Дзюдодан Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтіп жатқан Үлкен дулыға санатындағы жарыста Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Талғат Орынбасар мен Елдос Сметов 60 кг дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесті. Нәтижесінде Талғат Орынбасар Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовты жығып, үшінші орын алды. Ал Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында дзюдо күресінен жастар арасында өткен гран-при турнирінде спортшыларымыз 2 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды.
Бұл турнирге 19 елден 227 балуан қатысты.
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары