• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Бокстан Ермахан Ибраимовтың жүлдесі үшін турнир өтеді

    20-24 ақпан аралығында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Спорттық-бұқаралық іс-шаралар орталығы, Әуесқой және кәсіпқой бокс федерациясы мен «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығының ұйымдастыруымен бокстан Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ермахан Ибраимовтың жүлдесіне арналған қыздар (жасөспірімдер мен жастар) арасында бокстан VI халықаралық турнир өтеді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Турнир Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, ...

    Read More »

    Конькимен жүгіруден ӘЧ: Алина Дауранова рекордтты жаңартты

    Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрама командасының спортшысы Алина Дауранова өзінің жеке рекордын жаңартты. Алина Дауранова — Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 2-курс студенті. Ол 1 000 метрге жүгіру жарысында осы қашықтықты 1 минут 15,24 секундта жүгіріп, мәреге жетті. Жалпы, осы дистанцияда Дауранова 13-орынды иеленіп, қалған өз командалық әріптестері арасында ең үздік нәтижеге жетті. Былтыр ...

    Read More »

    Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде екінші орынға көтерілді

    Қазақстанның бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Қатардың Доха қаласында аяқталған Qatar Totalenergies Open WTA 1000 турнирінің финалисі атанғаннан кейін WTA чемпиондық кестесінде екінші орынға шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жаңартылған чемпиондық кестеде Беларусьтің спортшысы Арина Соболенко 2325 ұпаймен көш бастаса, Елена Рыбакина (1828 ұпай) төртінші орыннан екінші орынға көтерілді. WTA-ның бүгін жаңартылған рейтингінде алғашқы төрттікте өзгеріс бола ...

    Read More »

    Парадзюдошылар Германиядан бес медальмен келе жатыр  

    Германияның Гейдельберг қаласында Қазақстан спортшылары парадзюдодан өткен әлемдік гран-при сериясында екі алтын мен үш қола медаль жеңіп алды. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының хабарлауынша, финалдық белдесуде 48 келіге дейінгі  (J2) салмақта Ақмарал Науатбек Қытай спортшысы Ли Ликингті иппонмен, ал  70 келіден аса (J2) салмақта белдескен Зарина Раифова кубалық Шейла ...

    Read More »

    Қазақстан спортшылары құрмет тұғырына көтерілді

    Таэквондо: Түркияның Анталья қаласында таэквондодан G1 санатына кіретін Turkish Open халықаралық жарысында Қазақстан құрамасы ересектер арасында 3 медаль жеңіп алды. Жансель Дениз (73 кг) бен Самирхон Абабакиров (73 кг) күміс жүлдегер атанса, Руслан Жапаров (+87 кг) үздік үштікті түйіндеді. Ал Тегерандағы (Иран) Fajr Open халықаралық турнирінде жерлестеріміз тоғыз жүлде жеңіп алды. Бейбарыс Қаблан (87 кг) мен Мария Севостьянова (57 кг) ...

    Read More »

    Жеңіл атлетикадан АЧ: Елизавета Матвеева Азия чемпионы атанды

    Иранның Тегеран қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі XI Азия чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Бүгін ұлттық құрама қоржыны тағы үш медаль түсті. Биіктікке секіруде Елизавета Матвеева 1.86 метрге секіріп, чемпион атанды. Былтырғы Астанадағы жарыста бас жүлдені Надежда Дубовицкая жеңіп алса, Елизавета Матвеева екінші орыннан көрінген еді. Биылғы Азия чемпионатында 60 метрге ...

    Read More »

    Денис Никиша Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды

    Бүгін Денис Никиша Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама көшбасшысы 500 метрге жарыстың финалында тек Олимпиаданың үш дүркін жүлдегері Стивен Дюбуаға (Канада) есе жіберді. Үздік үштікті Польша спортшысы Михал Невински түйіндеді. Осымен Гданьск қаласындағы кезең мәресіне жетті.  

    Read More »

    Рыбакина Доха турнирінен 308 320 доллар сыйақы алды

     Қазақстаның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Қатардың Доха қаласында өткен Qatar Totalenergies Open WTA 1000 турнирінен тапқан пайдасы белгілі болды. Теннисші финалға шыққаны үшін 308 320 АҚШ доллары с мен 650 рейтинг ұпайын алды. Турнирдің жеңімпазы Польша спортшысы Ига Швентек 523 485 долларға ие болса, рейтингтегі жағдайын 1000 ұпайға жақсартты. Ига Швентек — әлемнің бірінші ракеткасы.  Екеуі осыған дейін төрт ...

    Read More »

    Биатлоннан ӘЧ: Қазақстан үздік ондыққа кірді

    Биатлоннан Чехияның Нове-Место қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер құрамасы эстафета сайысында үздік ондыққа енді. Бұл жарыста ел намысын Александр Мухин, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов пен Никита Акимов қорғады. Жарыс алаңына алғаш болып Александр Мухин шықты. Ол барлық нысанаға дәл тигізіп, жеңімпаздан +0.9 секунд айырмашылықпен эстафетаны үздік үштіктің қатарында Владислав Киреевке тапсырды. Владислав Киреев алғашқы жатып атуда үш рет, ал ...

    Read More »

    Үкімет басшысы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы мен жүлдегерлерін марапаттады

    Премьер-министр Олжас Бектенов 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвондода (Корея Республикасы) өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы мен жүлдегерлеріне мемлекет басшысының атынан алғыс хаттарды табыс етті, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. Үкімет басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын оқып беріп, спортшыларды құттықтады. Премьер-министр бұл Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы алғашқы алтын жүлдесі екенін атап өтті. Жалпы медаль саны ...

    Read More »