• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: ұлттық құрама команда

    Футболдан Қазақстан құрамасы алдағы матчтарға тізімін жариялады

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 16 маусымда Сан-Марино командасымен және 19 маусымда Солтүстік Ирландия құрамасымен өтетін матчтарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады. Жалпы тізімге 34 футболшы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен, Бекхан Шайзада (екеуі де – «Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Марочкин, Бағдат ...

    Read More »

    Бокстан ұлттық құрама соңғы дайындықты бастады (ВИДЕО)

    Шымкент қаласындағы «Алма-Тау» базасында бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының оқу-жаттығу жиынының соңғы кезеңі басталды. Бұған дейін хабарланғандай, ұлттық құрама Өзбекстанның астанасы -Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындықтың алғашқы оқу-жаттығу жиыны аяқталған болатын. Енді боксшылар 29 сәуірге дейін «Алма-Тау» базасында әлем чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңін өткізеді. Одан кейін 30 сәуірде Ташкентке жол жүреді. Осы күні әлемдік доданың жеребе тарту рәсімі басталады. ...

    Read More »

    Бензема Франция құрамасына қатысты мәлімдеме жасады

    Карим Бензема Францияның ұлттық құрама командасындағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter желісінде жазды. Осы кезге дейін ұлттық құраманың сапында біраз тер төктім. Қателіктер жасадым. Осы күнге дейін ойнап, жетістікке жеткенімді мақтан тұтамын. Мен ұлттық құрамада қолтаңбамды қалдырдым. Осымен біздің жолымыз тәмам, – деп жазды Бензема. Биыл Карим Бензема әлемнің үздік ойыншысына берілетін «Алтып доптың» иегері атанды. Ол Испанияның «Реал» ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы қатарынан үш рет жеңілді

    Әбу-Даби қаласында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінің командасымен кездесті. Кездесуде алаң иелері отандастарымызды 2:1 есебімен жеңіп кетті. Матчтың 13-минутында Фабио Лима гол салып, алаң иелерін алға шығарды. Екінші таймда Абат Айымбетов таразы басын теңестірді. 62-минутта Айымбетов Тимур Досмағамбетовтың пасын пайдаланып, допты торға тоғытты. 71-минутта Лима дубльдің авторы атанды. Одан кейін Қазақстан құрамасы алаңда Біріккен Араб  ойнышымен қалды. Матчтың ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы Шотландия командасынан айласын асырды

    Бүгін Астанада футболдан 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысып жатқан Қазақстан мен Шотландияның ұлттық құрама командалары кездесті.  Бұл матчта еліміздің бас командасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесу отандастарымыз үшін өте жақсы басталды. Матчтың 10-минутында-ақ Юрий Перцух пен Ян Вороговский бір-бірден гол соғып, шотландиялықтарды есеңгіретіп жіберді. Ойынның осылай басталатынын күтпеген қонақтар шабуыл жасай алмай, бірінші таймның соңына дейін қорғаныста ...

    Read More »