Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті жарыс күні әйелдер күресімен жалғасты.
Ұлттық құрама көшбасшысы, әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова (-72 кг) ширек финалда Украина өкілі, U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа чемпионы Надия Соколовскамен белдесіп, 9:1 есебімен жеңіске жетті.
Енді бірнеше сағаттан соң Бақбергенова жартылай финалда Қытай өкілі Зелу Лимен күш сынасады.
Жартылай финал сағат 16:30-да басталады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары