Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасы күміс медаль иеленді.
Финалда ұлттық құраманың спортшылары Иран командасымен ойнап, 0:3 есебімен жеңілді. Ал қола жүлдеге Ирак құрамасы ие болды.
Қазақстан командасы жарысты жақсы бастаған еді. Алғашқы ойында отандастарымыз Таиланд құрамасын жеңген болатын. Одан кейін Иранмен ойнап, 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал жартылай финалда Ирак құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, финалға шықты. Финалда жаңа айтып кеткеніміздей, тағы да Иран волейболшыларымен чемпион атағын сарапқа салып, жеңілуге мәжбүр болды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары