• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Шағын футбол

    Шағын футболдан ӘЧ: Қазақстан әуесқойлар құрамасы күміс жүлдегер атанды (ВИДЕО)

    Шағын футболдан Қазақстанның әуесқойлар құрама командасы Біріккен Араб Әмірлігінің Рас-эль-Хайм қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медалист атанды. Еліміз құрамасы финалда Румыния командасынан айласын асыра алмады. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталып, матчтың соңында берілген 11-метрлік пенальтиде ел құрамасы қарсыластарынан 11:12 есебімен жеңілді. Ел құрамасы биылғы әлем чемпионатында А тобында сынға түсіп, Гананы 7:0, Үндістанды 16:0, Біріккен Араб әмірлігін 2:1 ...

    Read More »

    Abay CUP-та «Абай» мектебі топ жарды (ФОТО)

    Астанада 1 маусым – балаларды халықаралық қорғау күні шағын футболдан Abay CUP турнирі өтті. Елордадағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының қолдауымен өткен турнирге 2012-2013 жылы туған балалардан құралған алты команда қатысты. Бұл жолғы турнирдің ерекшілігі, арнайы челенжден басталды. Яғни, бір уақытта Астанадағы бірнеше мектепте дәл осындай турнир бастау алды. Сондай-ақ, қатысушы барлық командаға жүлделер мен медальдар үлестірілді. Жарыс айналмалы жүйеде ...

    Read More »

    Бейсен Құранбек атындағы жарыстың жалауы желбіреді

    Талдықорғанда бұқаралық ақпарат құралдары арасында шағын футболдан белгілі журналист  Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті. Оған Жетісу өңірінен 6 команда қатысты. Бейсен Құранбек журналистикадағы жолын «Спорт» газетінде тілші болып  бастаған.  Футболшы болуды армандаған.  Спортты ерекше бағалады. Саламатты өмір салтын ұстанды. Ұстанып қана қоймай, айкидодан қара белбеу иегері болған. Сондықтан да қазақ журналистикасында өзіндік таңбасын қалдырған тұлғаны еске алуға арналған ...

    Read More »

    Ұлағатты ұстаздың жүз жылдығы ұлықталды

    «Өлі риза болмай, тірі байымайды» – деген бабаларымыз. Артынан ізгілікті із қалдырып кеткен жандарға құран бағыштап, игілікті шаралармен еске алып отырудың үлкен мәні бар. Ең бастысы жастарға өткенді үлге етіп, тәрбие дәнін еге білу. Бүгін біздің  еске алып отырған ардақты азаматымыз – 45 жыл бойы ауыл мектебінде бала оқытып, ұрпақ тәрбиелеуде өлшеусіз үлес қосқан аяулы ұстаз, Казақ КСР Оқу-ағарту ісінің ...

    Read More »

    Алматыда футболдан «Жыл басы жақсылық әкелгей» турнирі өтті

    Бұл турнир жыл сайын ұйымдастырылып, дәстүрге айналып келеді. Белгілі спорт журналисі Ақын Ордабайұлының ұйымдастырумен салауатты өмір салтын ұстануды дәріптейтін турнир биыл да жоғары дәрежеде өтті. Такир  Балықбаев басқаратын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің спорт залында өткен турнирге пайғамбар жасынан асқан қарттар да, мектеп оқушысы да қатысты. Тартысты бәсекеде  «Сұңқар» командасы мен  Алматы қалалық құтқару қызметінің мамандары финалдық бәсекеге шықты.  ...

    Read More »