«World Boxing» халықаралық федерациясының ұсынысы бойынша «Жылдың үздік боксшысы» атағына арналған дауыс беру аяқталды. Бұл аталымда ерлер арасында Махмұд Сабырхан үздік деп танылды. Ол ең көп дауыс жинады. Әйелдер арасында Наталья Богданова жыл үздігі атанды. Сонымен бірге Астанада өткен Әлем кубогының ширек финалындағы Махмұд Сабырхан мен филиппиндік Аарон Джудтың жекпе-жегі жылдың ең үздік айқасы болды. Дауыс Instagram әлеуметтік желісінде берілді. ...
Read More »Tag Archives: бокс
Қанат Исламның жекпе-жегі тағы кейінге қалды
Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыда болатын жекпе-жегінің кейінге шегерілгенін айтты. Оның айтуынша, 27 желтоқсанға жоспарланған бокс кешіне қатыса алмайды. – Құрметті жанкүйерлерім, мен 27-желтоқсанда Алматыда болатын бокс кешіне қатыспаймын. Бұған бірнеше себеп болып тұр. Соның бірі қарсыластарға байланысты мәселе туындады. Егер бәрі ойдағыдай болса, жекпе-жек шамамен бір жарым айға кейінге қалады. Нақты күні белгілі болғанда міндетті түрде хабарлаймыз, – деді ...
Read More »Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
Бокстан WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг-сынамасына қатысты өз ой-пікірін білдірді. -Өздеріңіз білесіздер, мен әрқашан таза спортты қолдап келемін. Бұл жаңалыққа таңғалып отырмын. WADA алғашқы тестті алып, бәрі таза екенін айтты. Мен ешқандай қоспаларымды өзгерткен жоқпын. Екінші тестте не болғанын түсінбеймін, сондықтан қайта тексеруді талап еттім, — деді ол. Бұған дейін BoxingScene басылымы ерікті ...
Read More »Геннадий Головкин World Boxing президенті болып сайланды
Геннадий Головкин Италияның Рим қаласында өткен конгресте Халықаралық World Boxing федерациясының президенті болып сайланды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиялық комитет хабарлады. Ол халықаралық спорт федерациясын басқарып отырған алғашқы Қазақстан азаматы ретінде тарихқа енді. Өкілеттік мерзімі — үш жыл. -Мен боксқа қатысты жолдың барлық кезеңінен өттім. Спортшы болып, Олимпиялық ойындарда ел намысын қорғадым. Кейін әлем чемпионы атандым. Енді міне, спорт саласында көшбасшы ...
Read More »Қанат Ислам шаршы алаңға қайтып шығады
Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, Қытайдың екі дүркін чемпионы Қанат Ислам (29-1-0,22КО) ұзақ уақыттан кейін шаршы алаңға қайтып шығатынын айтты. Ол Ali Akhmedov Promotions промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен болатын кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жекке шығады. Әзірше оның қарсыласы кім екені белгісіз. Еске сала кетсек, бұған дейін Қанат Ислам 29 жекпе-жекке шығып, 28 рет жеңіп, біреуінде ғана жеңілген. Қанат Ислам соңғы рет 2022 жылы ...
Read More »Боксшылар шаршы алаңның шаңын қақты
Семейде бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Чемпионаттың қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады. Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектің қорытындысы: 50 келі: Бекзат Алдамжаров (Ақтөбе облысы) — Даниял Сабит (Батыс Қазақстан облысы) — 0:5. 55 келі: Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) — Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) —0:5. 60 келі: Бибарыс Жексен (Жамбыл облысы) — Серік Теміржанов ...
Read More »Түркістан облысының әкімі де спортшыларға автокөлік табыс етті
Түркістан облысының спортшылары биылғы жылдың 9 айында Қазақстан чемпионаттарында – 1060 медаль, Азия чемпионаттарында – 109 жүлде, әлем чемпионаттарында 79 медаль жеңіп алды. Бүгін солардың бірқатарын Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы марапаттап, құрмет көрсетті. Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен кездесуде жуырда еркін күрестен және армрестлингтен әлем чемпионатында ел сенімін ақтаған спортшылар марапатталды. – Сіздерді еркін күрес пен армрестлингтен ...
Read More »Қала әкімі бокстан әлем чемпионына 40 млн теңге берді
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды бокстан және күрес түрлерінен әлем чемпионаттарына қатысып, құрмет тұғырының биік сатысынан көрінген спортшыларды марапаттады. Ол әуелі ұлттық құраманың өкілдерін құттықтап, алғыс хат пен қаржылай сертификаттар табыс етті. Содан кейін Алматының әкімі бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбековаға 40 млн теңге, күміс жүлдегер Назым Қызайбайға 30 млн теңге, қола медалистер Елдана Талипова мен Виктория Графееваның әрқайсына 20 ...
Read More »Мемлекет басшысы бокстан ұлттық құрама команданы марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерін әлем чемпионатындағы тамаша жеңісімен құттықтап, бұл еліміз үшін тарихи оқиға, халқымыз үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті, деп хабарлады Ақорда. – Қазақстан 68 мемлекеттің арасынан үздік шығып, бірінші орынға ие болды. Әлемдік бәсекеде Әнұранымыз жеті рет шырқалды, Көк туымыз жеті рет желбіреді. Барша жұртымыз сіздерге тілеулес болды. Әрине, кілең мықтылар жиналған жаһандық аламанда ...
Read More »Тұңғыш рет қазақ боксшысы аса ауыр салмақта әлем чемпионы атанды
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында тұңғыш рет қазақ былғары қолғап шеберлерінің арасында алтын медальді жеңіп алды. Былғары қолғап шебері 90 келіден аса салмақта Өзбекстанның өкілі Жахонгир Зокировпен қолғап түйістірді. Бірінші және екінші раундта өзбек боксшысы басым түсті. Дегенмен Айбек Оралбай соңғы үшінші раундта қайсарлық танытып, жеңісті суырып алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары