• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: ұлттық құрама

    Хоккейден әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қатысады

    7-13 сәуір аралығында Андорраның Канильо қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының II дивизиондағы матчтары болады, хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Қазақстан құрамасы А тобында Испания, Мексика, Қытайдың Тайбэйі, Исландия, Бельгия командасымен бірге сынға түседі. Алғашқы турда ұлттық құрама 7 сәуірде Астана уақытымен 16:00-де Мексикамен ойнайды. Одан кейінгі матчтар кестесі мынадай: 8 сәуір Қазақстан – Қытайдың Тайбэйі ...

    Read More »

    Биатлоннан ӘЧ: Қазақстан үздік ондыққа кірді

    Биатлоннан Чехияның Нове-Место қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер құрамасы эстафета сайысында үздік ондыққа енді. Бұл жарыста ел намысын Александр Мухин, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов пен Никита Акимов қорғады. Жарыс алаңына алғаш болып Александр Мухин шықты. Ол барлық нысанаға дәл тигізіп, жеңімпаздан +0.9 секунд айырмашылықпен эстафетаны үздік үштіктің қатарында Владислав Киреевке тапсырды. Владислав Киреев алғашқы жатып атуда үш рет, ал ...

    Read More »

    Енді легионерлерге шектеу алынып тасталады – ҚФФ президенті (ВИДЕО)

    Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов шетел легионерлеріне қатысты мәлімдеме жасады. Ол биылдан бастап футболда шетел легионерлеріне қойылатын шектеудің алынып тасталатынын айтып, оның тиімді, яғни қазақ футболына пайдалы жағын түсіндіріп берді. Соңғы он бес жылда легионерлердің үлесіне байланысты түрлі эксперимент болды. Алайда ол ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже бермеді. Оны өздеріңіз де көріп, жақсы біліп отырсыздар. Сондықтан біз соңғы екі жылда ...

    Read More »

    Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды (ФОТО, ВИДЕО)

    Бүгін Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерланд командасын 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алды. Матчты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамашалады. Оның жанында WBO және IBF тұжырымы бойынша кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов, футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев пен ұлттық ...

    Read More »

    Магомед Адиев ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметінде қалады — ҚФФ

    Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы Магомед Адиевтің қызметінде қалатынын айтты, деп хабарлады Bassport.kz. Магомед Адиев ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы болып қалады. Қазір біз футболды дамыту үшін үлкен жоспар құрып, жүйелі жұмыс істеп жатырмыз. Стратегиямыз бар. Жоба көп, — деді ол. Сонымен бірге Адиев Қазақстан премьер-лигасындағы бір клубтың жаттықтырушысы қызметін қоса атқаруы мүмкін. Магомед Адиев ...

    Read More »

    Біздің боксшылар өзбектерге қарағанда ақсаусақ — Мырзағали Айтжанов

    Бокстан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов қазақ жігіттерінің өзбек боксшыларынан осал екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол «Спорт министрі» YouTube арнасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлады halyq-uni.kz. Жаттығу барысынан бізден асып тұрған ешкім жоқ. Барлық жерде ауызбіршілік бар. Өзбектердің бізден артықшылығы – жігіттері тәртіпті, спортшылары еңбекқор. Үйіне келіп, үй шаруасын істеп, малға қарап, жер аударып жүрген жігіттер. Біз осы жағынан ...

    Read More »

    Ұлттық құраманың ойыншылары үндеу жолдады (ВИДЕО)

    20 қарашадан 21 қарашаға қараған түні Любляна қаласында Астана уақытымен сағат 01.45-те 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионаты турнирінің аясында Словения мен Қазақстан ұлттық құрама командаларының матчы басталады. Бұл ойында Еурододаға жолдама беріледі.  Қазір ұлттық құрама Н тобының соңғы тур алдындағы турнир кестесінде 18 ұпаймен үшінші орынға жайғасса, Словения құрамасы 19 ұпаймен екінші орында тұр. Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін ...

    Read More »

    Шорт-трек құрамасы төрт құрлық чемпионатында алғаш рет жүлде жеңіп алды

    Канаданың Лаваль қаласында шорт-тректен өткен төрт құрлық чемпионатында спорттың осы түрінен ұлттық құрама алғаш рет қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Соңғы күні 3 000 метрге жарыста еліміздің әйелдер құрамасы мәреге үшінші жетіп, қола жүлдегер атанды. Команда сапында Алина Әжіғалиева, Яна Хан, Малика Ермек, Мадина Жанбусинова мен Ольга Тихонова сынға түсті. ...

    Read More »

    Шахматтан ӘЧ: Қазақстан күміс жүлдегер атанды

    Шахматтан Польшаның Быдгощ қаласында  өткен командалық әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы күміс жүлдегер атанды. Финалда қыздар құрамасы Грузия командасынан екі матчта да  1,5-2,5, 0,5-3,5 есебімен жеңіліп қалды. Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова мен Әмина Қайырбековалар өнер көрсетті. Қола жүлдені Франция құрамасы жеңіп алды. Француздар  үшінші орын үшін ойында АҚШ шахматшыларын ұтты. Еске ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: Өзбекстан бокс құрамасын жариялады

    Бокстан Өзбекстан ұлттық құрама командасы 23 қыркүйек мен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың есімін жариялады. Бұл турнир Париж Олимпиадасына жолдама береді. Сонымен бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасы Азия ойындарына мына құрамда қатысады: Ерлер: -51 кг: Хасанбой Дусматов -57 кг: Абдумалик Халоков -63,5 кг: Руслан Абдуллаев -71 кг: Асадхужа Муйдинхужаев -80 кг: Турабек Хабибуллаев -92 ...

    Read More »