Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен өткен Гран-при турнирінде Демеу Жадыраев Олимпиададан кейін алғаш рет кілемге шыға салысымен жеңімпаз атанды.
Бұл турнирде Қазақстан балуандары 7 медальға алды. Оның екеуі – алтын жүлде.
Атап айтқанда, 77 келіге дейінгі салмақта Демеу Жадыраев жеңімпаз болса, 67 келіге дейінгі салмақта Бағдат Сабаз да үздік атанды.
Ербол Камалиев (60 келіге дейін) пен Омар Сатаев (82 келіге дейін) күміс жүледні иеленді. Қола жүлдені Айбек Сабырбеков (60 келіге дейін), Асаухат Мухамадиев (63 келіге дейін) пен Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін) қанағат тұтты.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА