Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыда болатын жекпе-жегінің кейінге шегерілгенін айтты.
Оның айтуынша, 27 желтоқсанға жоспарланған бокс кешіне қатыса алмайды.
– Құрметті жанкүйерлерім, мен 27-желтоқсанда Алматыда болатын бокс кешіне қатыспаймын. Бұған бірнеше себеп болып тұр. Соның бірі қарсыластарға байланысты мәселе туындады. Егер бәрі ойдағыдай болса, жекпе-жек шамамен бір жарым айға кейінге қалады. Нақты күні белгілі болғанда міндетті түрде хабарлаймыз, – деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның жасы 41-де. Ол 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері.
Қанат Ислам кәсіпқой бокста бірқатар жетістікке жеткен. Ол бірінші орта салмақта WBA Inter-Continental, WBO NABO, WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin және WBA Fedecaribe титулдарының иегері.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары