• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Олимпиада

    42 жолдама: Нариман Курбанов Олимпиаданың лицензиясын иеленді (ВИДЕО)

    Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нариман Курбанов Париждегі Олимпиялық ойындардың лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.  Гимнастикалық ат снарядында сынға түскен Нариман Курбанов Катардың астанасы – Доха қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде төртінші орын алды. Оның жолдама жолындағы басты қарсыласы, тайпейлік Ли Чи Кай екінші орыннан көрінді. Қазақстан спортшысы жалпы есепте 70 ұпай жинап, Әлем кубогы кезеңдерін екінші орынмен ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Юсуп Батырмурзаев еркін күрестен үшінші жолдаманы алып берді (ВИДЕО)

    Қырғызстанның астанасы — Бішкекте Олимпиада жолдамасы үшін еркін күрестен өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық турнирінде 97 келі салмақта сынға түсіп, жолдама алған Әлішер Ерғалидан кейін ауыр салмақтағы (125 кг) Юсуп Батырмурзаев та Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды. Аса ауыр салмақтағы балуанымыз Бахрейн өкілі Шамиль Магомедовты тізе бүктіріп, екінші рет Олимпиялық ойындарға баруға мүмкіндікке ие болды. Бұған дейін ол ширек финалда Юсуп ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Әлішер Ерғали лицензия алды (ВИДЕО)

    Қырғызстанның астанасы – Бішкекте Олимпиада жолдамасы үшін еркін күрестен өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық турнирінде Әлішер Ерғали (97 кг салмақта) мен аса ауыр салмақтағы (125 кг) Юсуп Батырмурзаев Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.  Әлішер Ерғали жартылай финалда қытайлық спортшы Абусайман Хабиладан айласын асырып, 3:2 есебімен, ал күндізгі сессияда Қырғызстанның чемпионы Андрей Ароновты айқын басымдықпен жеңді. Қазір қазақ халқы қиын-қыстау ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Қазақстанда әзірше 39 жолдама бар

    Жапонияның астанасы – Токио қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында байдарка және каноэде ескек есуден Қазақстан құрамасы Олимпиаданың алты лицензиясын жеңіп алды.   Бұл көрсеткіш өзгеруі әбден мүмкін. Алда әлі екі жарыс күні бар. Бүгін каноэде 500 метрге ескек есуде Қазақстан әйелдер құрамасы (Мария Бровкова, Руфина Искакова) чемпион атанып, жазғы Ойындарға жолдама алды. Осыдан кейін байдаркада 500 метрге жарыста Қазақстан ерлер құрамасы ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Қазақстан байдарка мен каноэде есуден тағы төрт жолдама алды

    Байдарка мен каноэде есуден Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы тағы төрт лицензияны жеңіп алды. Екілік каноэде 500 метрге жарысудан сынға түскен түскен Маргарита Бровкова мен Руфина Искакова жолдамаға ие болды. Олар финалдық кезеңде бірінші болып келді. Ал бұл қашықтықта жолдама тек жеңімпаз спортшыларға беріледі. Содан кейін байдарка мен каноэде есуден Сергей Токарницкий мен Бекарыс Раматулла Париж Олимпиадасының ...

    Read More »

    Олимпиаданы ұйымдастырушылар барлық спорт түріне билет сатылымын жариялады

    Биыл Парижде өтетін Олимпиялық ойындардың ұйымдастыру комитеті  спорттық іс-шараларға билеттердің жаппай сатылымы басталғанын жариялады, деп хабарлады Olympic.kz. Акция кеше басталды. Ұйымдастырушылар билет сатып алып үлгермеген жанкүйерлерге сыйлық жасап, Олимпиаданың басталуына 100 күн қалуын атап өтті. Осы іс-шарада 250 мың билет сатылымға шығарылды. Билеттердің ең төменгі бағасы 24 еуро болды. Ұйымдастырушылар мұндай билеттердің 20 мың данасын ұсынды. Басқа билеттердің бағасы спорт ...

    Read More »

    Қазақстанның қоржынына Олимпиаданың тағы екі лицензиясы түсті

    Жапонияның астанасы – Токио қаласында каноэ мен байдаркада ескек есуден өтіп жатқан Азия чемпионатында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұптық сында Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Қазақстандық дуэт каноэмен 500 метрге жарыста финалға шығып, қарсылас шақ келтірген жоқ. Осыған дейін каноэмен 500 метрге жарыста Ульяна Кисилева, одан кейін байдаркамен жарыста Ольга Шмелева Ольга мен Ирина Подойникова жұбы (500 метр) күміс жүлдегер ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: ұлттық құраманың киімі Қазақстанда тігілмейді

    Биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Париж Олимпиадасына арналған ұлттық құрама спортшыларының киімі Қазақстанда тігілмейді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni. Форма сапалы болады деп сенеміз. Себебі, қаңтарда үлкен комиссия құрылды. Оның ішінде 25 адам болды. Комиссия құрамына әлем және Олимпиада чемпиондары, қоғам белсенділері енді. Бірінші кезеңде 8 дизайнер қатысты. Нәтижесінде 6 форманың эскизін ...

    Read More »

    Қазақстан гимнасшылары Әлем кубогының финалына шықты

    Спорттық гимнастикадан Катардың астанасы – Доха қаласында Әлем кубоыгының шешуші кезеңі басталды. Жарыстың қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшылар белгілі болады. Әзірше ат снарядындағы жаттығу сайысында Нариман Құрбанов іріктеуден екінші орын алып, финалға шықты. Ол 15.033 ұпай жинады. Бұл ұпай оған Олимпиадаға жолдама алуға мүмкіндік беріп отыр. Олимпиадаға лицензияны 1-2 орын иеленген спортшылар алады. Милад Карими мен Дмитрий Патанин да еркін жаттығудан финалға ...

    Read More »

    Қазақстан алғаш рет бадминтоннан Олимпиада лицензиясын алды

    Бадминтоннан ұлттық құраманың спортшысы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Дмитрий Панарин олимпиялық рейтингте 25 005 ұпаймен 31-орынға шықты. Сондай-ақ Қазақстан командалық есепте алғашқы 25 елдің қатарына кірді. Ол еліміздің бадминтоннан барлық санаттағы Олимпиялық ойындарда сынға түсетін тұңғыш спортшысы болады. Бадминтоншы осыған дейін 2018 жылы Аргентинаның астанасы — Буэнос-Айрес қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасында сынға түскен. Ендігі кезек ересектер арасындағы ...

    Read More »