• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан ұлттық құрама командасы

    Зайнутдинов пен Айымбетов ұлттық құрама сапына қосылды (ВИДЕО)

    Футболдан Қазақстан құрамасының Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына Түркиядан Бахтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов келіп, команда сапына қосылды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Бахтиер Зайнутдинов Ыстанбұлдың «Бешикташ» клубынан,  ал Абат Айымбетов Адана қаласының «Адана Демирспор» командасынан келді. Кім келгенін қарасаңыздаршы. Баха мен Абат қосылды. Ертең Нұралыны күтеміз, – делінген хабарламада. Қазір Қазақстан құрамасы Дубайда 8 ...

    Read More »

    Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының ойын кестесі жарияланды

    Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасының биылғы маусымындағы ойын кестесі белгілі болды. Алғашқы матч 6 қыркүйек өз алаңымызда болады. Ұлттық құрама Норвегия командасымен ойнайды. 9 қыркүйекте Словения – Қазақстан, 10 қазанда Аустрия – Қазақстан, 13 қазанда Қазақстан – Словения, 14 қарашада Қазақстан – Аустрия матчтары болады. Еліміздің бас командасының топтық кезеңдегі соңғы мачты 17 қарашаға жоспарланған. Осы күні ұлттық құрама сырт ...

    Read More »

    EURO-2024: Қазақстан құрамасының нақты тізімі жарияланды

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионаты аясында 17 қарашада Сан-Марино командасымен және 20 қарашада Словения құрамасымен болатын матчтарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Қорытынды тізімге 27 футболшы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Руслан Валиуллин (екеуі де – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, ...

    Read More »

    EURO-2024: Қазақстанның алдағы матчтарға кеңейтілген құрамы жарияланды

    Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 17 қарашада Сан-Марино және 20 қарашада Словения құрамаларына қарсы өтетін ойындарға шақырылатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Тізімге 40 ойыншы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Астана»), Даниил Устименко («Қайрат»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Роман Асранқұлов, Руслан Валиуллин ...

    Read More »

    Бұл матчта үш ұпай үшін жан алысып, жан берісеміз – Магомед Адиев

    Бүгін Астана уақытымен сағат 22.00-де футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Финляндия командасымен ойнайды. Матч Хельсинки қаласында болады. Кеше ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Финляндияға ойынды ақпараттық жағынан қолдау мақсатында барған БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, матч туралы пікір білдірді. – Магомед Мұсаұлы, еліміздің бас командасының Дания құрамасынан жеңілгеннен кейін функционалдық және эмоционалдық жағдайы ...

    Read More »

    Қазақстанның ең қымбат футболшыларының тізімі шықты

    ГерманияныңTransfermarkt порталы Қазақстанның ең қымбат футболшыларының тізімін жасады. Transfermarkt-тің мәліметі бойынша еліміздің ең қымбат 10 футболшының тізімін Мәскеудің Әскерилердің спорттағы басты клубында (ЦСКА) ойнайтын Бахтиер Зайнутдинов бастап отыр. Сонымен жақсы табыс табатын қазақстандық футболшылар осылар: 1.Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА) – 5 млн еуро; 2.Нұралы Әліп («Зенит») — 1,2 млн еуро; 3. Александр Меркель (клубсыз) — 1 млн еуро; 4. Марат Быстров ...

    Read More »

    «Әлем чемпионаты Қазақстанда болғандай»: Өзбекстанды қазақ жанкүйерлері  тәнті етті (ВИДЕО)

    Бокстан Ташкентте ересектер арасында өткен әлем чемпионатында Өзбекстан халқы Қазақстаннан боксшыларды қолдаған жанкүйерлерге тәнті болды. Нағыз бокс жанкүйерлері Қазақстаннан келді. Ал бізден боксты, негізінен, студенттер мен мемлекеттік қызметкерлер тамашалады. Қазақтар айғайлағанда біздікілер естілмей қалады. Әлем чемпионаты қай елде өтіп жатыр өзі?, — делінген  Instagram-дағы bugun_sport  парақшасы. Ташкентте 1-14 мамыр аралығында бокстан өткен әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы 4 алтын мен ...

    Read More »

     Бокстан Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды

    Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатындағы Қазақстан боксшыларының қарсыластары белгілі болды, деп хабарлады ҚазАқпарат. Дүбірлі додада отандастарымыз 13 салмақта бақ сынайды. Олардың қатарында Сәкен Бибосынов, Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаев сынды белгілі спортшылар бар. 48 келі. Санжар Тәшкенбай — Рабин Тхапа (Непал) / Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан) 51 келі. Сәкен Бибосынов — Луис Дельгадо (Эквадор) / Дипак Бхория (Үндістан) 54 келі ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан құрамасы үздік атанды

    Еуропаның футбол қауымдастығы (УЕФА) Қазақстан ұлттық құрамасын Дания командасын 3:2 есебімен жеңгеннен кейін 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионаты іріктеу турнирі екінші турының үздік құрамасы деп таныды. Ал ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыбергеннің Дания командасының қақпасына салған голын әуелі үздік гол номинациясы қатарына қосты. Одан кейін ол дауыс берудің нәтижесінде екінші турдың үздік голы деп аталды. Сонымен бірге ұлттық құрама Халықаралық ...

    Read More »

    Су добы: Қазақстан құрамасы турнирдің жеңімпазы атанды

    Су добынан Қазақстан құрамасы Сербияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. «Бече қаласында өткен жарысқа Еуропа мен Азия елдерінен 12 команда қатысты. Біздің спортшылар Испания, Германия, Сербия және басқа да мемлекеттерден келген қарсыластарынан басым түсті. Ал ұлттық құрама капитаны Егор Белоусов турнирдің үздік ойыншысы атанды. Жас спортшыларымызды осы жеңісімен құттықтаймын және оларға сәттілік тілеймін. Сондай-ақ, қажырлы еңбектің арқасында осындай жетістікке жеткен ...

    Read More »