• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жарыс

    Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды

    Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Нью-Йоркте 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды. Ол US Open турнирінің финалында Беларусь өкілі Арина Соболенкомен ойнап,  6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Теннисшілер кортта 2 сағат 23 минут ойнады. Осы уақытта Рыбакина 12 эйс жасады.  12 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Осылайша, Рыбакина мансабында алғаш рет US Open чемпионы атанып, «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші чемпиондық атақты жеңіп алды.  Осы ...

    Read More »

    VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Алматы облысының тұлпарлары топ жарды

    31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары да өз мәресіне жетіп, көш бастаған елдер белгілі болды. Негізі түркі елдерінің ортақ тарихи-мәдени мұра төңірегінде біріктіруге және этноспортты дамытуға бағыт алған бұл аламанда Қазақстан халқы асыға күтіп, теледидардан көз алмай тамашалағанын еді. Тіпті, мұхит асып Америка елдерінен де келген тартысты жарысқа 13 елден 3 мыңға жуық ...

    Read More »

    Бір атаның балалары Түркістанда доп тепті

    …Сонау 1991 жылы Донкихотшылап таза қазақ балаларынан «НАМЫС» атты Ұлттық кәсіпқой футбол клубын құрып, Қазақстан чемпионатында 5-6 жыл ойнаған соң клубымызды демейтін жан немесе мекеме табылмағаннан кейін 4-5 жыл төмен қарап жүрдім де, қазақ футболына талант іздеу арманы ұйықтатпаған соң, 2001 жылы «БІР АТАНЫҢ БАЛАЛАРЫ ФУТБОЛ ОЙНАЙДЫ!» деген атпен бір командада бір ғана атаның балалары ойнайтын (Жүнісбаевтер, Айдаболовтар) жарыс ойлап ...

    Read More »

    Азиада: ауыр атлетикадан ұлттық құрама жасақталды

    Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Жапонияның Аичи провинциясы мен Нагоя қаласында жалауы желбірейтін XX жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Дүрмекті додасында ел намысын ерлер арасында Өтепберген Әлиев (60 кг), Сайрамкез Ақмолда (65 кг), Бексұлтан Айтбай (75 кг), Алексей Чуркин (85 кг), Нұрғиса Әділетұлы (95 кг) қорғайды. Ал әйелдерден Екатерина Алякина (57 кг), Арай Нұрлыбекова (69 кг), Аянат Жұмағали (77 кг), ...

    Read More »

    Қырғызстан ақыры қателігін мойындады

    Қырғызстан Қазақстанның VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарындағы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алғанын ақыры мойындады. Бір тәулік ойланып, толғанып, Қазақстан спортшыларының 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медальді жеңіп алғанын мойындауға мәжбүр болды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов хабарлады. Ол VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының қорытындысындағы медаль есебіне қатысты пікір білдіріп,  жарыстың жақсы өткенін, дегенмен командалық есеп бойынша медальдарды ...

    Read More »

    Көптен күткен көкпаршыларымыз жерге қаратты

    Көкпар VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының шыңырау шегі еді, деп тақымымызды қысып, жанымызды шүберекке түйіп финалды күттік. Басқа ойындардан көкпардың шоқтығы биік екені анық еді. Ұлттық спортымыздың ішіндегі көкпар орны айрықша екені де рас. Ал финалдағы біздің жігіттердің сүреңсіз көкпарын көріп, әбден қапа болдық. Көздерінде от, жеңіске деген жігер, білекте күш не шеберлік жоқ қандай құраманы алып барғанын білмедік. Әсіресе, тіпті ...

    Read More »

    Баку бозкілемі қазақ күресінің кеңістігін кеңейтті

    Әзербайжанның астанасы Бакуде өткен қазақ күресінен XII әлем чемпионаты төл күрестің халықаралық деңгейдегі бәсекесі жыл өткен сайын күшейіп келе жатқанын көрсетті, деп хабарлады Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Екі күнге созылған додаға 24 елден 159 спортшы қатысып, ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпиондары анықталды. Соның 11-інде Қазақстаннан өзге мемлекеттердің балуандары жеңіске жетті. Баку бозкілеміндегі нәтиженің басты ...

    Read More »

    Балуандар Бакуде әлем чемпионаты кезінде дауыс берді

    Қазақ күресінен Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты кезінде Қазақстан құрамасының балуандары Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды  Qazaq Kuresi қауымдастығының баспасөз қызметі. Ұлттық құрама өкілдері Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшілігіне барып, елшілік жанынан ашылған №426 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Сайлау учаскесінде қазақ күресінен Әлем кубогінің иегері, әлем чемпионы Рузимон Тугушев, Азия және екі дүркін әлем чемпионы ...

    Read More »

    Оннан астам ел бірігіп қазақ күресін дамытуға келісті

    Әзербайжанның астанасы Бакуде өтіп жатқан қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты кезінде Qazaq Kuresi қауымдастығы мен қатысушы елдердің ұлттық федерация өкілдері кездесті, деп хабарлайды Qazaq Kuresi қауымдастығының баспасөз қызметі. Басқосуда қазақ күресінің халықаралық деңгейдегі дамуы сөз болып, 12 елдің өкілі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жиынды Qazaq Kuresi қауымдастығының бас директоры Мейіржан Берекетов ашты. Ол ұлттық федерация басшылары мен спорт ...

    Read More »

    Рыбакина Торонто турнирінен қанша ақша тапты?

    Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына шыққаны үшін қомақты сыйақы алды, деп хабарлайды Egemen.kz. Теннисші финалда Польшаның спортшысы Ига Швёнтектен 0:2 есебімен (2:6, 3:6) есе жіберді. Солай болса да ол жарыстың соңғы ойынына шығып, финалист атанғаны үшін 564 920 доллар (262,8 миллион теңге) сыйақы алды. Финал 13 тамыздан 14 ...

    Read More »