• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қамшыбек Қоңқабаев

    Қамшыбек Қоңқабаев үздік 40 боксшының қатарынан шығып қалды

    Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесінің рейтингін жаңартты. Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев үздіктердің тізімінен шығып қалған. Sports.kz-тің хабарлауынша, бірінші ауыр салмақта сынға түсіп жүрген Қамшыбек Қоңқабаев енді үздік 40 боксшының қатарында да жоқ. Өткен айда ол тізімнің 30-сатысында тұрған болатын. Кеңестің мұндай шешімді қабылдауына спортшының кәсіпқой рингте жиі жекпе-жек өткізбеуі себеп болуы мүмкін. ...

    Read More »

    Қамшыбек кеш оянды. Намыс жоқ екен – Тұрсынғали Еділов

    Бүгін Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бес бірдей былғары қолғап шеберіміз жартылай финалға шықты. Ертең –  боксшыларда демалыс күні. Арғы күні, яғни 12 мамырда ұлттық құрамалардан ½ финалға шыққан боксшылар қайта шаршы алаңға көтеріледі. Ал бүгін Қазақстан ұлттық құрамасынан Асыланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (71 кг), Санжар Тәшкенбай  (48 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг) ...

    Read More »

    Бокс: жетінші күнгі көрсеткіші: 3 жеңіс, 1 жеңіліс

    Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жетінші күні Қазақстан боксшыларының үшеуі жеңіске жетіп, біреуі ұтылып қалды. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Бүгін 51 және 75 келіге дейінгі салмақтағылар – 1/16 финалдық, ал 57 келіге дейінгі және 92 келіден ауыр салмақтағылар 1/8 финалдық шайқастарын өткізді. Біздің боксшылардан Ташкент рингіне бірінші рет шығып тұрған Сәкен Бибосынов (51 кг) – үндістандық Дипак Дипакпен, Нұрқанат Райыс (75 ...

    Read More »

    Қамшыбек Қоңқабаев WBA тізімінен түсіп қалды

    Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингті жариялады. Бұл тізімде аса ауыр салмақта Иван Дычко ғана бұрынғы орнында тұр. Ол 15-орынды сақтап отыр. Бұл дивизионды әлем чемпионы украиналық Александр Усик бастап келеді. Рейтингте конголық Мартин Баколе екінші, америкалық Деонтей Уайлдер үшінші орынға жайғасып отыр. Бірінші ауыр салмақта осыған дейін төртінші орында болған Қамшыбек Қоңқабаев рейтингіден шығып қалды. ...

    Read More »

    Странджа кубогы: Бокс федерациясы Қамшыбек Қоңқабаевтың рингке шықпағанын түсіндірді

    Қазақстан бокс федерациясы Қамшыбек Қоңқабаевтың Болгарияның астанасы София қаласында Странджа кубогы үшін өтіп жатқан  халықаралық турнирде өзбекстандық Баходиром Жалоловпен неліктен кездесуге шықпағанын түсіндірді. Бокс федерациясының хабарлауынша, Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға қолындағы жарақатына байланысты шықпады. Жаттықтырушылар штабының айтуынша, ауыр салмақтағы боксшымыздың жаттығу мен жарыс процесіне толық қатысуға уақыты тым аз болды. Алда Ташкентте өтетін әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындары болады. Қамшыбек ...

    Read More »

    Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысымен жекпе-жекке шығудан бас тартты

    Болгарияның астанасы – София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогы үшін халықаралық турнирде боксшы Қамшыбек Қоңқабаев кезекті жекпе-жектен бас тартты. Ол 92 келіден аса салмақта турнирдің ширек финалында өзбекстандық Баходир Джалоловқа қарсы шаршы алаңға шықпады. Боксшының жекпе-жектен неліктен бас тартқаны белгісіз. Осылайша Джалолов бірден жартылай финалға шықты.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »