Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Норвуд қаласында өткен Cranberry Cup International 2025 Челленджер сериясында Софья Самоделкина күміс жүлдеге ие болып, қысқа және еркін жаттығуда да рекордтарын одан әрі жақсартты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Софья Самоделкина — 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының лицензия иегері.
Қорытынды нәтиже:
- Изабо Левито (2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) – 207,61 ұпай (70,69+136,92)
- Софья Самоделкина – 203,15 ұпай (65,80+137,35)
- Жиа Шин – 179,97 ұпай (62,12+117,85)
7-10 тамыз аралығында жалғасқан жарысқа 20 елден 99 спортшы қатысып жатыр.
Cranberry Cup жарысы 2021 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл Қазақстан тарихындағы бірінші жүлде ретінде тіркелді.