• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Қазақ күресінің қара нары

    Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы,  Қазақстан Республикасының құрметті спорт қызметкері төс белгісінің иегері, Алматы облысы  Іле және Райымбек аудандарының  құрметті  азаматы,  Дене шынықтыру саласының үздік қызметкері, Жетісу өңірінде  ұлттық күресіміздің дамуына орасан үлесін қосқан айшықты тұлға Қапар Рауановтың зейнетке шығу мерейтойына орай, жасөспірімдер арасында ел чемпионаты болып өтті. Бүркіт баласын құзар шыңнан төмен қарай лақтырып жіберіп қасында ұшып жүреді екен. ...

    Read More »

    Жасөспірімдер Олимпиадасында жүлденің ауылы алыс емес

    Сенегалдың астанасы Дакар қаласында жалауы желбіреген IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында спорттық гимнастикадан Ева Тациева үздік 18 гимнасшының қатарына кіріп, финалға жолдама алды. Ол жекелей көпсайыста 47,866 ұпай жинап, жалпы есепте 21-орынға шықты. Тағы бір гимнасшы Андрей Терман көпсайыста өнер көрсетті. Отандасымыз алты снарядта өнер көрсетіп, 69,199 ұпай жинады. Дегенмен финалға шыға алмады. Тасжолдағы велоспорттан ұлдар арасында өткен топтық жарыс та ...

    Read More »

    Жоғарғы лига: «Көкше аренада» жаңа маусымның алғашқы туры басталды

    Көкшетау қаласында волейболдан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты XXXV маусымының алғашқы туры басталды. Бұрымдылар бәсекесі бір апта бойы жалғасады. Төрт тур айналым жүйесімен өтетін 2026–2027 жылғы маусымда «ASTANA» (Астана қаласы), «Қайсар» (Қызылорда облысы), «Хиуаз»(Атырау облысы), «Әлия» (Хромтау, Ақтөбе облысы), «Жайық» (Батыс Қазақстан облысы), «Шымкент» (Шымкент қаласы), «Тараз» (Жамбыл облысы), «Qostanay» (Қостанай облысы) мен «Оқжетпес» (Ақмола облысы) командалары өзара үздіктерді анықтайды. Маусымның ...

    Read More »

    Еркін Оқасов: Балуандардың күресіне көңілім толмайды

    Қазақстан күрес федерациясының президенті Еркін Оқасов балуандардың әлем чемпионатындағы күресіне көңілі толмайтынын айтып, барша жанкүйерден кешірім сұрады, деп хабарлайды SportPress.kz.  Ол балуандардан бұдан да жақсы көрсеткіш күткенін, алдағы уақытта нәтижені жақсарту федерация жұмысының басты міндеті болатынын атап өтті. «Балуандардың әлем чемпионатындағы нәтижесіне көңілім толмайды. Біз бұдан жақсы көрсеткіш күткен едік. Ал чемпионатты ұйымдастыру тұрғысынан Астана өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. ...

    Read More »

    Біріккен күрес әлемі ұйымы әлемдік додаға жақсы баға берді

    Біріккен күрес әлемінің (UWW) президенті Ненад Лалович Астанада күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатының ұйымдастырылуына жақсы баға берді, деп хабарлайды SportPress.kz. Биылғы әлемдік дода 1 қарашада мәресіне жетті. Осы күні Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде әлем чемпионаты салтанатты жағдайда аяқталып, жер-жүзінің 135 елінен келген 900-ден астам балуан өз елдеріне қайтты. Астанадағы дүрмекті дода тоғыз күнге созылды. Осы уақытта балуандар 30 салмақ ...

    Read More »

    Каратэші Мөлдір Жаңбырбай мен Софья Берульцева жеңімпаз атанды

    Бүгін Ресей Федерациясының астанасы Мәскеуде WKF каратэден V Moscow Karate Universe халықаралық жарысы аяқталды, деп хабарлайды SportPress.kz. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының мәліметіне қарағанда, Қазақстан командасы жарыс нәтижесінде 2 алтын, 4 қола медаль алып, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады. Каратэден қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай кумите бағдарламасында 50 кг дейінгі ...

    Read More »

    Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде үздік бестікке кірді

    Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Канаданың Келоуна қаласында өткен Гран-при кезеңіндегі жарысын аяқтады. Ол екі күннің қорытындысы бойынша 206,89 ұпай жинап, әйелдер арасындағы жекелей сында бесінші орынға ие болды. Самоделкина қысқа бағдарламада 71,84 ұпай, ал еркін бағдарламада 135,05 ұпай жинап, екі кезеңде де бесінші нәтиже көрсетті. Осылайша, ол турнирді үздік бестіктің қатарында аяқтады. 235,44 ұпай жинаған жапониялық Мао Симада жарыс жеңімпазы ...

    Read More »

    Егор Крупяков Азия кубогінің кезеңінде күміс жүлдегер атанды

    Триатлоншы Егор Крупяков Қытайдың Чунцин қаласында өткен Азия кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды. Ол ерлер арасындағы жарыста қашықтықты 1 сағат 55 минутта мәреге екінші болып жетті. Жарыс жеңімпазы ресейлік Павел Сорокин атанды. Ол мәреге 1 сағат 54 минут 6 секундта бірінші болып келді. Қытай өкілі Любо Чжан (1:55:01) үздік үштіктен орын алды. Отандастарымыз Арлан Жаңабай 12-орынға, ал Дарын Қонысбаев 13-орынды ...

    Read More »

    Нұрқожа Қайпанов: «Жауапкершіліктің салмағынан аяқ-қолым істемей қалды»

    Нұрқожа Қайпанов күрестен Астанада өткен әлем чемпионатының финалында белдесіп, күміс жүлдегер атанғаны белгілі. Ол финалдағы күресі туралы өз ойын айтты. «Белдесу мен үшін өте қиын болды. Негізі күреске толық дайын болдым. Алайда өзіме шамадан тыс жауапкершілік алған сияқтымын. Әсіресе командаластарымның жеңілісінен кейін ауыртпалық түскендей болды. Енді қазақ халқын қуантқым келді. Бірақ финалда Ресей балуаны басым түсті. Бозкілемге шыққан сәтте қатты ...

    Read More »

    Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медальға ие болды. Ол 74 келіге дейінгі салмақтың финалында өнер көрсетті. Отандасымыз финалда Ресей өкілі Иналбек Шериевпен күресті. Нәтижесінде Қайпанов қарсыласына жол беріп, әлем чемпионатын күміс медальмен аяқтады. Қайпанов финалға дейін төрт белдесуде жеңіске жетті. Ол Косово өкілі Эгзон Хониден, Әзербайжан балуаны Туран Байрамовтан, Тәжікстан өкілі Виктор ...

    Read More »