• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Мен қарсымын!

    Бүгінде Қазақстанда Үкімет ауысқаны жөніндегі әңгіме гу-гу талқыланып жатса, сонымен қатар, «ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне Геннадий Головкин басшы боп келеді екен» деген алыпқашпа сөз Астанадағы қарлы борандай ұлып тұр. Бұл әңгімені кімнің таратқанын білмеймін, егер рас болса, МЕН ОҒАН ҚАРСЫМЫН!!! Головкиннің спорттағы табыстарын бір адамдай-ақ білемін. Оның сонау 2004 жылы Афина Олимпиадасының финалында шайқасқанын түбінде отырып көргенмін, одан бөлек, АҚШ-та ...

    Read More »

    Келесі қысқы Азия ойындары Харбинде болады

    Азия Олимпиада кеңесі  IX қысқы Азия ойындары өтетін қаланы атады. Сары құрлықтың келесі Ақ Олимпиялық ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында 7 ақпан мен 14 наурыз аралығында болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Азия Олимпиада кеңесі кешенді жарысты үйлестіруші комитет өкілдерімен кездесіп, бойтұмар, эмблема және ұранды бекітті. IX ойындардың ұраны -«Қысқы армандар, Азия орталығындағы махаббат» (Dreams ...

    Read More »

    Жеңіл атлетикадан АЧ: Қазақстан 12 медаль жеңіп алды (ФОТО)

    Иран Ислам Республикасының астанасы – Тегеран қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі XI Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Биылғы чемпионатта Қазақстан спортшылары 4 алтын, 2 күміс пен 6 қола жүлдені жеңіп алды. Соңғы жарыс күні эстафетада (4х400 м) еліміздің ерлер (Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Ефим Тарасов, Вячеслав Земс) және әйелдер құрамасы (Аделина Земс, ...

    Read More »

    Олимпиада киімінің дизайны бекітіледі – жедел штаб

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Олимпиялық ойындарға дайындық штабы өз жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Бүгін жедел штабта Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы Ұлттық Олимпиада комитеті өкілдерімен кездесті. Жиында бірқатар мәселе талқыланды. Бүгінде Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 8 түрі бойынша 19 жолдама бар (садақ ату — 4, тас жолдағы велоспорт — 3, нысана көздеу ...

    Read More »

    Карина Шеин – халықаралық турнирдің жеңімпазы!

    15-18 ақпан аралығында БАӘ астанасы — Әбу-Даби қаласында мәнерлеп сырғанау спорт түрінен Abu Dhabi Classic Trophy атты халықаралық турнир өтті. Қыздар арасындағы жарыста Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт мектептің оқушысы, мәнерлеп сырғанау бөлімшесінің спортшысы  Карина Шеин чемпиондық атақты жеңіп алды. Үлкен қыздар арасындағы сайыста Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт мектебінің 10 сынып оқушысы, мәнерлеп сырғанау бөлімшесінің көш бастаушы спортшысының бірі Анна Левковец ...

    Read More »

    Көркем гимнасшылар Gracia Fair Cup турнирінде 4 алтын медаль алды

    Мажарстанның астанасы – Будапешт қаласында өткен көркем гимнастикадан 28-Gracia Fair Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Турнирде жекелей сында Айбота Ертайқызы доппен, лентамен және ұршықпен өнер көрсетуде дес бермей, үш жаттығуда алтын медальді жеңіп алды.  Ал Эрика Жайлауова шығыршық жаттығуында чемпион атанды. ...

    Read More »

    Өзбекстандағы қазақ спортшысы елге оралды

    Бокстан 2023 жылғы Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері Аман Қонысбеков елге қоныс аударды, деп хабарлады BasSport.kz. Шаршы алаңға 71 келіге дейінгі салмақта шығып жүрген қандасымыз Астана қаласына көшіп келді. Ол Астанада туған ағасымен бірге тұрып жатыр. Ал бокстан жарыстарға Түркістан облысының атынан қатысады. Қазір Аман Қонысбеков Алматыдағы оқу-жаттығу жиынында жүр. Осы жерде боксшы еліміздің ұлттық құрамасымен етене араласып кетті. Былтыр Қонысбеков ...

    Read More »

    Бокстан Ермахан Ибраимовтың жүлдесі үшін турнир өтеді

    20-24 ақпан аралығында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Спорттық-бұқаралық іс-шаралар орталығы, Әуесқой және кәсіпқой бокс федерациясы мен «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығының ұйымдастыруымен бокстан Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ермахан Ибраимовтың жүлдесіне арналған қыздар (жасөспірімдер мен жастар) арасында бокстан VI халықаралық турнир өтеді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Турнир Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, ...

    Read More »

    Конькимен жүгіруден ӘЧ: Алина Дауранова рекордтты жаңартты

    Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрама командасының спортшысы Алина Дауранова өзінің жеке рекордын жаңартты. Алина Дауранова — Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 2-курс студенті. Ол 1 000 метрге жүгіру жарысында осы қашықтықты 1 минут 15,24 секундта жүгіріп, мәреге жетті. Жалпы, осы дистанцияда Дауранова 13-орынды иеленіп, қалған өз командалық әріптестері арасында ең үздік нәтижеге жетті. Былтыр ...

    Read More »

    Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде екінші орынға көтерілді

    Қазақстанның бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Қатардың Доха қаласында аяқталған Qatar Totalenergies Open WTA 1000 турнирінің финалисі атанғаннан кейін WTA чемпиондық кестесінде екінші орынға шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жаңартылған чемпиондық кестеде Беларусьтің спортшысы Арина Соболенко 2325 ұпаймен көш бастаса, Елена Рыбакина (1828 ұпай) төртінші орыннан екінші орынға көтерілді. WTA-ның бүгін жаңартылған рейтингінде алғашқы төрттікте өзгеріс бола ...

    Read More »