Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында таеквондодан 15-17 жас аралығындағы жастар арасында GTF әлем чемпионаты аяқталды. Оған әлемнің 25 елінен 600-ден астам спортшы қатысты. Бұл сында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Сабрина Байжігітова әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі. Қазақстан құрамасы бұл жарыста лайықты өнер көрсетті. Атап айтқанда, Астана қаласының спортшысы Сабрина Байжігітова 40 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ ...
Read More »Author Archives: admin
Бахтиер Зайнутдинов не үшін Ресейді таңдағанын айтты
Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Мәскеудің «Динамо» клубына не себепті ауысқанын айтты. «Динамо» клубына келгеніме өте қуанып отырмын. Жігіттер мені жақсы қарсы алды. Командадағы бес-алты футболшыны танимын. Солармен қайта қауышқаныма қуаныштымын. Валерий Карпиннің ойыншыларға беретін жүктемесі әртүрлі, өте қарқынды жаттығулар жасатады. Оқу-жаттығу жиынына қатысып, бірте-бірте қалыпқа келіп жатырмын. «Динамоның» амбициясы көп. Мен жоғары орындар үшін барымды ...
Read More »Басқарманың волейболдан бастамасы
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында волейболдан өткен турнир мәресіне жетті. Social project management орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа «Саламат», «Байсат», «Алтын орда», «Тастақ» және басқа да базарлардан және жұмыссыз жастардан құралған 16 команда қатысты. Алғашқы күн турнирдің іріктеу ойындарына арналды. Әр командада қыздар мен жігіттер аралас болды. Төрт топқа бөлінген командалар өзара бақ ...
Read More »Биылғы жылдың үйлену тойының трендтері: шағын орта, ашық аспан астындағы салтанат және дәстүрге құрмет
Қазіргі жас жұбайлар сән-салтанаты асып-тасқан үлкен тойлардан гөрі, жанға жайлы, шынайы сезімге толы, әр сәті мұқият ойластырылған шағын тойларды жиі таңдайды. Биылғы жылы үйлену тойларын табиғат аясында өткізу, жасыл желектің ортасында мерекелік дастархан жаю сәнге айналуда. Әрі, отбасын құруға саналы әрі жауапты көзқарас та байқалады. Ғашықтар «Almaty Resort» шипажайын тек демалыс орны ретінде емес, ерекше күнге арналған ғажайып алаң ретінде ...
Read More »ФИФА елімізге 100 жаңа шағын футбол алаңын салып береді
Қазақстан Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) бастамасымен FIFA Arena әлемдік инфрақұрылымдық жобасына қатысатын 11 елдің бірі болып таңдалды. Жоба аясында еліміздің мектептерінде қазіргі заман талаптарға сай 100 шағын футбол алаңы салынады. Қолда бар дерекке қарағанда, FIFA Arena бағдарламасында әлем бойынша 1000 мектеп алаңы салынады деп жоспарланған. Әрбір алаңның өлшемі – 20 х 40 метр. Ол ФИФА бекіткен соңғы техникалық талаптарға сай ...
Read More »Бахтиер Зайнутдинов Мәскеудің «Динамо» клубына ауысты
Жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына ауысты. Бахтиер Зайнутдинов 1998 жылы 2 сәуірде туған. Бұған дейін ол «Тараз», «Астана» футбол клубтарында, Ресейдің «Ростов» пен Мәскеудің ЦСКА командаларында ойнады. Содан кейін ол Түркияның Ыстамбұл қаласының «Бешикташ» клубында өнер көрсетті. Ол «Бешикташпен» 2023 жылы 18 тамызда келісімшартқа қол қойған еді. Құжатқа бойынша футболшы Түркияның жасағында 2027 жылдың 30 маусымына дейін ...
Read More »Таеквондодан АЧ: Қазақстан жастар құрамасы 11 жүлде алды
Таеквондодан жастар арасында Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде де Қазақстан құрамасының қоржыны жүлдемен толықты. Бұл жолы спортшылар төрт медаль алды. Құрама командада Аружан Найманбаева (68 кг) Азия чемпионы атанды. Ал Ринат Елібай (51 кг), Павел Эм (59 кг) пен Ақбота Желеу (46 кг) қола жүлдені иеленді. Бұған дейін Бунед Бахрамкулов (45 кг) пен Айым Серікбаев ...
Read More »Әділбек Мусин жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты
Су спорты түрлерінен Сингапурда өтіп жатқан әлем чемпионатында Әділбек Мусин жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты. Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен 23.33 секунд жүзіп шықты. Осы нәтиженің арқасында ол 18-орынға орналасты. Жартылай финалға тек 16 спортшы шығады. Егер басқа жүзушілер белгілі бір себеппен жарыспаса, Әділбек Мусин солардың біреуінің орнын алмастырады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »«Менің басты мақсатым – берік жүйе құру». ҚФФ президентімен сұхбат
Биыл Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына Марат Омаров тағайындалғанына жарты жыл толды. Осы уақыт аралығында отандық футбол жүйесінде ауқымды өзгерістер басталды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Бұл сұхбатта ҚФФ президенті стратегиялық басымдықтар, клубтарды жекешелендіру, бизнес әріптестік, ұлттық құрамалар және адал ойын принциптері туралы айтты. – Марат Талғатұлы, федерацияны басқарғаныңызға жарты жыл болды. Осы уақыт ішінде өзіңіз үшін қандай басты мақсаттар ...
Read More »Қазақстан қоржыны жеті жүлдемен толықты
Бүгін Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі мәресіне жетті. Бұл жарыста отандастарымыз екі күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Оған Азия, Африка, Америка, Еуропадан 235 спортшы қатысты. Турнирде мына спортшылар жүлдегенлер қатарынан көрінді. 2-орын Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы — Эльмира Алиева, Қарағанды). 2-орын Злата Стадник (жаттықтырушысы — Татьяна Ким, Қарағанды). 3-орын Қарақат Мейрхан (жаттықтырушысы Бауыржан Шайхин, Семей қ.). 3-орын Аделя Әлжанова (жаттықтырушылары — Ернар Ыбырай, Дмитрий Переверзев, Қызылорда). 3-орын Нұрдәулет Азаматұлы (жаттықтырушысы — ...
Read More »