Елімізде алғаш рет спорттық білім беру жүйесінде кадр даярлаудың жаңа санаттары енгізілді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Бұған дейін оқыту тек мектептегі дене шынықтыру пәніне бағытталған «Дене шынықтыру» мамандығы аясында жүргізілсе, енді жаттықтырушы, әдістеме, оңалту, инклюзивті және цифрлық спорт бағыттарын қамтитын арнайы бағдарламалар іске қосылды. Бұл – елімізде спорт мамандарын даярлауға жүйелі әрі ғылыми тәсіл қолданудың алғашқы қадамы. Дене ...
Read More »Author Archives: admin
Самирхон Абабакиров — ХХХІІ Дүниежүзілік Универсиаданың чемпионы!
Таеквондошы Самирхон Абабакиров Германияда жалауы желбіреген ХХХІІ жазғы Дүниежүзілік Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Ол финалда 63 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Түркияның өкілі Омер Фарук Дайыоглуны 2:0 есебімен (12:11, 11:3) жеңді. Қолда бар мәліметке қарағанда, Абабакировтың бұл алтын жүлдесі биылғы Универсиадада Қазақстанның қоржынына түскен алтыншы медаль. Оған дейін Дамир Шуленов, Тамирлан Тілеулес, Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс ...
Read More »Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «КуПС» командасынан жеңілді
Алматының «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу турнирінде сырт алаңда Финляндияның «КуПС» командасымен ойнап, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Матчтың екінші таймының 49-минутында Мохамед Туре «Қайрат» қақпасынан дәл көздесе, Яакко Оксанен 71-минутта екінші голдың авторы атанды. Енді екінші ойын 29 шілдеде Алматыда болады. Егер «Қайрат» өз алаңында «КуПС» командасын жеңсе, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу турнирінде «Слован» (Словакия) мен «Зриньски» ...
Read More »Су спортынан ӘЧ: Қазақстан финалдық кезеңге шыға алмады
Су спорты түрлерінен Сингапурда өтіп жатқан әлем чемпионатында еліміздің қыздар құрамасы финалдық кезеңге шыға алмады. Топтық сайыс бойынша техникалық жаттығуда Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова мен Жания Жиенғазы 230.8467 ұпай жинап, жарысты 14-орынмен аяқтады. Бұл сында бірінші орынды 306.2460 ұпаймен Қытай, екінші орынды 295.4633 бейтарап жалаумен жарысқа қатысқан спортшылар ...
Read More »World Boxing: Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатына барады
30 шілде — 12 тамыз аралығында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты болады. Жаттықтырушылар штабы елімізден жарысқа қатысатын боксшылардың тізімін жариялады. Ерлер 50 кг: Нұрзат Оңғаров 55 кг: Бексұлтан Боранбек 60 кг: Нұрислам Қалдыбаев 65 кг: Илья Калинин 70 кг: Нұрбек Мұрсал 75 кг: Аман Қонысбеков 80 кг: Санжарәлі Бегалиев 85 кг: ...
Read More »Балуандар Мажарстандағы турнирде жеті жүлдені иеленді
Мажарстанның Будапешт қаласында күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial турнирі болды. Осы турнирде қазақстан құрамасының балуандары 7 медальді жеңіп алды. Еркін күрестен 61 кг салмақта Асылжан Есенгелді қола жүлдеге ие болды. Грек-рим күресінен Марлан Мұқашев (55 кг) күміс медаль алса, Ержет Жарлықасын (63 кг) мен Әлімхан Сыздықов (130 кг) қола медальға ие болды. Әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (72 ...
Read More »Бейбіт Жұқаев алғаш рет Вашингтон АТР 500 турниріне жолдама алды
Әлемнің 216-ракеткасы, 24 жастағы Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен ATP 500 турнирінің іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннисші іріктеу сайысының финалында әлемнің 324-ракеткасы, 30 жастағы итальян теннисшісі Андреа Вавассоримен ойнады. Бірінші партияда Бейбіт Жұқаев 4:2 есебімен алға шыққанымен, италиялық теннисші таразы басын теңестірді. Сөйтіп, есеп 4:4 болды. Дегенмен Жұқаев тағы бір брейк жасады. Есеп – ...
Read More »Бублик алғаш рет топырақ төсенішіндегі турнирді жеңіп алды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик Швейцарияның Гштаад қаласында ATP 250 турнирінде үздік шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол осыған дейін ATP турнирлерінде 12 рет финалға шығып, соның бесеуінде жеңімпаз атанған. Сондай-ақ бұл — Бубликтің топырақ төсенішіндегі жарыстағы алғашқы финалы. Отандасымызбен финалда дүниежүзілік рейтингіде 109-орында тұрған Хуан-Мануэль Серундоло ойнады. Финалдық матчты қарсыластар брейк алмасумен бастады. Бублик партияны 6:4 есебімен ...
Read More »Су спортынан ӘЧ: Қазақстан командалық сайыста ондықтан орын алды
Сингапурда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қыздары командалық еркін жаттығуда 277.8196 ұпайға ие болып, жетінші орынға шықты. Команда сапында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова мен Валерия Столбунова өнер көрсетті. Бірінші орынды Қытай құрамасы 348.4779 ұпаймен жеңіп алды. Жапония спортшылары 334.7232 ұпаймен күміс жүлдеге ие болса, ...
Read More »Су спортынан ӘЧ: Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды
Сингапурда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында командалық еркін жаттығуда Қазақстан құрамасының қыздары сегізінші орынды иеленді. Команда сапында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова өз өнерлерін көрсетті. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша мына елдер финалға шықты: Іріктеу кезеңі. 20 команда 1-орын. Қытай — ...
Read More »