• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жарыс

    Спорттық гимнастика: Милад Карими — Әлем кубогының иегері! (ВИДЕО)

    Катардың астанасы – Доха қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының шешуші кезеңінде ұлттық құраманың екі атлеті жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Еркін жаттығуда Олимпиада лицензиясының иегері Милад Карими (14.766 ұпай) жеңімпаз атанды. Ал Дмитрий Патанин 14.500 ұпай жинап, үшінші сатыға табан тіреді. Күміс медаль Люк Уайтхаусқа (Ұлыбритания, 14.566 ұпай) бұйырды. Бүгін Милад Карими қоссырық ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Юсуп Батырмурзаев еркін күрестен үшінші жолдаманы алып берді (ВИДЕО)

    Қырғызстанның астанасы — Бішкекте Олимпиада жолдамасы үшін еркін күрестен өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық турнирінде 97 келі салмақта сынға түсіп, жолдама алған Әлішер Ерғалидан кейін ауыр салмақтағы (125 кг) Юсуп Батырмурзаев та Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды. Аса ауыр салмақтағы балуанымыз Бахрейн өкілі Шамиль Магомедовты тізе бүктіріп, екінші рет Олимпиялық ойындарға баруға мүмкіндікке ие болды. Бұған дейін ол ширек финалда Юсуп ...

    Read More »

    Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама шықты

    Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина теннистен Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты. Жарыстың екінші айналымында Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметованы (19 WTA) үш сетте 7:6, 1:6, 6:4 есебімен жеңіп, ширек финалға шыққан болатын. ¼ финалда теннисшіміз 2 сағат 10 минутқа соқылған аса тартысты ойында италиялық Ясмина Паолиниді 2:1 (6:3, 5:7, 6:3) есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама ...

    Read More »

    Гимнасшы Аида Бауыржанова Әлем кубогының финалына шықты

    Бүгін спорттық гимнастикадан Катардың астанасы – Доха қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының шешуші кезеңінде тағы екі спортшымыз өнер көрсетіп, біреуі финалға шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Еркін жаттығуда сынға түскен Аида Бауыржанова 12.800 ұпай жинап, 6-орынмен финалға шықты. Ал Дарья Ясинская үздік 8 спортшының қатарына кіре алмады. Бөрене жаттығуында Дарья Ясинская 22-орынға (11.833) тұрақтаса, Аида ...

    Read More »

    Саха Республикасында асық ойынын дамыту қолға алынады

    Бүгін Астана қаласында Саха (Якутия) Республикасының Қазақстандағы күндері басталды. Астана мен Алматы қалаларында 21 сәуірге дейін жалғасатын күндер аясында  бауырлас екі ел арасындағы мәдени, спорттық, іскерлік бағытта көптеген шара ұйымдастыру жоспарланған. Іс-шараның бірінші күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдап, екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы, кен өндіру, цифрландыру және туризм салаларындағы ынтымақтастық талқыланды. Сонымен қатар Асық ...

    Read More »

    Қазақстан гимнасшылары Әлем кубогының финалына шықты

    Спорттық гимнастикадан Катардың астанасы – Доха қаласында Әлем кубоыгының шешуші кезеңі басталды. Жарыстың қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшылар белгілі болады. Әзірше ат снарядындағы жаттығу сайысында Нариман Құрбанов іріктеуден екінші орын алып, финалға шықты. Ол 15.033 ұпай жинады. Бұл ұпай оған Олимпиадаға жолдама алуға мүмкіндік беріп отыр. Олимпиадаға лицензияны 1-2 орын иеленген спортшылар алады. Милад Карими мен Дмитрий Патанин да еркін жаттығудан финалға ...

    Read More »

    Жазғы Олимпиадаға 100 күн қалды

    Биылғы жылдың басты додасы — жазғы Олимпиялық ойындардың салтанатты түрде ашылауына 100 күн уақыт қалды. Олимпиада Париж қаласында 26 шілдесі мен 11 тамыз аралығында болады. Париж қаласы 2017 жылдың 13 қыркүйегінде Перудің Лима қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитеттің 130-сессиясында 2024 жылғы Олимпиаданы өткізетін қала болып бірауыздан сайланды. Бұған дейін Францияның астанасы өз тарихында екі рет 1900 және 1924 жылдары төртжылдықтың басты додасын өткізді. ...

    Read More »

    Алматының ардагер шахматшылары жеңімпаз атанды

    Жақында Қызылорда қаласында тұңғыш рет ардагер шахматшылар арасында Қазақстан Республикасының командалық біріншілігі аяқталды. Әр команда намысын құрамында үш ер және бір әйел шахматшы қорғады. Сайысқа еліміздің 9 облысынан он команда қатысқан еді.  Жарысты өткізген Қызылордадан ғана екі команда қосылды. Жарыс швейцар жүйесімен жүргізіліп, жеті командалық кездесу өткізілді. Біріншілік нәтижесінде 19,5 ұпай жинаған Алматы қаласының шахматшылары жеңіс тұғырына көтеріліп, бас кубокты ...

    Read More »

    Жағажай волейболдан ұлттық құрама Аустралиядан жеңілді

    Жағажай волейболдан Таиланд елінің Сонгкхла қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы Аустралиядан жеңілді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Турнирге 15 елден 100-ден астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы 1/8 финалда Аустралиядан 0:2 есебімен есе жіберді. Халықаралық турнир 16 сәуір аяқталады.

    Read More »

    Таеквондошылар Испаниядан төрт жүлдемен оралды

    Таеквондодан Испанияда өткен G-1 санатындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының спортшылары жалпы есепте үшінші орын иеленді. Ересектер арасында Әзірет Дүйсенбек (54 кг) пен Нұрлан Мырзабаев (87 кг) алтын медаль жеңіп алды. Абдурахмон Марипов (74 кг) күміс иеленсе, Жавовирхан Исламовтың (58 кг) еншісінде қола жүлде бар. Кадеттер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы бірінші орыннан көрінді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »