• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Универсиада

    Түркі универсиадасы: Қазақтан 4 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде алды

    Түркістан қаласында өтіп жатқан ІІ Түркі универсиадасында Қазақстан спортшыларының қоржыны 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен толықты. Атап айтқанда, Еркін күрестен еліміздің құрамасынан Дәулет Ергеш, Санжар Мұхтар, Әкежан Айтбек, Дәулет Әмірханов жеңіс тұғырынан көрініп, алтын медаль иегері атанды. Санжар Досжанов күміс жүлдені иеленсе, Қуандық Шалдар мен Ерсұлтан Ерболатұлы қола медальге ие болды. Еске салсақ, 6 қарашада Түркістанда ІІ Түркі ...

    Read More »

    Түркістанда ІІ Түркі универсиадасы басталды

    Бүгін Түркістанда ІІ Түркі универсиадасы басталды. Оның ашылу салтанаты «Керуен сарай» кешеніндегі Show arena ғимаратында болды. Бауырлас елдердің спортшы өрендерінің басын қосқан доданың салтанатты жиынына Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров, Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі, — деп хабарлады Түркістан облысының әкімдігі. Облыс әкімі құттықтау ...

    Read More »

    ХХХІ Универсиада: Қазақстан спортшылары табыспен оралды

    Қытайдың Ченду қаласында ХХХІ жазғы Универсиада өз мәресіне жетті. Дүниежүзілік ойындарға ел намысын спорттың 11 түрінен 93 спортшы студент қорғады. 118 елден келген 7500 спортшы қатысқан дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 7 күміс және 11 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 20-орыннан көрінді. 2019 жылы Италияда өткен Универсиадада отандастарымыз 1 алтын, 5 күміс және 1 қола жүлдемен 25-орын алып еді. Биыл ...

    Read More »

    Қазақстандық гимнаст Универсиадада алтын жүлде жеңіп алды

    Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ жазғы Универсиадада гимнастшы Милад Карими алтын медаль жеңіп алды. Осының алдында ол еркін жаттығу бойынша екінші орын және тіреп секіруден қола жүлде иеленген еді. Милад Карими кермедегі жаттығу финалында 14.800 ұпай жинап, Универсиада чемпионы атанды. Үздік үштікке Қытай және Жапония спортшылары орналасты. Бұған дейін спорттық гимнастикада Нариман Құрбанов гимнастикалық ат үстіндегі жаттығуда 15.266 ұпай жинап, ...

    Read More »

    Универсиада: Әділбек Мусин қола жүлдегер атанды

    Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХ жазғы Дүниежұзілік студенттер ойындарында суға жүзуден Қазақстан құрамасының мүшесі Әділбек Мусин қола жүлдегер атанды. Ол баттерфляй әдісімен 100 метрге 2,03 секундта жүзіп, мәреге болып келді.  Бірінші және екінші орындар польшалық спортшыларға бұйырды. Әділбек Мусиносы қашықтықты іріктеу сатысында 52,34 секундта жүзіп өтіп, финалға шыққан еді. Бұған дейін Әділбек Мусин Жапонияның Фукуока қаласында су спорты түрлерінен ...

    Read More »

    Универсиадада 100 метрге жүгіруден антирекорд тіркелді (ВИДЕО)

    Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Универсиадада антирекорд тіркелді. Олай дейтініміз, 100 метрге жүгіруден әйелдер арасындағы жарыста Сомали елінің спортшы-студенті Насыр Әли Абукар мәреге әрең дегенде ең соңғы болып жетті. Ол жарыс жеңімпазынан 10 секундқа қалып, 100 метрді 21,81 секундта жүгіріп өтті. Fox Sports ақпараты бойынша, мұндай жағдай Универсиада тарихында ешқашан болмаған. Бұл ешкім күтпеген оқиға. 100 метрге жүгірудегі рекордпен салыстыра ...

    Read More »

    Универсиада: Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі жүлдемен толықты

    Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі жүлдемен толықты. Бүгін ерлер арасында ушудан өткен жарыстың жартылай финалында Бексұлтан Қоскенов (60 кг) Ма Йигуден 0:2 есебімен ұтылып, қола жүлдені иеленді. Әйелдер арасында Айгерім Төреханова (60 кг) жартылай финалда түркиялық Берне Туттан жеңіліп қалды. Қазір Қазақстан спортшылары 13 медаль алып отыр. Оның ішінде 1 алтын, ...

    Read More »

    Универсиада: Елжаңа Таниева күміс және қола жүлдегер атанды

     Гимнастшы Елжаңа Таниева Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан құрамасына бір күміс, бір қола жүлде жеңіп алды. Ол доп және таспа жаттығуында күміс жүлдені, шығыршық жаттығуында қола жүлде иеленді. Сөйтіп, доппен ойын көрсету сайысында екінші орынға ие болды. Ал бірінщі және үшінші орынды Венгрия мен Украинаның спортшылары жеңіп алды. Одан басқа Универсиадада садақшы Диана Тұрсынбек финалда оңтүстіккореялық Чой Ми ...

    Read More »

    Сүйінші! Қазақстан Универсиадада  алтын жүлдені жеңіп алды

    Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік студенттер ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Таэквондошы Рита Бакишева 46 кг салмақ дәрежесінде Тайпейдің өкілі Хуан Ин Суанды ұтып, Универсиада чемпионы атанды. Сұңғат Жұбатқан мен Асқар Нарқұлов қола жүлдені жеңіп алды. Әуелі Сұңғат Жұбатқан 66 келі салмақта күресіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. Ол үшінші орын үшін белдесуде өзбекстандық қарсыласын ...

    Read More »

    Қазақстан дзюдошылары Универсиаданың қола жүлдегері атанды

    Осы күндері Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік студенттер ойындарында Қазақстан құрамасының дзюдошылары Сұңғат Жұбатқан мен Асқар Нарқұлов қола жүлдені жеңіп алды. Әуелі Сұңғат Жұбатқан 66 келі салмақта күресіп,  Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. Ол үшінші орын үшін белдесуде өзбекстандық қарсыласын тізе бүктіріп, жеңіске жетті. Одан кейін кілемге 73 кг салмақ дәрежесінде шыққан  Асқар Нарқұлов Қазақстан құрамасына екінші қола ...

    Read More »