) еншісінде қола жүлде бар. Кадеттер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы бірінші орыннан көрінді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Таеквондошы Абабакиров Олимпиада лицензиясын алды

    Таеквондошы Самирхон Абабакиров (58 кг) Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды. Жартылай финалда ол Филиппин өкілі Курт Бриан Барбосаны айқын басымдықпен жеңді. Ұлттық құраманың спортшысы екі раундта ірі есеппен жеңіске жетті. Есеп – 2:0. Оған дейін Самирхон Абабакиров Нұрхан Самидиновты (Қырғызстан), одан кейін Танакрит Йодракты (Таиланд) жеңген болатын. Бұл — таеквондодан ұлттық құраманың Париж ...

    Read More »

    Танымал таеквондошыға Олимпиада жолдамасын алуға бір қадам қалды

    Таеквондодан Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Батырхан Төлеуғали алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Айқас 2 раундқа созылып, 17 жастағы қазақ спортшысының сенімді жеңісімен аяқталды. Енді ұлттық құрама спортшысы біраздан соң жартылай финалда Сауд Арабиясының таеквондошысы Әли Мабрук әл-Мабрукпен Париж Олимпиадасының лицензиясын сарапқа салады.

    Read More »

    Олимпиада жолдамасына төрт таеквондошы таласады

    15-16 наурыз аралығында Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан Париж Олимпиадасына жолдама тарататын Азия аймақтық іріктеу турнирі болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Құрлық додасында 33 елден келген 96 спортшы қатысады. Турнирге Қазақстаннан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022), Спартакиада жеңімпазы, 17 жастағы Батырхан Төлеуғали (80 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг) қатысады. Самирхон 20 жаста. Ол — ...

    Read More »

    Қазақстан төрешісі Ирандағы турнирде үздік деп танылды

    Таеквондодан Иранда өткен G2 санатындағы President’s Cup Asian Region турнирінде Арайлым Аймурзина үздік деп танылды, деп хабарлады Olympic.kz.  Жарысты ұйымдастырушылар қазақстандық төрешінің еңбегін бағалап, оған үздік төреші атағын берді. Ирандағы турнирде Қазақстан командасы бес медаль жеңіп алды. Құрама қоржынында 1 күміс, 4 қола медаль бар.  

    Read More »

    Түркістанда Азия ойындарына баратын таеквондошылар анықталды (ФОТО)

    Түркістан қаласындағы Олимпиялық орталықта таеквондодан (WT) ересектер арасында Қазақстан кубогы аяқталды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, биыл жаңа пішінде өткен бәсекеде 10 салмақта (ерлер 5, әйелдер 5) чемпион анықталды. Әуелі екі күн бойы әр салмақта чемпион анықтау үшін жарыс болды. Сосын спортшылар тағы бірнеше күн бойы өз салмағын ұстап тұрып, шешуші күні ширек финалистер арасынан топ жарған ...

    Read More »

    Қазақстан таеквондошы Гран-при финалына қатысады

    Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында 8-10 желтоқсан күндері таеквондодан Гран-придің финалы өтеді. Париждегі Олимпия ойындарына маңызды рейтингілік ұпай әкелетін турнирге әлемдегі таеквондоның мықтылары қатысады. Финалда Қазақстан командасынан Жансель Дениз (+67 кг) бен Смайыл Дүйсебай (+80 кг) күш сынасады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Таеквондодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына аттанды

    Мексиканың Гвадалахара қаласында 13-20 қараша аралығында таеквондодан әлем чемпионаты өтеді. Пандемиядан кейін алғаш рет өтетін бәсекеге ерлер мен әйелдер арасындағы 16 салмақта 122 елден 755 спортшы тіркелген. Бұл жолы ел намысын 15 спортшы қорғайды. Ерлер құрамасы – Темірлан Тілеулес (54 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг), Камран Нурадинов (63 кг), Алмат Қожахмет (68 кг), Нұрқанат Қожахмет (74 кг), Рахым Әділханов (80 ...

    Read More »

    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    Бүгін Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының құрылғанына 5 жыл болды. 2012 жылдың қараша айында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен қолға алынған конфедерация құрамына еліміздегі ең жақсы дамыған бес спорт түрі енді. Осы жылы бокс, күрес, дзюдо, таеквондо, ауыр атлетика, қазақ күресі бір шаңырақтың астына бірігіп, конфедерацияның арқасында жаңа даму деңгейіне көтерілді. Бес жылда отандастарымыз спорттың ...

    Read More »

    Алматыда таеквондодан халықаралық турнир абыроймен өтті

    Алматыда таеквондодан халықаралық турнир мәресіне жетті.  Республикалық спорт колледжінің  алаңына төселген үш даянға 1443  спортшы шықты. «Барыс» таеквондо клубының кубогы үшін өтетін халықаралық сайыс ең алғаш рет 2009 жылы ұйымдастырылған еді. Оған 500-ге тарта спортшы қатысса, екінші жылдан бастап  қатысушылардың саны күрт артқан. Ал биылғы додаға 99 команда қатысып, Ресей, Моңғолия, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Әзірбайжан сынды елдердің тегеурінді таеквондошылары ...

    Read More »