• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қырғызстан

    Бішкекте күрестен Азия чемпионатының жалауы желбірейді

    11-16 сәуірде Қырғызстанның астанасы – Бішкек қаласында күрес түрлерінен ересектер арасындағы Азия чемпионатына 30 медаль бәске тігіледі. Биыл осымен үшінші рет өтетін жарысқа Олимпиада және әлем, Азия чемпиондары мен жүлдегерлері Рисако Кинжо, Юи Сузаки, Нонаки Озаки (Жапония), Нұрсұлтан Тұрсынов, Азамат Дәулетбеков, Ризабек Айтмұхан, Эльмира Сыздықова (Қазақстан), Жоламан Шаршенбеков, Ақжол Махмудов, Айсулу Тыныбекова (Қырғызстан), Ахмед Тажудинов (Бахрейн) пен басқа да атақты ...

    Read More »

    Ақжол мен Жоламан — қырғыз халқының мақтанышы

    Жақында ер Манастың елінде күрес түрлерінен өтетін Азия чемпионатына қырғыздың бетке ұстар спортшысы Ақжол Махмудов қатысады. Ол осымен төртінші рет Азия чемпионатына қатысатын болады. Қазіргі кезде Ақжол Махмудов — күрестен Азия чемпионатында 3 алтын алған жалғыз палуан. Сөзсіз, енді тарихта қалады. Өз елінде мұндай жетістікке әлі ешкім жеткен жоқ. Жоламан Шаршенбеков, Ратбек Санатбаев, Данияр Кобонов және Жанарбек Кенжеев екі рет ...

    Read More »

    Қырғызстанда президенттің көзінше ұлттық ойын төбелеске ұласты (ВИДЕО)

    Қырғызстанның Ош қаласындағы атшабарда көкбөріден президенттің кубогы үшін өткен жарыс төбелеске ұласты. Финалда Ош облысының «Достық» пен Талас ауданының «Ынтымақ» командалары кездесіп, төрешілердің шешіміне қарсы шықты. Төрешілер жеңісті таластық командаға берген. Бұған Оштың жанкүйерлері ашуланып, көкбөрінің соңы шапқыншылық шайқасына ұласып кетті. Осының бәрі трибунада көкбөріні тамашалауға келген президент Садыр Жапаровтың көзінше болған. Мемлекет басшысы трибунада отырып, басын шайқап, ештеңе істей ...

    Read More »

    Грек-рим күресі: Марлан Мұқашев рейтингтік турнирде топ жарды

    Бүгін Қырғыз Республикасының астанасы — Бішкекте Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаев атындағы күрестен рейтингтік турнир басталды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ұлттық құрама спортшылары доданың алғашқы күні 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Грек-рим күресінен 55 кг дейінгі салмақта VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы Марлан Мұқашев финалда өзбекстандық Ихтиор Ботировты ұтып (4:2), ...

    Read More »

    Қырғыз балуаны Тыныбекова Азия чемпионатына оныншы рет қатысып жатыр

    Астана қаласында 11-12 сәуір күндері ересектер арасында әйелдер күресінен Азия чемпионаты басталады. Бұл жарысқа тәжірибелі балуан Айсулу Тыныбекова (62 кг) да қатысып жүлде алсам дейді. Ол құрлық додасында тоғыз мәрте бақ сынап, бәрінен жүлде алған екен. Сонымен қатар ол екі мәрте әлем чемпионы, жазғы Азия ойындарының чемпионы атаныпты. Енді Айсулуға тек жазғы Олимпиялық ойындарның алтын жүлдесі ғана жетпей тұр. 29 ...

    Read More »

    Қазақ самбошыларынан әлем чемпионатына кімдер барады?

    11 – 13 қараша күндері Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Онда 21 салмақта (ерлер 7, әйелдер 7, ерлер жауынгерлік самбодан 7) чемпион анықталады. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 231 мың АҚШ доллары. Чемпионға 4 мың, күміс жүлдегерге 3 мың, ал қола медальдің иегеріне 20 мың АҚШ долларынан беріледі. Ұлттық құрама сапында ерлер арасында болатын белдесулерге ...

    Read More »

    Түркі елдерінің турнирі ту тікті

    Бүгін «Астана Арена» стадионында футболдан алғаш рет Түркі кеңесінің дипломатиялық өкілдіктері, бақылаушы елдері мен Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың арасында турнир өтті. Іс-шара түркітілдес елдердің ынтымақтастық күніне және түркі мемлекеттері тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Турнирге барлығы 11 команда қатысты. Жарыста  Әзірбайжан, Венгрия, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан елшіліктері мен Халықаралық Түркі академиясы, Азиядағы өзара ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі кеңестің хатшылықтары (АӨСШК) ...

    Read More »

    Алатаудың ар жағынан алтын жүлделер әкеле жатыр

    Қырғызстанның Ош облысында джиу-джитсуден (не-ваза) өткен «Alay open»  халықаралық турнирінде қазақ спортшылары 15 алтын, 5 күміс және 5 қола медальді иеленді. Оған «Sagadat batyr QTT»  спорт клубынан 7 мен 17 жас аралығындағы 23, ал ересектерден 4 спортшы қатысты. Турнирде жасына қарамай, Жібек Құлымбетованың жеңімпаз атанғанын айта кеткен жөн. Жарыста ол қырғыз, өзбек, тәжік спортшыларын тізе бүктіріп, тағы да алтын жүлдені ...

    Read More »