Әзербайжанның Шеки қаласында батуттағы гимнастикадан III ТМД елдері ойындарының кезекті жүлделері сарапқа салынды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 3 қазанда кешке Қазақстан құрамасының спортшылары 2 медальға ие болды. Қазақстан құрамасы (Ерлан Тасмағамбетов пен Виктория Бутолина) – қола медаль Никита Тумаков (жекелей сын) – қола жүлде Ерлер арасындағы синхронды секіруде Ерлан Тасмағамбетов пен Роман Барков ...
Read More »Жарыс
Дархан Теміралиев – III ТМД елдері ойындарының жеңімпазы
Әзербайжанда өтіп жатқан III ТМД елдері ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Мингячевир қаласында каратэ бәсекесінде отандасымыз Дархан Теміралиев — 60 кг дейінгі салмақта топ жарды. Сонымен қатар тағы үш отандасымыз жүлделі орыннан көрінді. Олар: Натали Касикова (ката) – күміс медаль Малика Абжанова (-50 кг) – қола жүлде ...
Read More »Түркістан облысының әкімі де спортшыларға автокөлік табыс етті
Түркістан облысының спортшылары биылғы жылдың 9 айында Қазақстан чемпионаттарында – 1060 медаль, Азия чемпионаттарында – 109 жүлде, әлем чемпионаттарында 79 медаль жеңіп алды. Бүгін солардың бірқатарын Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы марапаттап, құрмет көрсетті. Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен кездесуде жуырда еркін күрестен және армрестлингтен әлем чемпионатында ел сенімін ақтаған спортшылар марапатталды. – Сіздерді еркін күрес пен армрестлингтен ...
Read More »III ТМД елдері ойындары: Қазақстан жүзуден 19 жүлде алды
Бүгін Әзербайжанның Гянджа қаласында жүзуден III ТМД елдері ойындарының соңғы жүлделері сарапқа салынды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазақстан спортшылары 4 дисциплинада сынға түсіп, соның ішінде 2 күміс, 1 қола медаль иеленді. Жүлдегерлер: Тайисия Короткова (кешенді жүзу, 400 м) – күміс медаль Қазақстан ұлдар құрамасы (кешенді жүзу, 4х100 м) – күміс жүлде Қазақстан құрамасы, ...
Read More »Әділбек Мусин жүзуден Азия чемпионы атанды
Әділбек Мусин суға жүзуден Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 23.74 нәтижесімен мәреге жетіп, алтын медальді жеңіп алды. Финалда тағы бір отандасымыз Максим Сказобцов (23.90) үшінші орынға табан тіреді. Осы бағдарлама бойынша әйелдер арасында өткен жарыста София Әбубәкірова екінші орын алса, Софья Сподаренко мәре сызығын үшінші болып ...
Read More »Кадеттер арасындағы ӘЧ-2025: қазақтың қаршадай балалары әлем чемпионы атанды
Алматыда кадеттер арасындағы биылғы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. «Кадет» деп 12 жасқа дейінгі жас шахматшыларды атайды. Осы әлемдік додада 8 жастағы Әлиша Бисалиева, Әдинұр Әділбек пен 12 жастағы Данис Қуандықұлы чемпион атағын жеңіп алды. Осының нәтижесінде еліміз командалық есепте де үздік шықты. Шахматтан кадеттер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионаты (FIDE World Cadet Chess Championships 2025) 19–30 ...
Read More »Су спортынан АЧ: Қазақстан екі күміс медаль жеңіп алды
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионатының екінші күні аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Бұл сында Глеб Коваленя еркін әдіс бойынша 50 метрге 22.81 секундта, ал Айбат Мырзамұратов брасс әдісімен 50 метрге 28.04 секундта жүзіп, күміс медаль алды. Қазақстан құрамасының өзге көрсеткіштері: Артур Миронов – 5-орын, 50 м брасс, 28.31 Әділбек Мусин – 6-орын, ...
Read More »Қазақстан каратэшілері III ТМД елдері ойындарына қатысады
Қазақстан каратэшілері 28 қыркүйекте Әзербайжанда басталған ТМД елдерінің III ойындарына қатысады, деп хабарлайды Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі. Ойындар 8 қазанға дейін болады. Онда барлығы спорттың 23 түрінен жүлде сарапқа салынады. Бұл қатарда WKF каратэ бар. Назарыңызға ката және кумите бағдарламасындағы Қазақстан құрамасының тізімін ұсынамыз: Әйелдер — Айжан Бәкірова (-61 кг), Асылай Савидова (+68 кг), Айшабибі Шарахан (-55 кг), Малика ...
Read More »III ТМД елдері ойындары: мергендер қоржынға екі медаль салды
Әзербайжанда басталған ТМД елдерінің III ойындарында стенд атудан Қазақстан құрамасы екі жүлдені жеңіп алып үлгерді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Скит жаттығуында аралас жұптық сында Максим Почивалов пен Лидия Башарова жұбы аса тартысты өткен финалда күміс жүлдегер атанды. Микстен жүлдегерлер: Ресей Қазақстан Әзербайжан Ал трап жаттығуында жекелей сында Наргиза Сарманова қола жүлдеге ие болды. ...
Read More »Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогы кезеңінде екінші орын алды
Түркістанда триатлоннан Азия кубогының кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы ірі турнирде бір медальға ие болды. Ерлер арасында өткен жарыста Дарын Қонысбаев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Бірінші орынды ресейлік Денис Колобродов жеңіп алса, оның отандасы Роман Минеев үшінші болып мәреге келді. Аян Бейсенбаев төртінші, Егор Крупяков алтыншы, Александр Тен 12-орын, Арлан Жанабай 15-орын, ал Әли Жанат 18-орын алды. ...
Read More »