• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    «Ертіс» ФК

    «Ертіс» өз ойыншыларына қарызға байланысты мәлімдеме жасады

    Әлеуметтік желіде Павлодар қаласының «Ертіс» клубының футболшылар мен қызметкерлеріне бірнеше айдан бері жалақы төлей алмай жатқаны туралы ақпарат шықты.

    Eldar_amanvibe telegram арнасында жарияланған жазбаға қарағанда, Қазақстан премьер-лигасына жолдама алған «Ертіс» командасы өз ойыншылары мен қызметкерлеріне миллиондаған теңге қарыз. Клуб бес айдан бері сыйақы да төлей алмай келеді.

    Қолда бар дерекке қарағанда, клубтың биылғы Бірінші лигадағы бюджеті 1 млрд 332 млн теңге болған. Осы ақпаратқа қатысты «Ертіс» ФК ресми мәлімдеме жасады.

    — Клубтың ойыншылары мен қызметкерлері алдында жалақы бойынша ешқандай берешегі жоқ. Әлеуметтік желіде таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Футболшылар, жаттықтырушылар мен әкімшілік персонал алдындағы барлық қаржылық міндеттеме толық әрі белгіленген мерзімде орындалған.

    Клубтың мәліметіне сүйенсек, ойыншылардың FIFA-ға хабарласуға дайындалып жатыр деген ақпарат та жалған.

    -«Ертіс» футбол клубы жұмысын жалғастырып, келесі маусымға дайындыққа назар аударып отыр, — делінген хабарламада.

    Павлодардың клубы Қазақстан Премьер-лигасына «Каспий» мен «Алтай» командалары сияқты жолдама алған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *