Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Қазақстан кубогында әйелдер күресінен 10 салмақта толықтай жүлдегерлер анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 65 келіде 38 жастағы Елена Шалыгина бірде-бір қарсыласына ұпай бермей, чемпион атанса, 76 келіде Эльмира Сыздықова кезекті рет көшбасшылығын дәлелдеді. Кубок иегерлері мен жүлдегерлердің тізімі: 53 кг: Алтын – Ирина Жәнібекова (Қарағанды обл.) Күміс – ...
Read More »Tag Archives: күрес
Астанада күрес түрлерінен Қазақстан кубогы басталды (ФОТО)
24–30 мамыр аралығында Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде (Тұран даңғылы, 59) ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан кубогы өз жалауын көтерді, деп хабарлады Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы. 24 мамырда дүбірлі дода салтанатты ашылу рәсімімен басталып, сол күні-ақ еркін күрестен 57, 65, 86, 97 және 125 кг салмақ дәрежелеріндегі балуандар бозкілемге шықты. 25 мамырда финалдық белдесулерге ...
Read More »Жігіттерде жігіт бар азаматы бір бөлек
Расыменде өз кәсібінің нәсібін көріп қана қоймай айналасына, қоғамға белсене үлес қосып жүрген кейбір қазақтың абзал азаматтарын көріп риза болып қалатынымыз рас. Ал спорт саласына келетін болсақ, бар ғұмырын бала тәрбиелуге арнап, үйін айлап көрмей тер төгіп жүрген бапкерлердің еңбегін көріп, Алла саулығын берсін дейміз. Сонау 1990 жылдары ел экономикасы дағдарысқа ұшырап, егемен ел болудың жарқын жолына түскенде спорт саласының да ...
Read More »Күрестен халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Күрестен мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz. Оған Қазақстан, АҚШ, Қытай, Қырғыстан, Өзбекстан, Аустралия, Бразилия, Ресей, Моңғолия спортшылары қатысты. 21 желтоқсанда 57 кг, 65, кг, 74 кг, 86 кг және 97 кг салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар анықталды. Төменде турнирдің жеңімпаздары көрсетілген: 57 кг: Рахат Қалжан (Қазақстан) 65 кг: Әділ Оспанов (Қазақстан) 74 ...
Read More »Асу бермес асқар жоқ
Жуырда Алматы облысы Есік елді мекенінде дзюдо күресінен 2013-2014 жылдары туған кіші жасөпірімдер арасында Алматы облысының ашық біріншілігі болып өтті. Тәуелсіздік күніне арналған бота балуандар арасындағы жарыс Есік қаласындағы №1 Балалар мен жасөспірмдер спорт мектебінің шаңырағында ұйымдастырылған еді. Бүгінгі таңда ауыл жастарының дзюдо күресіне қызығушылық танытып, көптеп күрес үйірмелеріне жазылып тобын жазбай келе бастауы көңіл қуантады. Оның басты себебі өткен ...
Read More »Олимпиадада күрестен алғаш рет еліміздің атынан екі төреші қызмет етеді
Бүкіләлемдік күрес одағы Олимпиадаға 50 төрешіні таңдады. Соның ішінде дүниежүзінің кұрес түрлерінен өтетін жарыстарда көпшілікке жақсы таныс екі төрешіміз бар. Олар: Ерік Жұмабеков пен Игорь Лигай. Игорь Лигай осыдан үш жыл бұрын Токиода өткен Олимпиялық ойындарда төреші ретінде қызмет атқарған. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Күрестен ұлттық құрамаға легионерлерді емес, қандастарды шақыру керек!
Юсуп, Елена және Начын секілді легионерлерге үміт артта бермей, қандас-спортшыларды неге елге шақырмаймыз? Күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азиялық іріктеу турнирінде 18 салмақ дәрежесінде 36 лицензия тігіліп, 195 спортшы Парижге жолдама үшін бақ сынады. Қазақстаннан күрестің үш түрі бойынша он алты палуан қатысты. Біздің елдің атынан шетелден келген легионер ретінде сынға түсіп, Париж Олимпиадасына жолдама алған Юсуп Батырмурзаев та бар. ...
Read More »Күрестен АЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы төрт қола жүлдені иеленді
Күрес түрлерінен Қырғызстанның астанасы — Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында барлық салмақтағы үздіктер анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Кеше спортшылар қалған бес салмақта сынға түсті. Ұлттық құраманың спортшылары соның екеуінде жүлдені жеңіп алды. Анастасия Панасович 72 кг дейінгі салмақта қола медаль үшін күресте өзбекстандық Озода Зарипбоеваны таза жеңді. Сонымен қатар Лаура Алмағанбетова үшінші ...
Read More »Қарысбек Махамбетов: «Ризабек жаңа салмаққа бейімделіп жатыр»
Еркін күрестен Қазақстан құрама командасының жаттықтырушысы Қарысбек Махамбетов Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні туралы өз ойын айтты. Жаттықтырушы Olympic.kz-ке сұхбатында балуандардың күресіне баға беріп, олардың алдағы мүмкіндіктері туралы пікір білдірді. Ол алғаш рет Азия чемпионатында жүлде алған Мейрамбек Қартбай туралы былай деді: Мейрамбек Қартбай алғаш рет Азия чемпионатында жүлдегер болды. Ол былтырғы әлем чемпионатының жартылай финалына дейін ...
Read More »Күрестен АЧ: Ризабек Айтмұхан — күміс медалист!
Қырғызстанның Бішкек қаласында еркін күрестен өтіп жатқан Азия чемпионатында еліміз тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта күміс жүлдегері атанды. Ол финалда 97 келі салмақтағы әлем чемпионы, бахрейндік Ахмед Тажудиновпен күресіп, 2:4 есебімен есе жіберді. Бұл екеуі бозкілемде осымен екінші рет кездесті. Бұған дейін Түркияда өткен халықаралық турнирде де Тажудинов қазақ балуанын жеңген болатын. Ризабек Айтмұхан — 92 ...
Read More »