• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Фристайл

    Әуеде қалқыған сайыпқырандардың үздіктері анықталды

    Әсем қала Алматының Шымбұлақ тау бөктерінде «Могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша фристайлдан FIS Әлем кубогының финалдық кезеңдері өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған сайысты Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, Спортты дамыту дирекциясы,  «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитеті» БҚ, «Самұрық Қазына» АҚ, «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» Ұжымдық қоры, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Шаңғы Ассоциациясы» БЗТ ...

    Read More »

    Фристайл-могулдан Әлем кубогы: Павел Колмаков — күміс жүлдегер!

    Фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде ұлттық құраманың спортшысы Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды. Колмаков параллель могул бағдарламасында жартылай финалда финляндиялық атлет Сивери Виерелладан басым түсті. Ал финалда танымал спортшы, канадалық Микаэль Кингсбериге жол берді. Бұл параллель могулда Павел Колмаков пен Микаэль Кингсбери арасындағы алғашқы текетірес емес. Былтыр Грузияда өткен әлем чемпионатының жартылай финалында канадалық отандасымыздың жолын кескен. Осыдан ...

    Read More »

    Жанбота Алдабергенова Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдені иеленді

    Ұлттық құрама спортшысы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-акробатика мен могулдан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметі. Жанбота Алдабергенова фристайлдың акробатика түрінде өнер көрсетіп, 77.43 балл жинады. Қазақстан спортшысы тура бір жыл бұрын осында өткен 2022-2023 жылғы маусымдағы Әлем кубогының алғашқы кезеңінде қола жүлде алған. Ол кезде Алдабергеноваға ...

    Read More »

    Қазақстандық фристайлшы Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды

    Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында фристайлдан өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды. Ол фристайл-могулдан финалда 78,72 балл жинап, екінші орынға ие болды. Бұл сында канадалық Микаэль Кингсбери (85,67) жеңімпаз атанса, австралиялық Мэтт Грэмге 78,42 қола жүлдені иеленді. Могул жарысында әйелдер арасында Аяулым Әмренова финалға шыққанымен, жүлдеге іліге алмады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қазақстан акробатшысы әлем чемпионатының финалына шықты

    Грузияның Бакуриани қаласында фристайл акробатикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасындағы іріктеу жарыстары аяқталды. Қазақстан спортшылары арасынан тек Шерзод Хаширбаев финалға шықты. Ол іріктеу сынында 106,79 ұпай алып, сегізінші орынға табан тіреді. Басқа спортшыларымыздан Дінмұхамед Райымқұлов 18-ші (87,57 ұпай), Роман Иванов 22-ші (61,33 ұпай), Ұланбәкір Өмірзақов 24-ші (46,98 ұпай) орынды иеленді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »