• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    Тактикалық қателік немесе Мессидің көз жасы

    Әлем футбол жанкүйерлері төрт жыл бойы күтіп тамашалаған әлем чемпионаты да өз мәресіне жетіп, жеңімпаз команданың да есімі белгілі болды. Футбол десе ішкен асын жерге қоятын ала доптың жанкүйерлері бір айда астам уақыт бойы АҚШ, Канада және Мексикада 48 мемлекеттің қатысуымен өткен аламан доп додасын үзбей көріп, қызығына қанық болды. Иә, 2026 жылғы әлем чемпионы Испания құрамасы атанды. Аргентина күміс жүлдені місе ...

    Read More »

    Футболдан әлем чемпионатының финалын алты рет тамашалаған қазақ журналисі

    Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 75 жастағы отандық спорт журналисі, белгілі қаламгер Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты Несіп Жүнісбайұлы футболдан жақында АҚШ, Канада және Мексикада болған  әлем чемпионатына арнайы барып, стадионнан төрт жылда бір келетін дүрмекті доданың финалын тамашалады. Ол осымен журналист ретінде  алтыншы рет әлем чемпионатын стадионнан қарап қайтты. Қаламгер Elordainfo.kz сайтына сұхбатында FIFA аккредитациясын алу жолын айтып, Атлант мұхитының ар жағында ...

    Read More »

    … М Е С С И жауған К Ү Н!!!

    …. Аргентина — Англия ойынының алдында Атлантаның көшелері аргентиналық жанкүйерлерге… Жо-жоқ, таза МЕССИГЕ толды да кетті!!! Анда қарасаң да МЕССИ, мында қарасаң да МЕССИ, көзіңді ашсаң да МЕССИ, көзіңді жұмсаң да Месси! Олардың Priory көшесімен жасаған шеруін көруге көз керек! Бір сөзбен, ойын басталмай тұрып, Аргентина жанкүйерлері МЕССИ деген нөсерді төгіп-төгіп жіберді! Әлі төгіп жатыр… Бұл нөсер бүгінгі ойын басталғанда ...

    Read More »

    Жұмыры бардың ғұмыры бар

    “Адам денесінің жетілуі — оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болса, онда денді сауықтыру керек”, -деп денсаулықтың қадірі туралы ұлы шығыстың ойшылы Әл-Фараби асқан білгірлікпен айтқан екен. Спорт оптимистік өмірмен, сергектік мәдениетін қалыптастыратын болса, осы бір қамшының сабындай қысқа уақытта, дене қимылын арттырып, қозғалысты күшейткенде ғана өмірге деген сүйспеншілік арта түседі деп ойлаймыз. Әрине, үлкен ...

    Read More »

    Өмірлеріне серпін берген жарыс

    Әз-Наурыз мейрамына орай еліміздің әр өңірінде спорттық ойындар  болып өтті. Сондай берекелі, мерекелі  күннің аясында өткен іс-шараның бірі Алматы облысы Іле ауданының Өтеген кентінде ұйымдастырылды.   Негізі  Өтеген кентінде ардагерлері спорты өте жақсы дамып келеді. Осы өңірдегі спортқа жанашыр майталмандардың атсалысумен спорттың әр түрінен ардагерлер арасында байрақты жарыстар өткізіліп келеді. Шағын футболдан Наурыз мейрамына қатысты ұйымдастырылған ардагерлер жарысында «сырлы аяқтың ...

    Read More »

    UEFA Чемпиондар лигасы: «Қайрат» қомақты пайда тапты

    2025/26 жылғы маусымда UEFA Чемпиондар лигасын негізгі кезеңінде өз тарихында алғаш рет ойнаған Алматының «Қайрат» клубының қанша пайда тапқаны белгілі болды. «Қайрат» сегіз матчта бір ұпай алды. Алматының клубы Португалияның «Спортинг» командасынан 1:4, Испанияның «Реал Мадридінен» 0:5, Италияның «Интерінен» 1:2, Грекияның «Олимпиакосынан» 0:1, Данияның «Копенгагенінен» 2:3, Бельгияның «Брюггесінен» 1:4, Англияның «Арсеналынан» 2:3 есебімен жеңіліп, Кипрдің «Пафосымен»  ғана 0:0 есебімен ойнады. ...

    Read More »

    Талғат Байсуфинов – Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы

    Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне Талғат Байсуфиновтің тағайындалғанын хабарлады. Талғат Байсуфинов 2025 жылдың қазанында ұлттық құрама тізгінін үшінші рет ұстады. Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірнеше матч ойнады Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) мен Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түсті. Бұған дейін Талғат Байсуфинов 2016-2017 және ...

    Read More »

    Төреші Татьяна Сорокопудова УЕФА-ның бірінші санатын алды

    Қазақстан футбол федерациясы отандық төреші Татьяна Сорокопудова әйелдер арасындағы УЕФА төрешілерінің бірінші санатына көтерілгенін хабарлады. -Бұл шешім Татьяна Сорокопудованың кәсіби деңгейінің өскенін көрсетеді және оның көп жылдық еңбегі, жүйелі дамуы мен ұлттық әрі халықаралық деңгейдегі тұрақты жұмысының нәтижесі саналады. УЕФА-ның бірінші санатына көтерілуі – оның жеке жетістіктерінің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы төрешілік жүйенің біртіндеп дамып келе жатқанын және ...

    Read More »

    Мбаппе мен ПСЖ-ның соты: 60 млн еуродан астам өтемақы төленеді

    Францияның ПСЖ клубының бұрынғы шабуылшысы Килиан Мбаппе Париж қаласының командасын сотқа беріп, жеңіп шықты. Сот үкімі бойынша, ПСЖ футболшыға жалақының өтемі ретінде 61 миллион еуро төлеуі тиіс. The Guardian деректеріне қарағанда, осыдан бір ай бұрын Мбаппе ПСЖ-дан 263 миллион еуро өтемақы талап еткен еді. Бұл сомаға ойыншының келісімшарт аяқталғаннан кейін төленбеген жалақысы мен сыйақысы, сондай-ақ командадағы қарым-қатынасына байланысты өтемақы кіреді. ПСЖ ...

    Read More »

    «Қайрат» әлемдегі үздік футбол клубтарының қатарына енді

    Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) әлемдегі ең үздік 500 футбол клубының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлады ҚазАқпарат. Тізімге елімізден тек Алматының «Қайрат» футбол клубы кірген. Клуб 90,75 ұпаймен 240-орынды иеленді. -Рейтингтің көшін Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы бастады. Екінші орында — Мадридтің «Реал», ал үшінші орынға — Лондонның «Челси» командасы орналасты. -Бұған дейін «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековтің беделді рейтингте ...

    Read More »