• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Олимпиада

    Жазғы Олимпиадаға 100 күн қалды

    Биылғы жылдың басты додасы — жазғы Олимпиялық ойындардың салтанатты түрде ашылауына 100 күн уақыт қалды. Олимпиада Париж қаласында 26 шілдесі мен 11 тамыз аралығында болады. Париж қаласы 2017 жылдың 13 қыркүйегінде Перудің Лима қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитеттің 130-сессиясында 2024 жылғы Олимпиаданы өткізетін қала болып бірауыздан сайланды. Бұған дейін Францияның астанасы өз тарихында екі рет 1900 және 1924 жылдары төртжылдықтың басты додасын өткізді. ...

    Read More »

    Қазақстан, Куба мен Өзбекстан боксшылары бірге жаттығып жатыр

    Бокстан Қазақстан құрамасы Түркістан облысындағы «Алма тау» базасында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Оған Қазақстан боксшыларымен бірге  Өзбекстан мен Куба құрамалары қатысуда. Қазақстан командасы сапынан Париж Олимпиадасына жолдама алған 6алты боксшы мен Таиландтағы соңғы лицензиялық жарысқа қатысатын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бар. Өзбекстан командасы жаттығу жиынына 12 боксшы алып келді. Олардың қатарында әлем чемпиондары Руслан Абдуллаев пен Абдумалик Халоков, Олимпиада чемпионы Баһадүр ...

    Read More »

    Жазғы Олимпиялық ойындардың алауын жағылды

    Грекияда ежелгі Гера храмында жазғы Олимпиялық ойындардың алауын ресми түрде жағу рәсімі болды. Ежелгі Олимпияда Олимпиаданың алауы күн сәулесінен тұтанды. Грекияның белгілі актрисасы Мэри Мина Аполлонға дұға оқып, Зевстен чемпиондардың көп болуын тілеп, алауды салтанатты жағдайда ескек есуден Токио Олимпиадасының чемпионы Стефанос Дускоске тапсырды. Содан кейін алауды жүзуден 2004 жылғы Олимпиялық ойындардның чемпионы, франциялық Лор Маноду ұстайды. Үшінші кезеңді Еурокомиссия басшысының еуропалық ...

    Read More »

    Марафоншы Жанна Мамажанова Олимпиаданың жолдамасын алды

    Нидерландтың Роттердам қаласында 42,1 шақырымға жүгіруден (марафон) өткен жарыстан Жанна Мамажанова ел рекордын жаңартып, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол 2 сағат 26 минут 42 секунд жүгіріп, мәреге төртінші болып жетті. Одан бұрын финишке 2 сағат 19 минут 30 секундта жеткен эфиопиялық Эшет Бекере жеңімпаз атанса, екінші және үшінші орынды кениялық ...

    Read More »

    Қазақстан ауыр атлетикадан Олимпиадаға жолдама ала алмады

    Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем кубогында Қазақстан құрамасы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құраманың спортшылары бірде бір жүлде ала алмады. Еліміздің атынан соңғы болып 87 келіден аса салмақ дәрежесінде Айсамал Сансызбаева мен Сұлтан Мейрам (109 кг) шықты. Қоссайыс қорытындысында Айсамал Сансызбаева 235 келіні (жұлқа көтеруде 105 кг мен серпе ...

    Read More »

    Олимпиадаға арналған киім формасының дизайнына жаңа конкурс жарияланды

    Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» Париждегі жазғы Олимпиадаға арналған Қазақстан ұлттық құрамасының киім формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге арналған конкурс қайтадан жарияланғанын хабарлады. Осыған дейінгі ақпан айында басталған ұлттық құраманың киім формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге арналған конкурста қатысушылардың ешбір эскизі комиссия мүшелерінің көңілінен шықпауына ...

    Read More »

    Әлия Юсупова: «Қазіргі бар мақсатымыз – Олимпиадаға жолдама алу» (ВИДЕО)

    Шымкент қаласында Олимпиадаға дайындық штабының өкілдері көркем гимнастикадан ұлттық құраманың жаттығу жиынына қатысты. Команда үздігі Елжаңа Таниева Болгарияның астанасы – София қаласында өтетін кезекті Әлем кубогына дайындалды. Ұлттық құраманың тағы бір гимнасшысы Айбота Ертайқызы София қаласында өткен халықаралық турнирден оралды. Өкінішке қарай, ол жерде кішігірім жарақат алған отандасымыз жарыс жолын ерте аяқтауға мәжбүр болды. Алда – лицензиялық Азия чемпионаты. Бұл ...

    Read More »

    Бокстан спаррингтік турнирдің жеребесі тартылды

    8-10 сәуір аралығында Астанада өтетін спаррингтік турнирдің жеребесі тартылды. Жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежісінде бес боксшы сынға түседі. Олар — Ертуған Зейнуллинов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Дулат Бекбауов, Серік Теміржанов пен Жандос Қыдырәлиев, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Дулат Бекбауов Серік Теміржановпен, Ертуған Зейнуллинов  Мұхаммедсабыр Базарбайұлымен қолғап түйістіреді. Жандос Қыдырәлиев жарысты екінші айналымнан бастайды. Бекбауов 67 келіде, ...

    Read More »

    Әкем алты ай бойы бокспен айналысуға үгіттеді — Карина Ибрагимова (ВИДЕО)

    Бокстан әйелдер құрамасы сапында Карина Ибрагимова әзірше биылғы Олимпиялық ойындарына жалғыз жолдаманы иеленіп отыр. Ол Париж Олимпиадасының жолдамасын былтыр Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында жеңіп алды. 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз жарыстың финалында тайбэйлік Ютин Линмен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді. Сөйтіп, Карина Ибрагимова Азиада қорытындысы бойынша күміс жүлдені алып, Олимпиада лицензиясына ие болды. Енді 23 ...

    Read More »

    Спаррингтік турнирге екі боксшы қосылды

    8-10 сәуір аралығында Астанада бокстан спаррингтік жекпе-жектер өтеді. Бүгін қыздар арасындағы тізімге тағы екі боксшы қосылды. Бокс федерациясының хабарлауынша, 54 келіде Дина Жоламан да Олимпиаданың лицензиясын алу үшін бақ сынайды. Ол — Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 2016 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионы. Сондай-ақ, 66 келі салмақта әлем және Азия чемпионатының жүлдегері Милана Сафронова өз мүмкіндігін пайдаланып көреді. 54 ...

    Read More »