Еліміздің спортшылары жазғы Олимпиялық ойындарға спорттың 70 түрінен 80 лицензияны жеңіп алып отыр. Соның ішінде 45 спортшы алғаш рет Олимпиадаға қатысады.
Әзірше Олимпиадаға соңғы рет Мажарстанның Будапешт қаласында брейкинг, спорттық құзға өрмелеу, скейтбординг пен BMX-фристайлдан өткен лицензиялық турнирдің екінші сериясында Әмір Зәкіров пен Әмір Маймұратов жолдаманы жеңіп алды.
Брейкингтен ел намысын қорғаған Әмір Зәкіров финалда Нидерланд өкілі Ли Винске есе жіберіп (2:1), күміс медаль алса да Олимпиаданың жолдамасына ие болды. Сол сияқты спорттық құзға өрмелеуден «жылдамдық» санатында өнер көрсеткен Әмір Маймұратов финалда қытайлық қарсыласынан (4.90 секунд) артта қалып, екінші орынмен қатар, Олимпиаданың лицензиясын иеленді.
Жалпы, биыл еліміз жазғы Олимпиадаға тәуелсіздік алған кезден бергі уақытта санағанда сегізінші рет қатысқалып отыр. Еуропа құрлығында үшінші рет бақ сынайды. Бұған дейін 2004 жылы Грекияның Афина қаласы мен 2012 жылы Ұлыбританияның Лондон қаласында жалауы көтерілген Ойындарға қатысқан болатын.
Биылғы Олимпиадада 10 боксшымыз шаршы алаңға шығады.
Олимпиадаға баратындардың арасындағы ең тәжірибеліс спортшы ол— 31 жастағы Владислав Яковлев (академиялық ескек есу). Бұл спортшы 2012 жылғы Лондон Олимпиадасынан бері тұрақты түрде қатысып келеді.
Париж Олимпиадасындағы ең жас спортшы — 17 жастағы Батырхан Төлеуғали (таеквондо)
Ең егде спортшы — 37 жастағы Эльмир Әлімжанов (семсерлесу)
Олимпиаданың іріктеу кезеңдері әлі аяқталған жоқ,
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА