• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: үстел теннисі

    Үстел теннисінен ұлттық құрама Азия чемпионатына дайындалып жатыр

    Алматыда үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасы жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлады Olympic.kz.  Жиынға құраманың бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиева, аға жаттықтырушы Дмитрий Переверзев қатысуда. Оқу-жаттығу жиынының мақсаты — ойын стилін жеке жетілдіру. 2024 жылғы қаңтарда Қазақстан чемпионаты өтеді. Онда ұлттық құраманың құрамы анықталады. Олар алдағы маусымда әлем, Азия чемпионаттарында, олимпиялық іріктеу турнирінде өнер көрсетеді. Қазіргі оқу-жаттығу жиынына еліміздің жетекші спортшылары ...

    Read More »

    Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

    Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Португалияның Вила-Реал қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен WTT Youth Contender турнирдің жеңімпазы атанды. Ол жарыста қарсыластарының бәрін ұтты. Атап айтқанда, испан Франческа Каррераны, колумбиялық Хуан Рамиресті, франциялық Ной Вительді, Пуэрто-Риконың өкілі Энрике Риос пен чехиялық Мартин Сипті жеңді. Сонымен бірге теннисші тағы бір испаниялық Даниэль Берзоса мен румын Драгош Бужорадан айласын асырды.   Дастан ...

    Read More »

    Тұңғыш әлем чемпионы елге қола жүлде де әкеле жатыр

    Тунисте үстел теннисінен жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев алтын жүлдемен қоса қола медаль жеңіп алды. Қазақстан үстел теннисі федерациясының хабарлауынша, Эльмира Әлиева жаттықтыратын 15 жасар спортшы мысырлық Хана Годамен аралас жұпта әлем чемпионы атанса, жекелей сында үздік үштікке ілікті. Жекелей сында 15 жастағы жасөспірімдер арасында франциялық Флавиен Котон топ жарса, жапониялық Ёшияма Казуки екінші орынға ие болды. Алан ...

    Read More »

    Тоқаев тұңғыш әлем чемпионын құттықтады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аралас санатта Тунисте өткен үстел теннисінен әлем чемпионы атанған Алан Құрманғалиевті құттықтады, деп хабарлады Ақорда. Қазақстанда үстел теннисінің жанкүйерлері өзіңді мақтан тұтады. Осы жетістіктеріңмен шектелмей, беделді әлемдік турнирлерінде ең жоғары жүлделерге ие болу үшін спорттағы шеберлігіңді шыңдай түсуіңе тілектеспін. Бұл міндет сенің қолыңнан келеді! Талмай еңбек ет, күрес және жеңістерге жете бер! – деп жазылған мемлекет басшысының ...

    Read More »

    Португалияда Алан Құрманғалиев құрмет тұғырынан көрінді

    Португалияның Вила-Нова-ди-Гая қаласында үстел теннисінен WTT Youth Star Contender Vila Nova de Gaia халықаралық турнирі өтті.  Бұл сында Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы — Эльмира Алиева) алтын медаль жеңіп алды. Ол Натанель Абрамовты (Израиль) 3:0, Натан Артур Пилардты (Франция) 3:0, Вассим Ессидті (Тунис) 3:2, Рарес Куэсдинді (Румыния) 3:2, Адитья Саринді (Австралия) 3:2 жеңді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Алан Құрманғалиев Ливанда жеңімпаз бен жүлдегер болды

    Ливанның Джеззин қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender Jezzine турнирі аяқталды. Осы додада ол жекімпаз бен қола жүлдегер атанды. Турнирде Алан Құрманғалиев Обад әл-Абдулла (Катар), Карим Шалтун (Иордания), Стивен Морено (Пуэрто-Рико), Беньямин Фараджи (Иран), Реми Шамбе-Вейль (Голландия), Амирмахди Кешаварзиді (Иран) ұтты. Одан кейін 15 жасар қарағандылық (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) 19 жас санатында өнер көрсетіп, қола медальді жеңіп алды. 16 жасар алматылық Абдулла ...

    Read More »

    Мария Лукьянова турнирдің жеңімпазы атанды

     Ливанның Джеззин қаласында WTT Youth Contender Jezzine халықаралық үстел теннисі турнир өтіп жатыр. Осы турнирде 11 жасқа дейінгі жас санатында Мария Лукьянова (Қарағанды) алтын медаль жеңіп алды. 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында ширек финалға Дарья Фу (Қарағанды), Айназ Адилгереева (Алматы), Мария Лукьянова (Қарағанды) жетті.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: «Бұл жарыс жастардың қарымын көрсетеді»

    Астанада өтетін Гранд финал турнирі қарсаңында Парламент Сенатының төрағасы, Үстел теннисі федерациясының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне неліктен әлемдік дәрежедегі сайыс ТМД мемлекеттерінің арасында алғаш рет Қазақстанда болатынын айтып берді. — Қасым-Жомарт Кемелұлы, алда үстел теннисінен Астанада өтетін Гранд финал сайысы келе жатыр. Біздің елдің жарысты өткізуде дайындығы қалай?  — Бұл турнирді өткізу — Қазақстанның үстел теннисі федерациясы үшін ...

    Read More »

    ITTF қараша айының рейтингін жариялады

    Қазақстандық үстел теннисшісі Кирилл Герасименко ITTF рейтінгісінде тоқсан жетінші орынға көтерілді. Ол отандастарымыздың  арасынан  тұңғыш рет үздік жүздікке кірген спортшы ретінде тарихта қалмақ. Бақытбек ХАМИТ. Ұлттық Олимпиадалық комитет.

    Read More »