• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: шорт-трек

    Шорт-трекші Никиша елімізге алғашқы жүлдені жеңіп алды

    Шорт-тректен Нидерланд Корольдігінің Роттердам қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Денис Никиша спорттың осы түрінен алғашқы жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрамныңа көшбасшысы 500 метрге жарыста мәреге екінші келіп, күміс медальді иеленді.  Алтын жүлдені Лин Сяоджун (Қытай) алса, қола медалге Джордан Пьере-Гиллес (Канада) ие болды. Бұл — Қазақстанның шорт-тректен ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы ...

    Read More »

    Шорт-тректен ӘЧ: Алина Әжіғалиеваның күміс жүлдесі тарихи оқиғаға баланып жатыр

    Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ұлттық құраманың спортшысы Алина Әжіғалиева 1500 метр қашықтықтың финалына шығып, мәреге екінші болып келді. Мажарстан спортшысы Майя Дора Сомоди чемпион атанса, қытайлық Ванью Лю қола жүлдегер а атанды. Бұл — еліміздің тарихындағы бұрымды шорт-трек шеберлерінің әлем чемпионатында жеңіп алған тұңғыш жүлдесі. Бұған дейін әлем чемпионатының жүлдегерлерінің қатарында тек Денис Никиша ...

    Read More »

    Денис Никиша Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды

    Бүгін Денис Никиша Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама көшбасшысы 500 метрге жарыстың финалында тек Олимпиаданың үш дүркін жүлдегері Стивен Дюбуаға (Канада) есе жіберді. Үздік үштікті Польша спортшысы Михал Невински түйіндеді. Осымен Гданьск қаласындағы кезең мәресіне жетті.  

    Read More »

    Әділ Ғалиахметов – шорт-тректен Әлем кубогының қола жүлдегері!

    Германияның Дрезден қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогының бесінші кезеңінде Әділ Ғалиахметов 1000 метрге жарыстың финалында бақ сынап, мәреге үшінші болып келді. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, одан басқа тағы бір отандасымыз Денис Никиша жарыста 500 метр қашықтыққа жүгіруден мәреге бірінші болып келгенімен, жүлдесіз қалды. Ол қолымен қарсыласына кедергі келтіргені үшін жазаланып, алтын медальден айрылды. Алтын мен ...

    Read More »

    Шорт-трек құрамасы төрт құрлық чемпионатында алғаш рет жүлде жеңіп алды

    Канаданың Лаваль қаласында шорт-тректен өткен төрт құрлық чемпионатында спорттың осы түрінен ұлттық құрама алғаш рет қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Соңғы күні 3 000 метрге жарыста еліміздің әйелдер құрамасы мәреге үшінші жетіп, қола жүлдегер атанды. Команда сапында Алина Әжіғалиева, Яна Хан, Малика Ермек, Мадина Жанбусинова мен Ольга Тихонова сынға түсті. ...

    Read More »

    Универсиада: шорт-тректен Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды

    Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік Универсиада ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды. Аралас эстафетада (2000м) Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Әлішер Абұлқатимов, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Ажғалиева 2:47.757 минут уақытымен екінші орынға тұрақтады. Алтын медальді Франция құрамасы иеленсе, қола жүлдені Жапония спортшылары еншіледі. Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде бар.   Динара АМАНТАЙ, АСТАНА

    Read More »

    Шорт-трек: Денис Никиша әлем кубогы кезеңінің чемпионы атанды

    Денис Никиша шорт-тректен Алматыда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің чемпионы атанды. Ол өзіне қолайлы қашықтық — 500 метрден топ жарды. Оңтүстіккореялық Яжан Сунву екінші, бельгиялық Стижн Десмет үшінші орынға ие болды. Бұл — Денис Никишаның биылғы әлем кубогы кезеңдеріндегі төртінші медалі. Бұған дейін ол Солт-Лейк-Сити мен Алматыда 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанған еді. Сондай-ақ кеше Алматыда тағы да 500 ...

    Read More »

    Конькиші шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінің қола медалін алды

    Денис Никиша Алматыда өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесін жеңіп алды. «Денис Никиша әлем Кубогының қола жүлдегері! Спортшымыз 500 метр қашықтықта үздік үштікті түйіндеп, ел қоржынына бұл жарыстың алғашқы жүлдесін түсірді. Ертең Денис 500 метр қашықтықта тағы да жүлде үшін таласқа түседі», —  делінген хабарламада.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Әлем кубогында Қазақстан рекорды тіркелді

    Алматыда шорт-тректен Әлем кубогының үшінші кезеңі аяқталды. Соңғы жарыс күні ерлер мен әйелдер жекелей сында 500, 1500 метр мен командалық эстафетаның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады. Денис Никиша 500 метрге жарыста күміс медаль жеңіп алды. Бұл биылғы Әлем кубогының үш кезеңінде қазақстандық шорт-трекшілер қол жеткізген 5-медаль. Абзал Әжіғалиев 3-орын (500 м, В финалы). Санжар Жанысов өз тобында 5-орын (500 м, В ...

    Read More »

    Алматыда Әлем кубогы басталды

    Бүгін Алматыда шорт-тректен Әлем Кубогының кезекті кезеңі басталды. Ол Алматы қаласындағы «Халық Арена» мұз сарайында өтуде. Жарысқа Қазақстан командасының құрамында ерлерден Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шамұханов, Санжар Жаңысов, әйелдерден Ольга Тихонова, Яна Хан, Мадина Жанбусинова, Анастасия Астраханцева, Алина Әжіғалиева мен Алена Волковицкая қатысады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »