Триатлоншы Егор Крупяков Қытайдың Чунцин қаласында өткен Азия кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды.
Ол ерлер арасындағы жарыста қашықтықты 1 сағат 55 минутта мәреге екінші болып жетті.
Жарыс жеңімпазы ресейлік Павел Сорокин атанды. Ол мәреге 1 сағат 54 минут 6 секундта бірінші болып келді. Қытай өкілі Любо Чжан (1:55:01) үздік үштіктен орын алды.
Отандастарымыз Арлан Жаңабай 12-орынға, ал Дарын Қонысбаев 13-орынды қанағат тұтты.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары