Қазақстан құрамасы Сенегалдың Дакар қаласында өткен IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы жарыстарын аяқтады. Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз екі алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Дзюдодан 52 келіге дейінгі салмақта Фатима Сұпығалиева, ал тасжолдағы велоспорттан жекелей уақытқа жарыста Әнел Тәшбай Олимпиада чемпионы атанды. Боксшылар Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін) мен Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін) Қазақстан қоржынына күміс медаль ...
Read More »Tag Archives: Олимпиада
Жасөспірімдер Олимпиадасы: Айбар Қайым күміс жүлдегер атанды
Семсерлесуші Айбар Қайым Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында бақ сынады. Отандасымыз сабля бәсекесінің финалында түркиялық Жандениз Берракпен кездесіп, одан 15:6 есебімен жеңілді. Ал Айбар Қайым жасөспірімдер Олимпиадасын күміс жүлдемен аяқтады. Қазақстан құрамасының қоржынында сегіз медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 кг) мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медаль алса, боксшылар Бибарыс Әшірбай (70 кг) мен Ақнұр Тұрсынғали ...
Read More »Ақнұр Тұрсынғали — жасөспірімдер Олимпиадасының күміс медалисі
Боксшы Ақнұр Тұрсынғали Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта бразилиялық Сара Кампоспен жұдырықтасты. Алғашқы раундта Ақнұр Тұрсынғали басым түсті. Дегенмен бразилиялық боксшы екінші және үшінші раундтарда тізгінді өз қолына алып, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасын күміс жүлдемен аяқтады. Ұлттық құраманың еншісінде алты медаль бар. Бұған дейін дзюдошы ...
Read More »Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлдегер атанды
Боксшы Марал Төлепберген Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалында жеңіліп қалды. Бұрымды боксшымыз 54 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Өзбекстанның өкілі Сабрина Чакомановамен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте өзбекстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша Марал Төлепберген Олимпиада ойындарын үшінші орынмен аяқтады. Бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 кг) мен Бибарыс Әшірбай (70 кг) финалға шыққан ...
Read More »Любовь Юн — жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері
Қазақстан құрамасының өкілі Любовь Юн Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды. Ол 63 келіден аса салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жартылай финалда Лбюовь Юн Сербия өкілі Эма Зечировичпен жекпе-жекке шығып, одан 2:0 есебімен жеңіліп қалды. Бірінші раундта Любовь Юн 4:18 есебімен, екінші раундта 4:14 есебімен жол берді. Жарыс ережесіне сәйкес, жартылай финалда жеңілген қос ...
Read More »Велошабандоз Әнел Тәшбай Олимпиадада топ жарды
Сенегалдың Дакар қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Олимпиадада тасжолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Әнел Тәшбай жеңіс тұғырына көтерілді. Ол жекелей уақытта қашықтықты 11 минут 32.57 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші болып жетті. Екінші орын Словакияның спортшысы Каролина Гайдуковаға бұйырды. Мәре сызығын 11 минут 37.62 секундтта кесіп, күміс жүлде алды. Ал ресейлік Ангелина Новолодская 11 минут 43.65 секунд нәтижемен үшінші орынға ...
Read More »Жасөспірімдер Олимпиадасында жүлденің ауылы алыс емес
Сенегалдың астанасы Дакар қаласында жалауы желбіреген IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында спорттық гимнастикадан Ева Тациева үздік 18 гимнасшының қатарына кіріп, финалға жолдама алды. Ол жекелей көпсайыста 47,866 ұпай жинап, жалпы есепте 21-орынға шықты. Тағы бір гимнасшы Андрей Терман көпсайыста өнер көрсетті. Отандасымыз алты снарядта өнер көрсетіп, 69,199 ұпай жинады. Дегенмен финалға шыға алмады. Тасжолдағы велоспорттан ұлдар арасында өткен топтық жарыс та ...
Read More »Олимпиада мен Паралимпиаданың эмблемалары таныстырылды
2032 жылы Аустралияның Брисбен қаласында өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми эмблемалары таныстырылды. Эмблемалардан елдің табиғаты мен мәдениетіне тән ерекшеліктерді көруге болады. Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне қарағанда, эмблемалардың басты бейнесі — Аустралияда мекендейтін какадудың екі түрі. Олимпиаданың символы ретінде қызғылт какаду, ал Паралимпиаданың символы ретінде сары айдарлы какаду таңдалған. «Дизайнда басқа да нышандар көрініс тапқан. Құстардың айдарларынан Квинсленд штатының сұлбасын ...
Read More »Cairns Cup 2026: Бибісара Асаубаева алғашқы жеңісіне жетті
Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 турнирінде алғашқы жеңісіне жетіп, көшбасшылар қатарына қосылды. 4-турда шахматшы ақ фигуралармен ойнап, Швейцария атынан өнер көрсететін экс-әлем чемпионы Александра Костенюкті 23 жүрісте жеңді. Бұл — Асаубаеваның турнирдегі алғашқы жеңісі. Алғашқы үш турда отандасымыз Украинаның өкілі Анна Музычукпен, үнді Рамешбабу Вайшалимен және америкалық Элис Лимен тең түскен. Төрт турдан кейін Асаубаева ...
Read More »Бибісара Асаубаева Олимпиадаға қатысады
Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) 15–27 қыркүйек аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтетін 46-Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімін жариялады. Қазақстан құрамасының сапында Бибісара Асаубаева (ересектер арасындағы әйелдер рейтингінде 5-орын), Алуа Нұрман (жасөспірім қыздар арасындағы әлемдік рейтингте 2-орын), Меруерт Камалиденова (жасөспірім қыздар арасындағы әлемдік рейтингте 4-орын), Елназ Қалиахмет (жасөспірім қыздар арасындағы әлемдік рейтингте 22-орын) пен Зарина Нұрғалиева (жасөспірім қыздар арасындағы әлемдік ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары