• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиада комитеті

    Дзюдодан Гран-при турнирі: Аман Бақытжан — күміс жүлдегер!

    Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Аман Бақытжан Хорватияның Загребте қаласында өтіп жатқан Гран-придің финалында күміс жүлдені қанағат тұтты.

    Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың финалында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ян Юн Вэймен (Қытайлық Тайбэй) бақ сынады.

    Белдесуде Аман Бақытжан қарсыласына жол берді.

    Осылайша ол Қазақстан құрамасының қоржынына екінші күміс медальді салды. Бұған дейін Ғалия Тыңбаева (48 келі) күміс жүлдеге ие болған еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *