8 наурыз — Әйелдердің халықаралық күні
Бүгінде 8 наурыз жай ғана мереке емес, жақын жандарға шынайы қамқорлық көрсететін күнге айналып келеді.
Қазір адамдар жай символикалық сыйлықтан гөрі көңіл—күй сыйлайтын, денсаулыққа пайдалы әрі шын мәнінде қажет болатын тартуды таңдауға тырысады.
Биыл халық өз-өзіне күтім жасауға көп көңіл бөліп жатыр. Сондықтан қазір ең бағалы сыйлық — пайдалы, адамның өмірін жеңілдететін және ерекше әсер қалдыратын сыйлық. Ең бастысы, ол сіздің жақыныңыздың қызығушылығы мен қажеттілігін ескеріп, таңдағаныңызды көрсетуі тиіс.
Сонымен биылғы жылдың трендтері мен антитрендтері не деген сұраққа жауап іздесек, оны мына жолдардар табуға болады.
Трендтер
Қазір адамдар күнделікті өмірді жеңілдететін, уақытты үнемдейтін заттарды көбірек таңдайды. Мысалы, робот-шаңсорғыш, шаш үлгілеуге арналған құрылғылар, электрлі массажер, сымсыз қуаттағыш, смарт-колонка, смартфон немесе планшет — бәрі де өмірді ыңғайлы етеді. Сонымен қатар қазір заттан гөрі ерекше әсер сыйлау сәнге айналған. Мысалы, фотосессия, Spa-ға сертификат, атпен серуендеу, әуе шарымен ұшу, флористика немесе биге арналған шеберлік сабағы, концертке билет — мұндай сыйлықтар есте қаларлық эмоция сыйлайды. Белсенді әрі салауатты өмір салтына арналған сыйлықтар да сұраныста. Йога төсеніштері, спорттық рюкзактар немесе фитнес-білезіктер — денсаулыққа көңіл бөлетін жандар үшін жақсы таңдау.
Антитрендтер
Кейбір сыйлықтар, егер адам өзі сұрамаса, орынсыз болып көрінуі мүмкін. Мысалы, кастрюль мен таба, түрлі асүйге арналған заттар, арзан әшекейлер, қартаюға қарсы косметика немесе кәдімгі гигиеналық жиынтықтар. Мұндай сыйлықтар тым ресми әсер қалдыруы немесе адамның жасын, тұрмыстық міндетін меңзеп тұрғандай болып көрінуі мүмкін. Сондықтан сыйлық таңдағанда оның көңілге жылы тиетінін ескерген дұрыс.
Гүл шоғының орнына – түйнекті гүлдер
Соңғы кезде гүл дүкендері кәдімгі кесілген гүл шоғының орнына әдемі безендірілген түйнекті гүлдерді көбірек ұсынуда. Ең жиі таңдалатын гүлдер: амариллис (тіпті күтімді қажет етпейтін, балауызбен қапталған түрі де бар); гиацинт – жағымды, қанық иісімен ерекшеленеді; крокус пен нарцисс – көктемнің белгісі; құмырадағы қызғалдақ – букетке қарағанда ұзақ сақталады. Мұндай гүлдердің артықшылығы – олар бір күндік емес. Үйде өсіп, қайта-қайта гүлдей алады. Әдемі құмыраға немесе сәнді ыдысқа отырғызылған өсімдіктер үйдің интерьерін толықтырып тұрады. Ал гүлдің біртіндеп ашылуы ерекше көңіл күй сыйлайды.
Ерекше сыйлық дегеніміз шипажайға жолдама
Өзіңе қамқорлық жасау тренді аясында шипажайда демалу ерекше маңызға ие. Жақын адамыңыз демалып, өзіне уақыт бөліп, жайлы ортада тынығып, таза ауада қарағайлы саябақта серуендей алады. Almaty Resort шипажайына жолдама — мерекелік демалысты тиімді сауықтырумен үйлестіретін тамаша сыйлық. Мұнда табиғи ресурстарды пайдаланып арнайы емдік бағдарламалар жасалған: жеке ұңғымадан алынған минералды су, шипалы балшықтар және шөптік тұнбалар. Галотерапия мен криосауна әйелдер үшін өте пайдалы: тері саулығын жақсартады, иммунитетті күшейтеді және маусымдық шаршауды азайтуға көмектеседі.
Ең құнды сыйлық — күш-қуат пен көңіл күй сыйлайтын сыйлық. Сіздерге мықты денсаулық пен шабыт тілейміз!
Нұрлан ҚҰМАР,
АЛМАТЫ




SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары