• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс

    Төрехан Сабырхан жастар арасында әлем чемпионы атанды

    Бокстан Будва (Монтенегро) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Атап айтсақ, 67 кг салмақта Төрехан Сабырхан финалдағы жекпе-жекте Куба боксшысы Дэвид Эспиносаны 4:1 есебімен жеңді. Екі боксшы биыл наурыз айында жастар арасында өткен Әлем кубогында да кездесіп, отадасымыз басым түскен еді. Осы ...

    Read More »

    Бокстан ӘЧ: 17 отандасымыз жартылай финалға шықты

    Монтенегроның Будва қаласын 17-18 жастағы боксшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Қазақстан құрамасы осы жас санатындағы әлем чемпионатының жартылай финалистер саны бойынша өз рекордын жаңартты. Дүниежүзілік доданың жартылай финалына шыққан боксшылар: Диас Берікбай — 48 кг. Бексұлтан Боранбек — 51 кг. Жансерік Көшербаев – 57 кг. Төрехан Сабырхан – 67 кг. ...

    Read More »

    Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға кезекті дайындығын бастады (ВИДЕО)

    Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға кезекті дайындығын бастады. Елдос Сайдалин жаттықтыратын құрама команда Алматы облысындағы Жанашыр ауылында жаттығу жиынын өткізуде. Бұл жерде дайындық кезеңі 2 шілдеге дейін болады. Ал Олимпиада қарсаңындағы соңғы жиын да дәл осы базада ұйымдастырылады. Қазақстан әйелдер командасы Олимпиялық ойындарға үш лицензияны жеңіп алды. Бокстан лицензия басқа спорт түрлері сияқты құраманың басқа спортшысына таңдап берілмейді. Ол атаулы жолдама болып ...

    Read More »

    Бокстан жасөспірімдер командасының жаңа құрамы жасақталады

    Түркістан облысында бокстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды, деп хабарлады olympic.kz. Боксшылардың жас дәрежесінде салмақтардың өзгеруіне байланысты Алматыда 5-9 шілде аралығында қосымша іріктеу турнирі өтеді. Осы жарыстың қорытындысы бойынша жаңа құрам жасақталады. Команда 6-20 тамыз аралығында Алматы облысындағы Республикалық олимпиадалық даярлық орталығында қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл жұмыстың барлығы Азия чемпионатына арналып отыр. Тамыз айында жасөспірімдер Әбу-Дабидегі (БАӘ) құрлықтық чемпионатқа ...

    Read More »

    Боксшылар Олимпиадаға соңғы дайындықты бастайды

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Түркияның Анталья қаласындағы бір апталық жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлады olympic.kz. Кеңейтілген құраманың жиыны бір аптаға созылып, боксшылар жағажайда жаттықты. Сондай-ақ, Жерорта теңізіне шомылып, көгалда командалық ойындар ұйымдастырылды. Субтропикалық климатта бойына күш-қуат жинаған спортшылар үйлеріне тарқасты. Санаулы күнде ұлттық құрама Алматы облысындағы олимпиадалық базада оқу-жаттығу жиынына кіріседі. Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы екі кезең жаттығу қалды. Соның алғашқысы ...

    Read More »

    Боксшылар кезекті халықаралық турнирге дайындалып жатыр

    Қазақстан жастар құрамасы Түркістан облысында орналасқан «Алматау» спорт базасында оқу-жаттығу жиынын өткізуде, деп хабарлады Бокс федерациясы. Бұл оқу-жаттығу жиыны 9 маусымда басталды. Ол 23 маусымға дейін болады. Жиынға келген боксшылар 24-28 маусым аралығында Шымкентте өтетін Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған халықаралық турнирге қатысады. Турнирде жеті мемлекеттің өкілдері күш сынасады. Жаттығу жиынына Қазақстан құрамасымен бірге Грузияның боксшылары да қатысып жатыр. Сонымен қатар, ...

    Read More »

    Қазір бокста әрбір жекпе-жек финалдан кем емес – Мырзағали Айтжанов

    Бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов Таиландтың Бангкок қаласында өткен соңғы іріктеу турнирінен кейін ерлердің ұлттық құрама командасының Олимпиадаға дайындығы туралы айтып берді, деп хабарлады olympic.kz. Ол Олимпиадаға ұлттық құраманы толық құрамды апаруды жоспарлағанын айтып, боксшылардың тқрт жылда бір айналып келетін дүрмекті додаға дайындығы тиісті деңгейде болып жатқанын атап өтті. Биылғы алға қойған жоспарымыздың бірі – Олимпиадаға толық құрамда ...

    Read More »

    Боксшылар Олимпиадаға толық құраммен барады (ВИДЕО)

    Бокстан Таиландтың  Бангкок қаласында өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде еліміздің үш былғары қолғап шебері төрт жылда бір рет келетін дүрмекті додаға жолдама алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ерлер арасында 63,5 келі салмақта сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы молдовалық Александр Парасчивті 5:0 есебімен жеңіп,  Олимпиада квотасын иеленді. Осылайша, Мырзағали Айтжанов шәкірттері Олимпиадаға толық құрамда баратын болды. Қазақстан әйелдер ...

    Read More »

    Боксшы Асланбек Шымбергенов тоғыз жылдан күткен  Олимпиадаға барады

    2013 жылы бокстан Атырауда өткен Қазақстан чемпионатында Асланбек Шымбергенов 64 келіде бақ сынап, екінші орын алды. Содан кейін ол ұлттық құрамаға алынып, шетелдегі сайыстарда ел мерейін асқақтатты. 2014 жылы Таразда ел чемпионы атанды. 2016 жылы Рио Олимпиадасына қарағандылық Абылайхан Жүсіпов қатысты. Олимпиадаға бармаса да А.Шымбергенов бокстан кетпеді. Қайта ол Олимпиадаға қалайда қатысамын деп өзіне жоспар қояды. 2017 жылы Талдықорғанда өткен ...

    Read More »

    Боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалға шықты

    Бокстан Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға соңғы іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының өкілі Мұхамедсабыр Базарбайұлы 63,5 кг салмаққа дейінгі дәрежеде үшінші рет шаршы алаңға шығып, қарсыласын жеңді. Ол италиялық Джанлуиджи Малангадан айласын асырып, ширек финалға шықты. Бұл жекпе-жек аса тартысты және қызықты болды. Қазақ боксшысы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, ол Олимпиада квотасына бір қадам жақындады. Айта кететін ...

    Read More »