• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиада комитеті

    Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлдегер атанды

    Боксшы Марал Төлепберген Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалында жеңіліп қалды.

    Бұрымды боксшымыз 54 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Өзбекстанның өкілі Сабрина Чакомановамен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте өзбекстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен басым түсті.

    Осылайша Марал Төлепберген Олимпиада ойындарын үшінші орынмен аяқтады.

    Бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 кг) мен Бибарыс Әшірбай (70 кг) финалға шыққан еді.

    Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында бес жүлде бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медаль иеленсе, триатлоншы Рамазан Әйнегов пен таеквондошы Любовь Юн (63 келіден аса) қола жүлдені жеңіп алған болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *