Алматыда кадеттер арасындағы биылғы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. «Кадет» деп 12 жасқа дейінгі жас шахматшыларды атайды. Осы әлемдік додада 8 жастағы Әлиша Бисалиева, Әдинұр Әділбек пен 12 жастағы Данис Қуандықұлы чемпион атағын жеңіп алды. Осының нәтижесінде еліміз командалық есепте де үздік шықты. Шахматтан кадеттер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионаты (FIDE World Cadet Chess Championships 2025) 19–30 ...
Read More »Tag Archives: әлем чемпионаты
Шахматшы Ксения Балабаева – рапидтен әлем чемпионы!
Перудің астанасы Лима қаласында өтіп жатқан шахматтан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (рапид бойынша) Ксения Балабаева жеңіске жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 19 жастағы отандасымыз әлем чемпионатының 9-турынан кейін 7 ұпай жинап, ең үздік нәтиже көрсетті. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 15+10 уақыт бақылауымен (әр ойынға 15 минут және әр жүріске 10 ...
Read More »Пара жүзуден ӘЧ: Нұрдәулет Жұмағали күміс медаль алды
Сингапурде өтіп жатқан пара жүзуден әлем чемпионатында Нұрдәулет Жұмағали брасс әдісімен жүзуде 100 метр қашықтықты 1:06.64 секундта жүзіп өтіп, күміс жүлдені иеленді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Ведомствоның хабарлауынша, бірінші орын бейтарап ел атынан қатысқан спортшы Тимофей Гукқа бұйырса, үшін орынды украиндық Федина Алексей иеленді. Бұл – Нұрдаулет Жұмағалидің әлем чемпионатындағы үшінші күміс жүлдесі. Бұған дейін ол 2022 жылы ...
Read More »XXI ғасырдағы алғашқы алтын медаль!
Тарихи медаль! Қазақстан XXI ғасырда араға 26 жыл салып, грек-рим күресінен әлем чемпионатының алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Хорватияның астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Отандасымыз Айдос Сұлтанғали 60 кг дейінгі салмақтың финалында Әлішер Ганиевті (Өзбекстан) жеңді. Айдос Сұлтанғали елімізге 26 ...
Read More »Алматыда шахматтан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты басталды
Әлем чемпионаты 19–30 қыркүйек аралығында болады. Оған 8 бен 12 жас аралығындағы жас шахматшылар қатысады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Чемпионатқа қазірдің өзінде 88 елден 850-ден астам жас шахматшы тіркелді. Олардың қатарында Үндістаннан (28), Қытайдан (25), АҚШ-тан (24) қатысушылар бар. Қазақстан чемпионат иесі ретінде 200-ден астам ойыншыны қатыстырады. Әлемдік дода Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Халықаралық шахмат ...
Read More »912 медаль – 8 айдағы рекорд: отандық спортшылар тарихи нәтижеге жетті
Қазақстан әлемдік спорт аренасындағы беделін нығайтып келеді. Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында отандық спортшылар 912 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 351-і – алтын, 270-і – күміс, 291-і – қола. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Отандастарымыз мұндай жетістікке мемлекеттің спортқа жүйелі қолдауының, жаттықтырушылар құрамының орасан зор еңбегінің, спорт федерацияларының үйлесімді жұмысының нәтижесінде қол жеткізіп отыр. Бұған қоса ұлттық құрамаға ...
Read More »Тұңғыш рет қазақ боксшысы аса ауыр салмақта әлем чемпионы атанды
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында тұңғыш рет қазақ былғары қолғап шеберлерінің арасында алтын медальді жеңіп алды. Былғары қолғап шебері 90 келіден аса салмақта Өзбекстанның өкілі Жахонгир Зокировпен қолғап түйістірді. Бірінші және екінші раундта өзбек боксшысы басым түсті. Дегенмен Айбек Оралбай соңғы үшінші раундта қайсарлық танытып, жеңісті суырып алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем ...
Read More »Еркін күрестен ӘЧ: Асылжан Есенгелді мен Нұрқожа Қайпанов – қола жүлдегер!
Бүгін еркін күрестен Хорватияның астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ұлттық құрама спортшысы Асылжан Есенгелді (-60 кг) жүлде жолында америкалық Джаксен Патрик Форресті жеңіп, қола медаль алды. Отандасымыз соңғы секундтарда ұпай алып, басым түсті. Ол екі жыл бұрын осы салмақта Албанияның Тирана қаласында өткен ...
Read More »Бокстан ӘЧ: Қазақстан алтын жүлдені санап алып жатыр
Бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрама командалары алтын жүлде үшін жан алысып, жан беріскен таласта алдына жан салмай келеді. Бүгін бірінші болып жүлдені Назым Қызайбай жеңіп алды. Ол 48 келіге дейінгі салмақтың финалдық жекпе-жегінде үнді Минакшимен қолғап түйістірді. Алғашқы раундта Минакши 4:1 есебімен басым түсті. Екінші раунд 3:2 есебімен Назым Қызайбайдың пайдасына аяқталды. ...
Read More »Бокстан ӘЧ: Айбек Оралбай екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, финалға шықты
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты. Ол 90 келіден аса салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы, Кубаның атақты боксшысы Хулио Сезар Ла Круспен қолғап түйістіріп, оны ұпай саны бойынша жеңді. Енді Айбек Оралбай әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды. Бүгін сегіз финалдық жекпе-жекке кімдердің шығатыны белгілі болды. Бұл финалдардың екеуінде ...
Read More »