• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    U23 Азия чемпионаты: Қазақстан бірінші күні-ақ алты медаль алды

    Вьетнамның Вунгтау қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Чемпионаттың бірінші күні Қазақстан балуандары елімізді қуантты. Олар жарыс басталимай жатып, бір емес, алтын бірдей жүлдені жеңіп алды. Оның үшеуі – алтын медаль! Азия чемпионатында Исхар Құрбаев (60 келіге дейін), Бағдат Сабаз (67 келіге дейін) бен Ақжан Ықыласов (77 келіге дейін) құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, Юсуф Мациев (97 ...

    Read More »

    Вадим Шарлаимов семсерлесуден Азия чемпионатының қола медалисі болды

    Вадим Шарлаимов семсерлесуден Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Ол семсерлесуде ерлер арасындағы жекелей сында үшінші орынды иеленді. Жартылай финалда Шарлаимов жапониялық Масару Ямададан жеңіліп, жарысты қола жүлдемен аяқтады. Бірінші орынды қытайлық Ван Цзыцзе жеңіп алды. Екінші орынды Масару Ямада алса, үшінші орынды Вадим Шарлаимовпен бірге Қытай өкілі Синькунь Чжан қанағат тұтты.   Дастан КЕНЖАЛИН, ...

    Read More »

    Қазақстан садақ атудан Азия кубогының кезеңінде қола жүлде алды

    Сингапурда садақ атудан Азия кубогының кезеңі болып жатыр. Жарыста Қазақстан садақшылары әйелдер командалары арасында блоктық садақ атудан қола медаль үшін бақ сынады. Қазақстан құрамасы Бангладеш спортшыларымен нысана көздеп, оларды 230:224 есебімен жеңді. Команданың намысын Әдел Жексенбинова, Роксана Юнусова мен Виктория Лян қорғады. Енді Азия кубогының алтын жүлдесі үшін Үндістан мен Малайзия командалары бақ сынайды. Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Үндістаннан небәрі ...

    Read More »

    Еурокубоктың жеребесі: Қазақстан клубтарының қарсыластары анықталды

    Еліміздің үш футбол клубының Еуропа кубоктарындағы қарсыластары белгілі болды. Алматының «Қайрат» командасы УЕФА Чемпиондар лигасында Словенияның «Олимпия» клубымен ойнайды. Олар 8-9 шілде және 15-16 шілде күндері келесі кезең жолдамасын сарапқа салады. «Ақтөбе» мен Шымкенттің «Ордабасы» жасақтарының да қарсыластары анықталды. Ақтөбенің клубы Еуропа лигасының алғашқы іріктеу сатысында Польшаның «Легия» (Варшава) клубына қарсы ойнайды. Матчтар 10 және 17 шілдеге жоспарланған. Ал Шымкенттің ...

    Read More »

    Сәкен Мұсайбеков «Барыс» хоккей клубын басқарады

    «Барыс» хоккей командасының бас директоры қызметіне Сәкен Мұсайбеков тағайындалды, деп хабарлады ҚазАқпарат. Сәкен Жүнісбекұлы 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Әр жылдары Парламент Мәжілісі төрағасының көмекшісі, Мемлекеттік кіріс министрінің кеңесшісі, Қаржы министрлігі әкімшілік департаментінің директоры, Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» РМК бас директорының орынбасары, Қаржы министрлігі аппаратының ...

    Read More »

    Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы тағайындалды

    Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналиннің бұйрығымен Қонысбек Төкенов грек-рим күресі Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Осы қызметті атқарған Юрий Мельниченко енді командада бас жаттықтырушының кеңесшісі ретінде жұмыс істейді. Оның жетекшілігімен еліміз грек-рим күресінен Париж Олимпиадасы (Демеу Жадыраев) мен былтырғы ...

    Read More »

    U23 Азия чемпионаты: Стелла Суханова төрт алтын жүлдені жеңіп алды

    Таиландтың Районг қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден 18 бен 23 жас санатындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Сары құрлық додасында U23 санатында ұлттық құрама команданың спортшылары сынға түсіп, 6 алтын, 6 күміс және 3 қола медальмен жалпы есепте екінші орынды иеленді. Алтын жүлде: Денис Кленин (байдарка, 1000 м) Стелла Суханова (байдарка, ...

    Read More »

    ТОП-3: Қазақстан спортшылары әртістік жүзуден үздік үштікке кірді

    Қытайдың Сиань қаласында әртістік жүзуден World Aquatics ұйымының қолдауымен өткен Әлем кубогының финалдық кезеңі аяқталды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет. Биылғы маусымның соңғы жарысында әлемнің үздік спортшыларымен бірге Қазақстан құрамасының өкілдері де өнер көрсетті. Бұл сында Қытай сполртшылары сенімді өнер көрсетіп, алтын медальдардың басым бөлігін қалталарына басты. Жалпы биылғы жарыс күнтізбесінде төрт Әлем кубогының кезеңі болды. Осының бәрінде Қазақстан құрамасы ...

    Read More »

    Таеквондодан Қазақстан 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды

    Бүгін таеквондодан АҚШ-тың Шарлотт қаласында Гран-при санатындағы жарыстың алғашқы кезеңі, ал Австрияның Инсбрук қаласында дәстүрлі Austrian Open турнирі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. АҚШ-тағы турнирдің соңғы күні Нодира Ахмедова 49 кг дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ол финалда Лю Ю Юнға (Қытайдың Тайпейі) есе жіберді. Осыған дейін Тамерлан Тілеулес (-58 кг) пен Батырхан ...

    Read More »

    Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогының иегері атанды

    Ақмола облысының Бурабай қаласында триатлоншы Дарын Қонысбаев Азия кубогының тегері атанды. Оған Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Жапониядан басқа, Беларусь, Чехия, Германия, Молдова, Ресей, Эстония, Түркия елдерінен 120-дан астам спортшы қатысты. Турнир World Triathlon ұйымының құрлықтық күнтізбесі аясында болды. Ол Әлем және Азия чемпионаттары алдындағы маңызды дайындық есебінде ұйымдастырылды. Жарыста Дарын Қонысбаев 1:46:28 нәтижесімен бірінші орынды жеңіп алды. Одан ...

    Read More »