• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Ұлттық ойындар

    Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының кері санақ тақтасы іске қосылады

    Ертең V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 171 күн қалғанда Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында жарысқа қанша күн қалғанын көрсетіп тұратын кері санақ тақтасы ресми түрде іске қосылады. Асық пішінінде жасалған таблоның биіктігі 2 метр. Салтанатты іс-шараға Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қалысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Түркиядан арнайы келген Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл ...

    Read More »

    «Ханталапайды» 350 мыңнан астам бала ойнады

    Еліміздегі білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Ханталапай» атты мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ұлттық ойындардың республикалық байқауы болды. Оған 350 мыңнан астам бала қатысты, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі. Іс-шара ұлттық ойындарға деген қызығушылықты ояту, қазақ халқының мәдени мұрасы мен дәстүрлерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Байқау аудандық, қалалық, облыстық және республикалық кезеңдерден тұрды. Мектеп жасына дейінгі балалар әртүрлі көңілді ойындарға ...

    Read More »

    Арқан тартыс федерациясы жұмысын бастады

    Елімізде жаңадан құрылған Арқан тартыс федерациясы жұмысын бастады. Бұл ойын әлемнің 75 елінде ресми спорт ретінде тіркеліп, жүйелі жұмыс істеп келеді. Халықаралық арқан тартыс федерациясы халықаралық Олимпиада комитетімен танылып, бүгінде тасы өрге домалаған спорт түрі болып отыр. Арқан тартыс федерациясының мәліметіне қарағанда, арқан тартыс Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі бағдарламасына енген. Жақында жаңадан құрылған республикалық федерация президенті болып Еркебұлан Ілиясов тағайындалды. ...

    Read More »

    Биыл спортшылар бес үлкен жарысқа қатысады

    Биылғы жарыстарды IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы бастап береді. Бұл жарыс 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында болады. Қазақстан спортшылары да қатысады, деп хабарлады Турзим және спорт министрлігі. Қазіргі уақытта ел құрамасында 10 дисциплина бойынша спорттың бес түрінен 30 лицензия бар. 42 спортшы жолдама алды. Биылғы жылдың басты жарысы – Париж қаласында алауы тұтанатын жазғы Олимпиялық ойындар ...

    Read More »

    Көкпардан Қазақстан чемпионаты аяқталды (ФОТО)

    Қостанай қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Қостанай облысының әкімдігі ұйымдастыруымен көкпардан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Еліміздің 15 өңірінен келген 2006-2008 жылы туған жасөспірімдер командалары өзара ең мықтыны анықтады. Алты күн бойы Қостанай атшабарын додаға айналдырға дүбірлі жарыста ұлттық ойынның жаңа да жас буыны қалыптасқаны анық көрінді. Чемпионатта ...

    Read More »

    Жүлде қоры – 75 миллион теңге: Шымкентте республикалық этно фестиваль өтеді (КЕСТЕ)

    20 – 22 наурыз аралығында Шымкент қаласында ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау және жаңа ипподромның ашылуы аясында GREAT QAZAQ GAMES республикалық этнофестивалі өтеді. BIG QAZAQ GAMES – көшпенділердің ұлттық коды негізіндегі олимпиаданың аналогы. Бұл туралы halyq-uni.kz хабарлады. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өскелең ұрпаққа насихаттау, бабалар аманатының ғасырдан ғасырға жетуіне ықпал ету, Әділетті Қазақстанның әрбір азаматының өнерін, қабілетін бағалау, ...

    Read More »

    Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі

    Денсаулық – зор байлық. Адам барында бағалай білмейтін екі құндылық бар екен. Оның бірі уақыт болса, екіншісі – денсаулық. «Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың – жаны сау», деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Өкінішке қарай, қоғамда денсаулыққа зиян тигізетін кейбір әлеуметтік ауытқушылықтар, теріс қылықтар кездеседі. Сондықтан да, елімізде әсіресе жастар тәрбиесінде салауатты өмір сүруге дабыл қағып, әр-түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Салауатты ...

    Read More »

    Қауымдастық төрағасы Көшпенділер ойындарына қорытынды жасады

    Бүгін Мәжіліс депутаты, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан 2-8 қыркүйек күндері Қырғызстанда өткен ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты баспасөз мәслихатын өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Жиында ол әуелі түбі бір түркі елдерін табыстырып, түркі әлемінің ортақ спорт мерекесіне айналған Көшпенділер ойындарының мәні мен маңызы туралы айтты. –Көшпенділер ойындарының шын мәнінде бірталай ел көз тіккен, дүмпуі ...

    Read More »

    Астанада Азия чемпионатының жалауы желбіреді

    Астанаға Аударыспақ және Теңге ілуден Азия чемпионатына қатысатын спортшыларымыз бен бапкерлер келді. Біз орайы келгенде, Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Қуанышбек Құрамаевтан  және аға бапкерлер Жанбатыр Бекмұсаевтан, Нүркен Байбөриевтен  жарысқа даярлық барысы және чемпионатқа қатысатын спортшыларымыз туралы пікірлерін айтып берулерін өтінген едік. Назарларыңызға бапкерлерден естіген  сол пікірлерді қаз-қалпында ұсынуды жөн көрдік.  Ұлттық құрама команданың бас бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген ...

    Read More »