• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: төбелес

    Оңтүстік Америкада футбол матчы жаппай төбелеспен аяқталды (ВИДЕО)

    Футболдан Уругвай чемпионатының 8-турында «Дефенсор Спортинг» пен «Ривер Плейт» клубтарының арасындағы матч жаппай төбелеспен аяқталды. Бұл ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңген еді. Алайда матч аяқталысымен футболшылар бір-бірімен сөзге келіп, оның соңы төбелеске ұласқан. Ойыншылар киім ауыстыру бөлмесіне дейін барып бір-біріне қол ала жүгірген. Содан кейін полиция келіп, қос команданың ойыншыларын райынан қайтарған. Алаңдағы төбелес бас төрешінің ойын ережесін бұзған ...

    Read More »

    Қазақстан жанкүйерлері Түркияда елдің көзінше бір-бірімен төбелесті (ВИДЕО)

    Қазақстан жанкүйерлер Түркияның Анталия қаласында футболдан алғаш рет өткен Қазақстан суперкубогының финалы кезінде төбелес шығарды. Оның видеосы желіде жарияланып кетті. Матчта Шымкенттің «Ордабасы» мен Қостанайдың «Тобыл» клубтары кездескен. Осы ойынның кезінде қос клубтың жанкүйерлері отыратын жер бөлінбеген соң, екінші таймның ортасында дау-жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан. Трибунада отырған жанкүйерлердің елдің атына сөз келеді-ау деген сөзді ысырып қойып, командаларының жалған намысы ...

    Read More »

    Қазақстан мен Ресей хоккейшілері төбелесті (ВИДЕО)

    Санкт-Петербург қаласында хоккейден Қазақстан мен Ресей құрамаларының ойыншылары Бейбарыс Оразов пен Андрей Матюшинмен жаға ұстасып,  төбелесіп қалды. Бұл матчта 20 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Ресейдің 18 жасқа дейінгі командасынан үлкен есеппен жеңілді. Ойын аяқталар кезде Оразов Матюшинмен шекісіп, оны соқының астына алды. Жалпы, хоккейде төбелестер жиі болып тұрады. Хоккей тарихындағы ең ірі төбелес 1987 жылы КСРО мен Канада жастар құрамалары ...

    Read More »

    Өзбекстанда IBA өткізген әлем чемпионаты төбелеске ұласты (ВИДЕО)

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өткен әлем чемпионатының соңы төбелеске ұласты. Obozrevatel.com-ның хабарлауынша, әлем чемпионатында кезекті жекпе-жек аяқталысымен жанкүйерлер орындықтардан секіріп, рингке қарай барып, бір-біріне қол ала жүгірген. Тағы бір видеода жергілікті көрермендердің бокс қолғаптарын алып кетіп бара жатқан сәті түсіп қалған. Бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты – Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтетін жарыс. Оның басшысы Ресей азаматы – ...

    Read More »

    ҚХЛ-да Қазақстан құрамасының қорғаушысы төбелесіп қалды

    Хоккейден Гагарин кубогы турнирінің жартылай финалында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, «Авангард» клубының қорғаушысы Виктор Сведберг пен «Ак Барс» командасының капитаны Александр Радулов төбелесіп қалды. Bassport.kz сайтының мәліметіне қарағанда, матчтың екінші кезеңінде Радулов ойын таяғымен Федор Малыхинді белінен ұрған. Оны Виктор Сведберг байқап, командаласын қолдағысы келіп, Радуловпен жаға ұстасып қалған. Содан кейін олар төбелескен. Осы төбелес үшін Радулов та, Сведберг те 2 минуттық ...

    Read More »

    Алматыда футбол жанкүйерлері жаппай төбелесе кетті (ВИДЕО)

    Алматыдағы орталық стадионда футбол матчтарының бірінде жанкүйерлер арасында төбелес болған. Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы Ruh_Ultras парақшасына жарияланды. Бейнежазбадан тәртіп сақшыларын да көруге болады. Жазбаның сипаттамасында төбелестің «Қайрат» пен «Каспий» футбол клубтары арасындағы матч кезінде болғаны хабарланған. Оқиғаға қатысты полицейлер түсінік берді. Алматы қалалық ПД орталық стадионда футбол ойыны кезінде тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарған полицейлердің адам көп жиналатын ...

    Read More »

    Жанкүйерлер алаңға шығып, футболшылармен төбелесті (ВИДЕО)

    Австралия чемпионатының «Мельбурн Сити» мен «Мельбурн Виктория» арасындағы сегізінші тур матчы жанкүйерлердің тәртіпсіздігінен тоқтатылды. Ойынның 22-минутында «Мельбурн Сити» 1:0 есебімен ұтып жатқан болатын. Осы кезде жанкүйерлер алаңға шығып кетіп, алаң қожайындарының қақпашысы Том Гловердің бетінен ұнтақ тола шелекпен ұрған. Осыдан кейін төреші матчты тоқтатып, командаларды алаңнан алып шығып кетті. Видеодан байқағанымыздай, жанкүйерлерді Гловердің алаңға түскен файерді кейін лақтырғаны ашуландырған болуы ...

    Read More »

    ӘЧ-2022: Иран жанкүйерлері АҚШ-тан жеңілген соң бір-бірімен төбелесті

    Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Иран құрамасының жанкүйерлері бір-бірімен төбелесіп қалды. Олар бүгін түнде АҚШ командасынан жеңілген соң, бір-біріне жұдырық ала жүгірген. БАҚ-та, әлеуметтік желіде төбелестің неден шыққаны туралы көп нәрсе айтылып жатқан жоқ. Telegram-дағы «Первый спорт» арнасының хабарлауынша, парсылар бір-бірін жеңіліске кінәлап, төбелескен жоқ. Олар ойыннан кейін өкіметті жақтаушылар мен Ирандағы билігіне қарсылар болып бөлініп, төбелескен. Иран билігін ...

    Read More »