• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан каратэ федерациясы

    Каратэші Мөлдір Жаңбырбай мен Софья Берульцева жеңімпаз атанды

    Бүгін Ресей Федерациясының астанасы Мәскеуде WKF каратэден V Moscow Karate Universe халықаралық жарысы аяқталды, деп хабарлайды SportPress.kz.

    Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының мәліметіне қарағанда, Қазақстан командасы жарыс нәтижесінде 2 алтын, 4 қола медаль алып, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады.

    Каратэден қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай кумите бағдарламасында 50 кг дейінгі салмақта топ жарды. Ол финалда өзбекстандық татами шебері Диёра Пулатованы айқын басымдықпен жеңді. Жекпе-жек 5:1 есебімен аяқталды.

    Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін Азиада чемпионы Софья Берульцева (+68 кг) алтын жүлдені жеңіп алды. Отандасымыз финалда Махбуб Башари Атенаға (Иран) еш мүмкіндік қалдырған жоқ.

    Гүлмира Үсенова (-55 кг), Айжан Бәкірова (-61 кг), Азия чемпионы Дайяна Даренская (-68 кг) мен Никита Тарнакин (-84 кг) өз салмағында үздік үштікті түйіндеді.

    Үш күнге созылған бәсекеге 40 мемлекеттен 400-ден астам татами шебері жиналды.

    Былтыр Қазақстан спортшылары турнирде 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль иеленген еді.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *