• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: төреші

    Қазақстан төрешісі Ирандағы турнирде үздік деп танылды

    Таеквондодан Иранда өткен G2 санатындағы President’s Cup Asian Region турнирінде Арайлым Аймурзина үздік деп танылды, деп хабарлады Olympic.kz.  Жарысты ұйымдастырушылар қазақстандық төрешінің еңбегін бағалап, оған үздік төреші атағын берді. Ирандағы турнирде Қазақстан командасы бес медаль жеңіп алды. Құрама қоржынында 1 күміс, 4 қола медаль бар.  

    Read More »

    Футболда алаңнан уақытша қуу жазасы пайда болады (ВИДЕО)

    Алдағы кезде кәсіпқой футбол ережесінде футболшыны алаңда уақытша қуу жазасы пайда болады, деп хабарлады The Telegraph. Британиялық басылымның хабарлауынша,  футбол қауымдастықтарының халықаралық кеңесі уақытша шектеуді енгізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл жаңа ереже келесі жылдан бастап енгізілуі мүмкін. IFAB қызыл қағаз көрсетуге жеткіліксіз, бірақ қатардағы ескерту үшін өте ауыр келетін тәртіп бұзушылық үшін футболшыны 10 минут уақытқа шеттейтін болады, — делінген ...

    Read More »

    Меруерт Каукеева теннистен төрешінің күміс белгісін алды

    Меруерт Каукеева мінбедегі төрешінің күміс белгісіне ие болды. Сөйтіп ол әлемдік төрешілер қауымдастығынан мұндай жоғары атақ алған екінші қазақстандық қазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннис федерациясының мәліметіне қарағанда, «Күміс белгі» (Silver Badge) төрешілерге кәсіби қызметіне қарап беріледі. Бұл белгіні алу үшін кемінде 60 матчқа төрелік ету керек. Бұл матчтардың бәрі халықаралық деңгейде өткізілетін ойындар болу керек. Сондай-ақ «Алтын ...

    Read More »

    Ресейде төрешілер қазақ боксшысының аяғынан шалды (ВИДЕО)

    Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен бокс кешінде дау шықты. Оған Қазақстан атынан жартылай орта салмақтағы Сағадат Рахманқұлов қатысып, төрешілердің шешімімен жергілікті боксшы Виталий Петряковтан (97-93, 95-95, 96-94) жеңіліп қалды. Алайда төрешілердің бұл шешімі соңынан дау тудырды. Өйткені, 10 раундқа созылған жекпе-жекте қазақ бкосшысы шаршы алааң иесін айқын басыпдықпен жеңген деген мәлімет бар. Осыған байланысты бокс жанкүйерлері әлеуметтік желіде наразылық білдірді. «Сендерде ...

    Read More »

    Биылдан бастап спорт төрешілерінің бір күндік еңбекақысы 62,5% өсті

    2023 жылдан бастап спорт төрешілерінің еңбекақысы 62,5%-ға ұлғайды. Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, бір күндік еңбекақы мөлшері 8 мың теңгеден 13 мың теңгеге дейін өскен. Сапалы және адал төрешілік мәселесі спортшыларды даярлау мен спорттық инфрақұрылымнан кем емес. Әрине, лайықты еңбекақысыз білікті төрешілер саны өте аз болады. Сондықтан төрешілер мен спорт саласындағы басқа да мамандардың еңбекақысын көтеру жұмыстары жүріп жатыр, — ...

    Read More »

    Төрешіні балағаттаған футболшы өмірбақи спорттан шеттетілді

    Сирия футбол қауымдастығы (SFA) ұлттық құрама команданың бұрынғы капитаны және «Әл-Жаиш» клубының қорғаушысы Ахмед әл-Салихті матч кезінде төрешіні аяғымен теуіп, балағатағаны үшін өмірбақи спорттан шеттетті. Sportbox-тің хабарлауынша, 3 наурызда әл-Салих «Әл-Жаиш» пен «Әл-Ватба» командаларының ойында қызыл қағаз көрсеткені үшін төрешімен ұстасып қалған. Ойыншы төрешіні аяғымен теуіп, бетіне түкіріп, балағаттаған. Осыған байланысты SFA Ахмед әл-Салихті өмірбақи футболдан шеттетті. Футболшы Сирия құрамасы ...

    Read More »

    Теннистен Қазақстан төрешісіне алғаш рет «Күміс белгі» берілді

    Теннистен төреші Юлия Игнатченко халықаралық теннис қауымдастығының шешімімен «Күміс белгі» (Silver Badge) атағын алды. Мұндай құрметке еліміздің төрешілері алғаш рет ие болып отыр. «Күміс белгі» атағы кәсіби қызметін лайықты атқарып келе жатқан төрешіге беріледі. Бұл атақты алу үшін төрешіге кем дегенде 60 халықаралық турнирге қазылық етіп, «Алтын белгісі» бар төрешілер мен супервайзерлердің тиісті бағасын алу керек. Содан кейін ITF, ATP, ...

    Read More »

    Қазақ күресі: төрешілер туралықтан таймайды

    Беларусь елінің бас қаласы Минскіде қазақ күресінен  VII әлем чемпионаты түңлігін түрді. Әлемнің 38  елінен палуандар жиналған дода бес салмақ дәрежесінде өтеді.  Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының  ұйытқы болуымен өтіп жатқан әлем чемпионаты барысында төрешілерге арналған семинар ұйымдастырылды. Аталған федерацияның бас хатшысы Нұрлыбек Ермағамбетов шетелден келген командалардағы төрешілерге әлем чемпионаты кезінде қалай төрелік жасау керектігін түсіндірді. Экраннан арнайы дайындалған бейнежазба арқылы ...

    Read More »