• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    … Жеребе тасталды — сәуегейлік басталды!

    …Ұзақ-сонар былшылдан кейін командаларды 12 топқа бөлу басталды. Алғашқы үш команда — чемпионат өткізетін елдер — өз басшыларының «жеңіл» қолының құдіретімен алдын ала дайындап қойған топтарға топ ете қалды. Өзге командалардың қалай жіліктеліп-мүшеленгенін футболға құмар көзі қарақты оқырмандар көрді де, біледі де, телефонына көшіріп алды да, жаттап үлгерді де… Сондықтан ол топтарды бұл жерге топырлатып жазбауға да болар еді,бірақ ол ...

    Read More »

    … Жеребе тасталды — сәуегейлік басталды!

    Кеше түн жарымы ауғанша Американың Вашингтонында болған 2026 жылы АҚШ, Мексика және Канада мемлекеттерінде өтетін кезекті доп додасының, яғни, әлем чемпионатының, жеребе тарту рәсімін тамашаладым. Өзім ғұмырымда бес рет куә болған әлемдік доп додалары (Испания-82, Мексика-86, Италия-90, Франция-98, Бразилия-2014) көз алдымда, бұл жаңа ғасырда да төрт жылда бір айналып соғар футбол тойына тура бір өзім баратындай-ақ аузым аңқайып, тележәшікке кіріп ...

    Read More »

    Футболдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды

    Бүгін АҚШ-тың астанасы Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Онда мундиальға қатысатын ұлттық құрама командалар төрт қоржынға бөлінді. Қазір чемпионатта ойнайтын 42 команда белгілі болып отыр. Ал қалған құрамалар келесі жылы көктемде плей-офф ойындарында анықталады. А тобы: Мексика, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, еуропалық С жолы плей-оффы (Дания/Солтүстік Македония/Чехия/Ирландия) B тобы: Канада, еуропалық А жолы плей-оффы (Италия/Солтүстік Ирландия/Уэльс/Босния ...

    Read More »

    «Ертіс» өз ойыншыларына қарызға байланысты мәлімдеме жасады

    Әлеуметтік желіде Павлодар қаласының «Ертіс» клубының футболшылар мен қызметкерлеріне бірнеше айдан бері жалақы төлей алмай жатқаны туралы ақпарат шықты. Eldar_amanvibe telegram арнасында жарияланған жазбаға қарағанда, Қазақстан премьер-лигасына жолдама алған «Ертіс» командасы өз ойыншылары мен қызметкерлеріне миллиондаған теңге қарыз. Клуб бес айдан бері сыйақы да төлей алмай келеді. Қолда бар дерекке қарағанда, клубтың биылғы Бірінші лигадағы бюджеті 1 млрд 332 млн ...

    Read More »

    Дастан Сәтпаев әлемдік ТОП-5 тізіміне қосылды

    Score 90 футболшы  Дастан Сәтпаевті өз рейтингіне қосты. Әуелі Score 90 деген не екенін айта кетсек. Ол футболға арналған әлемдегі ең ірі платформалардың бірі. Басылым үздік жас футболшылардың тізімін жасап, оларды жас ерекшеліктеріне қарай бөлді. Рейтингте 2005-2008 жылдары туған үздік футболшылар кірді. 2008 жылғы, яғни 17 жастағы футболшылар арасында ТОП-5 тізімі: Леннарт Карль (Германия, «Бавария»); Ибраим Мбайе (Сенегал, «ПСЖ»); Нгумоа Рио ...

    Read More »

    «Қайрат» пен «Олимпиакос» ойынына билеттер сатылымға шықты

    Бұған дейін Алматының «Қайрат» футбол клубының Чемпиондар лигасы аясындағы кезекті матчын Грекияның «Олимпиакос» командасымен Астанадағы «Астана Арена» стадионында ойнайтынын хабарлаған едік. Енді қолда бар мәліметке қарасақ, жақында «Қайраттың» Астанадағы алғашқы ойынына билеттер сатылымға шықты. Алматы клубының хабарлауынша,  билеттің бағасы — 15 000 — 50 000 теңге аралығында. Матч 9 желтоқсан күні 20:30–да «Астана Арена» стадионында болады. — Бір ЖСН-ға екі билеттен ...

    Read More »

    UEFA Чемпиондар лигасы: Дастан Сәтпаев тағы да өзіне назар аудартты

    Бүгін «Қайрат» Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің бесінші турында Данияның «Копенгаген» клубымен ойнап, одан 2:3 есебімен жеңілді. Ол 81-минутта «Копенгаген» командасы қақпасынан саңылау тапты. Сөйтіп, Сәтпаев 17 жасында  UEFA Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар үштігіне кірді. Сонымен бірге Дастан Сәтпаев UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі алғашқы голын соқты. Бүгін ол 17 жас 105 күн толып отыр. Ал тізімнің көш басында ...

    Read More »

    Таразда заманауи футбол академиясы ашылады

    Қазақстан футбол федерациясы балалар-жасөспірімдер футболы инфрақұрылымын дамытудағы жұмыстарын жалғастыруда. Жаңа футбол академиясы Тараз қаласында орналасады. Аталған жоба ҚФФ-ның Жамбыл облысы әкімдігі мен Тимур Құлыбаевтың Halyk қоры арасындағы үшжақты меморандум аясында іске асырылуда, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. 22 қарашада Жамбыл облысы Тараз қаласында жаңа футбол академиясының іргетасын қалау салтанаты болды. Жиынға ҚФФ бас хатшысы Давид Лория, Жамбыл облысының әкімі Ербол ...

    Read More »

    Алақандай ел әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

    Кюрасао елі тарихта көлемі жағынан футболдан әлем чемпионатына шыққан ең кішкентай мемлекет атанды. Ол Ямайкамен матчта 0:0 есебімен тең түсіп, 2026 әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Аралда небәрі 156 мың адам тұрады. Ал оның аумағы — 444 км². Команданы нидерландиялық жаттықтырушы Дик Адвокат басқарады. Оның жасағы бірде –бір рет жеңілген жоқ. Керісінше, қарсыластарын үлкен есеппен жеңді. Оның ішінде Бермуд аралдарымен ...

    Read More »

    Жыл үздігіне үміткерлер тізімі жарияланды

    28 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) Globe Soccer Awards беделді сыйлығы 2025 жылдың үздік ойыншысын анықтайды. Бұл жүлдені тапсырмастан 40 күн бұрын оған лайықты адамдардың тізімі жарияланды, деп хабарлады Zakon.kz. Жыл сайын табыс етілетін сыйлықты ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, биылғы жылы марапатқа 25 адам үміткер және олардың барлығы әлемдік футболда өз орны бар адамдар: Усман Дембеле, Дезире Дуэ, Ашраф Хакими, Хвича Кварацхелия, Нуну Мендеш, Фабиан ...

    Read More »