• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиада комитеті

    Қазақстан жасөспірімдер Олимпиадасын сегіз медальмен аяқтады

    Қазақстан құрамасы Сенегалдың Дакар қаласында өткен IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы жарыстарын аяқтады.

    Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз екі алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

    Дзюдодан 52 келіге дейінгі салмақта Фатима Сұпығалиева, ал тасжолдағы велоспорттан жекелей уақытқа жарыста Әнел Тәшбай Олимпиада чемпионы атанды.

    Боксшылар Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін) мен Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін) Қазақстан қоржынына күміс медаль салды. Сондай-ақ Айбар Қайым семсерлесуден күміс жүлдегер атанды. Ал триатлоншы Рамазан Әйнегов, таеквондошы Любовь Юн (63 келіден аса) мен боксшы Марал Төлепберген (54 келіге дейін) үшінші орынға ие болды.

    Жасөспірімдер Олимпиадасында 18 қазақстандық 11 спорт түрінен бақ сынады.

    Ойындардың жабылу салтанаты 14 қарашада өтеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *