Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына қола жүлде түсті.
Қазақстан командасының спортшысы, жазғы Азия ойындары мен Ислам Ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері Зейнеп Баянова кіші финалда Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, Беларусь өкілі Наталья Варакинамен күш сынасты. Бұл сында отандасымыз қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, 50 кг дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.
Кеше Баянова жарысты 8/1 айналымнан бастап, Париж Олимпиадасына қатысқан Өзбекстан өкілі Ақтеңге Кеунимжаеваны, одан кейін ширек финалда Моңғолия спортшысы Отгонжаргал Долгоржавты жеңген еді. Ал жартылай финалда үнді қарсыласы Ниламға жол берді.
Бұл — әйелдер күресінен Қазақстан командасының қоржынына түскен алғашқы жүлде.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары