Қазақстан футбол федерациясы отандық төреші Татьяна Сорокопудова әйелдер арасындағы УЕФА төрешілерінің бірінші санатына көтерілгенін хабарлады. -Бұл шешім Татьяна Сорокопудованың кәсіби деңгейінің өскенін көрсетеді және оның көп жылдық еңбегі, жүйелі дамуы мен ұлттық әрі халықаралық деңгейдегі тұрақты жұмысының нәтижесі саналады. УЕФА-ның бірінші санатына көтерілуі – оның жеке жетістіктерінің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы төрешілік жүйенің біртіндеп дамып келе жатқанын және ...
Read More »Футбол
Мбаппе мен ПСЖ-ның соты: 60 млн еуродан астам өтемақы төленеді
Францияның ПСЖ клубының бұрынғы шабуылшысы Килиан Мбаппе Париж қаласының командасын сотқа беріп, жеңіп шықты. Сот үкімі бойынша, ПСЖ футболшыға жалақының өтемі ретінде 61 миллион еуро төлеуі тиіс. The Guardian деректеріне қарағанда, осыдан бір ай бұрын Мбаппе ПСЖ-дан 263 миллион еуро өтемақы талап еткен еді. Бұл сомаға ойыншының келісімшарт аяқталғаннан кейін төленбеген жалақысы мен сыйақысы, сондай-ақ командадағы қарым-қатынасына байланысты өтемақы кіреді. ПСЖ ...
Read More »«Қайрат» әлемдегі үздік футбол клубтарының қатарына енді
Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) әлемдегі ең үздік 500 футбол клубының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлады ҚазАқпарат. Тізімге елімізден тек Алматының «Қайрат» футбол клубы кірген. Клуб 90,75 ұпаймен 240-орынды иеленді. -Рейтингтің көшін Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы бастады. Екінші орында — Мадридтің «Реал», ал үшінші орынға — Лондонның «Челси» командасы орналасты. -Бұған дейін «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековтің беделді рейтингте ...
Read More »… Жеребе тасталды — сәуегейлік басталды!
…Ұзақ-сонар былшылдан кейін командаларды 12 топқа бөлу басталды. Алғашқы үш команда — чемпионат өткізетін елдер — өз басшыларының «жеңіл» қолының құдіретімен алдын ала дайындап қойған топтарға топ ете қалды. Өзге командалардың қалай жіліктеліп-мүшеленгенін футболға құмар көзі қарақты оқырмандар көрді де, біледі де, телефонына көшіріп алды да, жаттап үлгерді де… Сондықтан ол топтарды бұл жерге топырлатып жазбауға да болар еді,бірақ ол ...
Read More »… Жеребе тасталды — сәуегейлік басталды!
Кеше түн жарымы ауғанша Американың Вашингтонында болған 2026 жылы АҚШ, Мексика және Канада мемлекеттерінде өтетін кезекті доп додасының, яғни, әлем чемпионатының, жеребе тарту рәсімін тамашаладым. Өзім ғұмырымда бес рет куә болған әлемдік доп додалары (Испания-82, Мексика-86, Италия-90, Франция-98, Бразилия-2014) көз алдымда, бұл жаңа ғасырда да төрт жылда бір айналып соғар футбол тойына тура бір өзім баратындай-ақ аузым аңқайып, тележәшікке кіріп ...
Read More »Футболдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды
Бүгін АҚШ-тың астанасы Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Онда мундиальға қатысатын ұлттық құрама командалар төрт қоржынға бөлінді. Қазір чемпионатта ойнайтын 42 команда белгілі болып отыр. Ал қалған құрамалар келесі жылы көктемде плей-офф ойындарында анықталады. А тобы: Мексика, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, еуропалық С жолы плей-оффы (Дания/Солтүстік Македония/Чехия/Ирландия) B тобы: Канада, еуропалық А жолы плей-оффы (Италия/Солтүстік Ирландия/Уэльс/Босния ...
Read More »«Ертіс» өз ойыншыларына қарызға байланысты мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желіде Павлодар қаласының «Ертіс» клубының футболшылар мен қызметкерлеріне бірнеше айдан бері жалақы төлей алмай жатқаны туралы ақпарат шықты. Eldar_amanvibe telegram арнасында жарияланған жазбаға қарағанда, Қазақстан премьер-лигасына жолдама алған «Ертіс» командасы өз ойыншылары мен қызметкерлеріне миллиондаған теңге қарыз. Клуб бес айдан бері сыйақы да төлей алмай келеді. Қолда бар дерекке қарағанда, клубтың биылғы Бірінші лигадағы бюджеті 1 млрд 332 млн ...
Read More »Дастан Сәтпаев әлемдік ТОП-5 тізіміне қосылды
Score 90 футболшы Дастан Сәтпаевті өз рейтингіне қосты. Әуелі Score 90 деген не екенін айта кетсек. Ол футболға арналған әлемдегі ең ірі платформалардың бірі. Басылым үздік жас футболшылардың тізімін жасап, оларды жас ерекшеліктеріне қарай бөлді. Рейтингте 2005-2008 жылдары туған үздік футболшылар кірді. 2008 жылғы, яғни 17 жастағы футболшылар арасында ТОП-5 тізімі: Леннарт Карль (Германия, «Бавария»); Ибраим Мбайе (Сенегал, «ПСЖ»); Нгумоа Рио ...
Read More »«Қайрат» пен «Олимпиакос» ойынына билеттер сатылымға шықты
Бұған дейін Алматының «Қайрат» футбол клубының Чемпиондар лигасы аясындағы кезекті матчын Грекияның «Олимпиакос» командасымен Астанадағы «Астана Арена» стадионында ойнайтынын хабарлаған едік. Енді қолда бар мәліметке қарасақ, жақында «Қайраттың» Астанадағы алғашқы ойынына билеттер сатылымға шықты. Алматы клубының хабарлауынша, билеттің бағасы — 15 000 — 50 000 теңге аралығында. Матч 9 желтоқсан күні 20:30–да «Астана Арена» стадионында болады. — Бір ЖСН-ға екі билеттен ...
Read More »UEFA Чемпиондар лигасы: Дастан Сәтпаев тағы да өзіне назар аудартты
Бүгін «Қайрат» Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің бесінші турында Данияның «Копенгаген» клубымен ойнап, одан 2:3 есебімен жеңілді. Ол 81-минутта «Копенгаген» командасы қақпасынан саңылау тапты. Сөйтіп, Сәтпаев 17 жасында UEFA Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар үштігіне кірді. Сонымен бірге Дастан Сәтпаев UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі алғашқы голын соқты. Бүгін ол 17 жас 105 күн толып отыр. Ал тізімнің көш басында ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары